НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Көрсетілген негіздер бойынша, жұмыскердің уақытша еңбекке жарамсыздығы (оның ішінде жүктілігі және босануы бойынша) және демалысы кезеңінде еңбек шартын тоқтатуға жол берілмейді.
- Жұмыскердің жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауысудан бас тартуы.
Жұмыс беруші жұмыскерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауысатыны туралы хабардар етеді. Егер жұмыскер осы ауысудан жазбаша бас тартса (не жұмыскердің ауысудан жазбаша бас тартуды ұсынудан бас тартқаны туралы комиссияның актісі болса), онда еңбек қатынастары тоқтатылады.
Жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру туралы хабарлама
ЕШ тоқтату туралы бұйрық (жұмыскердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы)
- Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмыскердің жұмысты жалғастырудан бас тартуы («Еңбек жағдайларының өзгеруі» бөлімін қараңыз)
- Жұмыскердiң еңбек мiндеттерiн атқаруына байланысты өндiрiстiк жарақат алған, кәсiби ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өндiрiспен байланысты емес өзге де зақым келген кезде денсаулық жағдайы бойынша басқа жұмысқа уақытша ауысудан бас тартуы.
Егер жұмыскер денсаулық жағдайы бойынша басқа жұмысқа ауысудан жазбаша бас тартса (немесе жұмыскердің денсаулық жағдайы бойынша басқа жұмысқа уақытша ауысу туралы жазбаша бас тартуды ұсынудан бас тартуы туралы комиссияның актісі болса), онда еңбек қатынастары тоқтатылады.
ЕШ тоқтату туралы бұйрық (денсаулық жағдайы бойынша басқа жұмысқа ауыстырудан бас тарту)



