Қолданыстағы заңнама еңбек шарты жасалуы мүмкін белгілі бір шарттардың сақталуын талап етеді. Мысалы, болашақ жұмыскердің денсаулық жағдайы немесе біліктілігі ұсынылатын жұмысқа сәйкес болуы тиіс. Жұмысқа қабылдау үшін кейде арнайы рұқсаттар, соттылықтың жоқтығын растау және тағы да көптеген жағдайлар талап етіледі. Мұндай шектеулер болған кезде сәйкестігі еңбек шартын жасасу кезінде жұмыскер ұсынатын арнайы құжаттармен тексеріледі. Алайда, кадр қызметі қандай да бір себептермен заң талаптарын орындамауы мүмкін немесе жұмыскер өзі туралы жалған мәліметтер береді. Мұндай жағдайларда еңбек шарты бұзылуға жатады
Мысал:
Жобалау ұйымы жұмыскерді жобаның бас инженері лауазымына қабылдайды. Кәсіби білімі мен біліктілігінің болуы дипломмен расталады. 3 ай жұмыс істеген соң жұмыскер ұсынған білімі туралы мәліметтерді тексеру барысында Жоғары оқу орнын бітіргені туралы инженер дипломының қолдан жасалғаны анықталады. Дипломның болуы жұмыскерді жұмысқа қабылдаудың негізгі критерийлерінің бірі болды, бірақ жұмыскер өтірік айтты. Сондықтан, осы фактіні анықтаған кезде бірден еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек шарты тоқтатылуға жатады.
Егер еңбек шартын жасасу талаптарын бұзу еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбаса:
- медициналық қорытынды негізінде жұмыскердің денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімі бар жұмысты орындауға еңбек шарты жасалған;
- жұмысты орындауға арналған еңбек шарты адамды белгілі бір лауазымдарда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырған заңды күшіне енген сот үкімін немесе қаулысын бұза отырып жасалған;
- өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы не шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты белгіленген тәртіппен алмай немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе ерекшеліктерді сақтамай, шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек шарты жасалған;
- мемлекеттік органның шетелдік жұмыскерімен еңбек шарты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптар бұзыла отырып жасалған;
- еңбек шарты Еңбек кодексінің 26-бабының 2-тармағында көрсетілген адамдармен жасалған жағдайларда;
- Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген басқа да жағдайларда, еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек шарты тоқтатылуға жатады.



