Учёт

6. Еңбек шартын тараптардың еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша тоқтату

Еңбек шартын тоқтатуға әкеп соғатын тараптардың еркіне байланысты емес мән-жайлар:

  • Жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты қайтарып алуы не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың қолданылу мерзімінің аяқталуы.

Приказ о расторжении ТД о привлечение иностранной рабочей силыШетелдік жұмыс күшін тарту туралы ЕШ тоқтату туралы бұйрық


  • Жұмыскер не жұмыс беруші – жеке тұлға еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болдырмайтын жазаға сотталған сот үкімінің заңды күшіне енуі.

Сот үкімінің немесе шешімінің заңды күшіне енген күні еңбек шартының тоқтатылған күні болып табылады.

Приказ о расторжении ТД о привлечение иностранной рабочей силыЕШ тоқтату туралы бұйрық (сот үкімімен немесе шешімімен)


  • Жұмыскер не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қайтыс болуы, сондай-ақ соттың жұмыскер не жұмыс беруші – жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялауы немесе хабар-ошарсыз кетті деп тануы.

Сот үкімінің немесе шешімінің заңды күшіне енген күні, жұмыскер немесе жұмыс беруші – жеке тұлғаның қайтыс болған күні еңбек шартын бұзу күні болып табылады.

ҚР ЕК 61-бабының 1-тармағына сәйкес еңбек шартын тоқтату мынадай жағдайларда жұмыс берушінің актісімен ресімделмейді:

  • жұмыс беруші – жеке тұлға қайтыс болған (сот қайтыс болды деп жариялаған немесе хабар-ошарсыз кетті деп таныған);
  • үй жұмыскерлерімен еңбек шарты тоқтатылған жағдайларда.

Приказ о расторжении ТД о привлечение иностранной рабочей силыЕШ тоқтату туралы бұйрық (жұмыскердің қайтыс болуы)

  • Нәтижесінде жұмыскердің еңбек қатынастарын жалғастыруға мүмкіндігі болмайтын соттың жұмыскерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп тануы;

Сот үкімінің немесе шешімінің заңды күшіне енген күні еңбек шартын бұзу күні болып табылады.

Приказ о расторжении ТД о привлечение иностранной рабочей силыӘрекетке қабілетсіз адаммен ЕШ-ын тоқтату туралы бұйрық

  • Бұрын осы жұмысты орындаған жұмыскерді жұмысына қайта алу;

Приказ о расторжении ТД о привлечение иностранной рабочей силыЖұмыстан босатылған жұмыскерді жұмысына қайта алу туралы бұйрық

Приказ о расторжении ТД о привлечение иностранной рабочей силыОсы жұмысты бұрын орындаған жұмыскер жұмысына қайта алынған жағдайда еңбек шартын тоқтату туралы бұйрық


  • Жұмыскердің тиісті құжатты ұсынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей келісімшарт бойынша әскери қызметке, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кіруі.

Приказ о расторжении ТД о привлечение иностранной рабочей силыЕШ тоқтату туралы бұйрық (жұмыскердің әскери қызметке кіруі)