Учёт

Үстеме жұмыс

Үстеме жұмыс ұғымы

Үстеме жұмыс - жұмыскер жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан (есептік кезеңдегі жұмыс сағаттарының қалыпты санынан артық) тыс орындайтын жұмыс.

Жұмыскерлерді үстеме жұмыстарға тарту біздің компанияларда кеңінен таралған тәжірибе. Сондықтан, бізге жұмыскерге қатысты мұндай әрекетті қалай дұрыс рәсімдеу керектігін білу өте маңызды.

Жұмыскерді оның жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін қалдыруға (үстеме жұмысқа тартуға) оның тек жазбаша келісімімен рұқсат етіледі (бұдан әрі аталған ерекше жағдайлардан басқа).

Жұмыскердің жазбаша келісімін алғаннан кейін ғана (еркін нысанда жазылады) жұмыс беруші үстеме жұмыстарға тартуға бұйрық шығара алады.

ТРУДОВОЙ ДОГОВОР С ДИСТАНЦИННЫМ РАБОТНИКОМЖазбаша келісімі бар қызметтік жазбаның үлгісі

ТРУДОВОЙ ДОГОВОР С ДИСТАНЦИННЫМ РАБОТНИКОМҮстеме жұмысқа тарту бұйрығы (келісімімен)

ТРУДОВОЙ ДОГОВОР С ДИСТАНЦИННЫМ РАБОТНИКОМЖұмыскердің үстеме жұмысқа тартуға келісім беру үлгісі

Жұмыскерлердің қандай санаттарын үстеме жұмыстарға тартуға тыйым салынады:

  1. жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтама ұсынған жүкті әйелдер;
  2. он сегіз жасқа толмаған адамдар;
  3. мүгедектігі бар адамдар.

Жалпы кеңес: Жұмыс уақытын есепке алу табелінде үстеме жұмысты көрсету керек, ал ескертпеде осы үстеме сағаттарға жоғары мөлшерде ақы төленетінін не болмаса бір рет төленетінін және демалыс сағаттары берілетінін көрсету керек.

Тараптардың келісімі бойынша үстеме жұмысы үшін үстеме жұмысының бір сағаты үшін кемінде бір сағат демалыс есебінен демалыс сағаттарын беруге жол беріледі.

Үстеме сағаттардың шекті саны:

  • Үстеме жұмыстар әрбiр жұмыскер үшiн тәулiк iшiнде екi сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауiптi жұмыстарда – бiр сағаттан аспауға тиiс.
  •  Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы төрт күндік, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасы кезінде айына он екі сағаттан және жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленген кезде – жылына жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс.

Үетеме жұмыстардың шекті санын шектеу ҚР ЕК 77-бабы 2-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайлардағы жұмыстарға қолданылмайды

Жұмыскердің келісімінсіз үстеме жұмысқа тартудың ерекше жағдайлары:

  • елдің қорғанысы, төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу, төтенше жағдайды жариялау үшін қажетті жұмыстарды жүргізу кезінде, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының шешімі бойынша өзге де шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезінде;
  • денсаулықтан айырылу немесе өлім қаупі төнген азаматтарға шұғыл және кезек күттірмейтін жәрдем көрсету үшін.

Еңбек шарты есептік кезең аяқталғанға дейін тоқтатылған кезде жұмыскердің есептік кезең басталғаннан бастап еңбек шарты тоқтатылған күнге дейін жұмыс істеген уақыты үшін нақ сол шарттармен үстеме сағаттарға ақы төленуіне құқығы бар.

Жұмыскердің келісімінсіз үстеме жұмыс

Жұмыскердің келісімінсіз үстеме жұмысқа тартудың ерекше жағдайлары

Жұмыскердің келісімінсіз мынадай жағдайларда (ҚР ЕК 77-бабының 2-тармағы):

  1. елдің қорғанысы, төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу, төтенше жағдайды жариялау үшін қажетті жұмыстарды жүргізу кезінде, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының шешімі бойынша өзге де шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезінде;
  2. сумен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, жылумен жабдықтаудың, энергиямен жабдықтаудың және тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуін бұзатын өзге де мән-жайларды жою үшін;
  3. егер жұмыста үзіліс жасауға болмаса, ауыстыратын жұмыскер келмей қалғанда, басқа жұмыскермен ауыстыру шараларын дереу қолдана отырып, жұмысты жалғастыру үшін;
  4. денсаулықтан айырылу немесе өлім қаупі төнген азаматтарға шұғыл және кезек күттірмейтін жәрдем көрсету үшін үстеме жұмыстарға жол беріледі.

ТРУДОВОЙ ДОГОВОР С ДИСТАНЦИННЫМ РАБОТНИКОМҮстеме жұмысқа тарту бұйрығы (келісімсіз)



Үстеме жұмысқа ақы төлеу

Еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) тарифтік мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төленеді.

Еңбекке кесімді ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа қосымша ақы төлеу жұмыскердің белгіленген күндік (сағаттық) мөлшерлемесінің елу пайызынан төмен болмайтын мөлшерде жүргізіледі.

Алайда, тараптар үстеме жұмысқа үстеме ақының орнына жұмыскерге әдеттегі тариф бойынша ақы төленеді (бір мөлшерде) және үстеме сағаттармен бірдей мөлшерде демалыс сағаттары беріледі деп келісуі мүмкін. Жұмыскер демалыс сағаттарын беруге өтініш жасайды, жұмыс беруші өтінішке жауап ретінде тиісті бұйрық шығарады.

Кадр бөлімінің қызметкері кейіннен жұмыскерге берілетін үстеме сағаттардың есебін жүргізуі қажет.

ТРУДОВОЙ ДОГОВОР С ДИСТАНЦИННЫМ РАБОТНИКОМЖұмыскердің демалыс сағаттарын беруге өтініші

ТРУДОВОЙ ДОГОВОР С ДИСТАНЦИННЫМ РАБОТНИКОМДемалыс сағаттарын беруге бұйрық