Учёт

Іссапар

Іссапарға жіберу кезіндегі шектеулер.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!! Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерді, жүкті әйелдерді, сондай-ақ мүгедектігі бар жұмыскерлерді, егер оларға медициналық айғақтары бойынша мұндай жұмысқа тыйым салынбаса, іссапарға жіберуге жол беріледі. Бұл ретте аталған жұмыскерлер iссапарға барудан бас тартуға құқылы.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!! Егер медициналық қорытынды негізінде мүгедектігі бар балалар не отбасының науқас мүшелері тұрақты күтімді жүзеге асыруды қажет етсе, үш жасқа дейінгі балалары бар жұмыскерлер, отбасының науқас мүшелеріне күтім жасауды жүзеге асыратын не мүгедектігі бар балаларды тәрбиелейтін жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы.

Іссапарға жіберілген жұмыскермен қаржылық өзара қарым-қатынастар

Іссапарларға жіберілетін жұмыскерлерге:

  •  іссапарда болған күнтізбелік күндері үшін, оның ішінде жолда жүрген уақыты үшін тәуліктік;
  •  баратын жеріне және кері жол жүру шығыстары;
  •  тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстар төленеді.

Іссапар уақытында жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) және іссапар күндеріне келетін жұмыс күндері үшін жалақысы сақталады.

Іссапардан оралған жұмыскер іссапар туралы, оның ішінде жұмсалған қаражат туралы есеп тапсырады. Аванстық есепті тапсыру міндеті «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңында көзделген. Мұндай есептердi тапсыру мерзiмi компанияның iшкi ережелерiмен белгiленедi.

Егер қызметкер берілген сомалар бойынша уақытында есеп бермесе не істеу керек?

Мұндай жағдайда жұмыс берушiнiң ұйым алдындағы берешегiн өтеу үшiн жұмыскердiң жалақысынан ұстап қалуға құқығы бар. Бұл ұстап қалу жұмыскерді жазбаша хабардар ете отырып, жұмыс берушінің актісі негізінде жүргізілуі мүмкін.

Бюджет қаражаты есебінен шетелдік іссапарлардың ерекшеліктері.

Қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

Қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге арналған шығыстарды бюджет қаражаты есебінен өтеу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары бекітілді

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!! Жұмыскерді іссапарға жіберудің бастамашысы, әдетте, іссапарға жіберілген жұмыскердің тікелей басшысы болып табылады, ол Қызметтік жазбамен ресімделеді (мүмкін болатын құжат). Ресімделуі тиіс міндетті кадр құжаты - бұйрық.


Служебная записка(О командировании)Қызметтік жазба (Іссапарға жіберу туралы)

Служебная записка(О командировании)Іссапарға жіберу туралы бұйрық (өкім)

Служебная записка(О командировании)Хабарлама (жалақыдан ұстап қалу туралы)

Служебная записка(О командировании)Бұйрық (Жалақыдан ұстап қалу туралы)