(Жұмыскер жұмыс берушінің мінез-құлқына қарамай, өз бетінше бұзуға бастамашы болды)
Жұмыскер жұмыс берушіні кемінде бір ай бұрын хабардар ете отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша бұзуға құқылы. Еңбек шартында еңбек шартын бұзу туралы жұмыскердің жұмыс берушіге хабардар етуінің неғұрлым ұзақ мерзімін белгілеуге жол беріледі.
Хабарлама мерзімі ішінде жұмыскер хабарламаны кері қайтарып алуы мүмкін.
Хабарлама – жұмыскердің немесе жұмыс берушінің жазбаша нысандағы (қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанындағы) қолма-қол не курьерлік пошта байланысы, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы немесе жұмыскердің немесе жұмыс берушінің авторизациялануы, сәйкестендірілуі қамтамасыз етіле отырып, электрондық түрде берілген өтініші (ҚР ЕК 1-бабы 1-тармағының 81) тармақшасы).
Жұмыскерден осындай хабарлама алған кезде жұмыс беруші еңбек шартын бұзу туралы бұйрық шығарады.
Материалдық жауапты адамдардың кінәсінен жұмыс берушінің мүлкін (құжаттамасын) қабылдау-тапсыру аяқталмаған жағдайларды қоспағанда, ҚР КК 56-бабының 1-тармағында көрсетілген хабарлама мерзімі өткеннен кейін жұмыскер жұмысты тоқтатуға құқылы. Жұмыс берушінің мүлкін (құжаттамасын) қабылдау-тапсыру аяқталған күн материалдық жауапты жұмыскерлермен еңбек шартын бұзу күні болып табылады.



