Учёт

Тұрақты ауыстырулар

Жұмыскер жұмысының (еңбек функциясының) өзгеруі (еңбек жағдайларын өзгертпей)

Жұмыскер еңбек шартында көрсетілмеген жұмысқа ауыстырылады. Жұмыскердің тек функционалдық міндеттері ғана өзгереді. Бұл ретте, қалған еңбек жағдайлары өзгеріссіз қалады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!! Еңбек жағдайлары: еңбекақы төлеу, еңбекті нормалау, еңбек міндеттерін орындау, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару тәртібі, қызмет көрсету аймақтарын кеңейту, уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін орындау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісімі бойынша өзге де еңбек жағдайлары.

Мұндай ауысуды мүмкін ететін жалғыз шарттар (жұмыскердің келісімі болған кезде):

  • Жұмыскердің жаңа жұмысты орындау үшін біліктілігі мен білімінің болуы;
  • Жаңа жұмыс денсаулық жағдайына байланысты жұмыскерге қарсы көрсетілмеуі тиіс.

Мұндай ауыстыру кезінде еңбек шартына қосымша келісімде лауазымның атауы, жұмыс түрінің (еңбек функциясының) атауы ғана өзгереді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫХ!!!! ЕШ-на енгізілетін өзгерістер туралы ақпаратты еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен https://hr.enbek.kz/ еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу қажет

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 03 қыркүйектегі № 353 бұйрығымен Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидалары бекітілді.
ДОП.СОГЛАШЕНИЕ К ТД(изменение работы, трудовой функции)ЕҢБЕК ШАРТЫНА ҚОСЫМША КЕЛІСІМ (жұмыстың, еңбек функцияларының өзгеруі)

Жұмыскер жұмысының (еңбек функциясының) өзгеруі (еңбек жағдайларының өзгеруімен)

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!! Еңбек жағдайлары: еңбекақы төлеу, еңбекті нормалау, еңбек міндеттерін орындау, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару тәртібі, қызмет көрсету аймақтарын кеңейту, уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін орындау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісімі бойынша өзге де еңбек жағдайлары.

Мұндай ауысуды мүмкін ететін жалғыз шарттар (жұмыскердің келісімі болған кезде): Жұмыскердің жаңа жұмысты орындау үшін біліктілігі мен білімінің болуы; Жаңа жұмыс денсаулық жағдайына байланысты жұмыскерге қарсы көрсетілмеуі тиіс. Мұндай ауыстыру кезінде еңбек шартына қосымша келісімде лауазымның атауы, жұмыс түрінің (еңбек функциясының) атауы өзгереді және тараптар қабылдаған еңбек жағдайларының өзгерістері енгізіледі

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!! ЕШ-на енгізілетін өзгерістер туралы ақпаратты еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен https://hr.enbek.kz/ еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу қажет

ДОП.СОГЛАШЕНИЕ К ТД(изменение работы, трудовой функции)ЕҢБЕК ШАРТЫНА ҚОСЫМША КЕЛІСІМ (еңбек жағдайларының өзгеруі)

Жұмыс берушінің оқшауланған құрылымдық бөлімшесіне ауыстыру

Мұндай ауыстыру кезінде жұмыскер, мысалы, заңды тұлғаның филиалына, өкілдігіне ауыстырылады. Қосымша келісімге тиісті өзгерістер енгізіледі.

1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-XIII Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 43-бабына сәйкес заңды тұлғаның орналасқан жерінен тыс орналасқан және оның функцияларының барлығын немесе бір бөлігін, оның ішінде өкілдік функцияларын жүзеге асыратын оқшауланған бөлімшесі филиал болып табылады.

Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және заңды тұлғаның мүдделерiн қорғауды және өкілдік етуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның атынан мәмiлелер мен өзге де құқықтық әрекеттер жасайтын оқшауланған бөлiмшесi оның өкiлдiгі болып табылады.

Филиалдар мен өкiлдiктер заңды тұлғалар болып табылмайды. Оларға өздерiн құрған заңды тұлға мүлік бөліп береді және олар оның бекiткен ережелері негiзiнде әрекет етеді.

Заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалар өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер құруға құқылы. Заңды тұлғаның функцияларының бір бөлігін орындайтын, өзінің орналасқан жері бойынша стационарлық жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше заңды тұлғаның өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып танылады. Егер жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол стационарлық жұмыс орны болып есептеледі.
ДОП.СОГЛАШЕНИЕ К ТД(изменения условий труда)ЕҢБЕК ШАРТЫНА ҚОСЫМША КЕЛІСІМ (оқшауланған құрылымдық бөлімшеге ауыстыру)

Жұмыс берушімен басқа жерге

Ұйым географиялық орналасқан жерін өзгертеді, басқа елді мекенге көшеді, қызметкерге компаниямен бірге көшу ұсынылады.
Егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші жұмыскерді жұмыс берушінің басқа жерге көшетіні туралы бір айдан кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
Келiскен жағдайда жұмыскерге ҚР ЕК-нiң 128-бабының талаптарына сәйкес өтемақы төлемдерi жүргiзiледi. Болған өзгерістер еңбек шартына қосымша келісімде көрсетіледі.
Жұмыскер жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауысудан жазбаша бас тартқан жағдайда не жұмыскердің жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауысудан жазбаша бас тартуды ұсынудан бас тартуын куәландыратын актісі болған кезде жұмыскермен еңбек шарты ҚР ЕК 49-бабының 7) тармақшасында және 58-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.

Жұмыскер жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауысқан кезде жұмыс беруші жұмыскерге:

  • жұмыскердің және оның отбасы мүшелерінің көшуі;
  • жұмыскердің және оның отбасы мүшелерінің мүлкін тасу жөніндегі шығыстарын өтеуге міндетті.

Осы өтемақы төлемдерінің тәртібі мен мөлшері еңбек, ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!! ЕШ-на енгізілетін өзгерістер туралы ақпаратты еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен https://hr.enbek.kz/ еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу қажет

ДОП.СОГЛАШЕНИЕ К ТД(изменения условий труда)ЕҢБЕК ШАРТЫНА ҚОСЫМША КЕЛІСІМ (көшуге байланысты)