Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу үшін негіздер
Жұмыс беруші - заңды тұлғаны тарату не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтату
Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта хабарлаудың неғұрлым ұзақ мерзiмi көзделмесе, жұмыс берушi жұмыскердi еңбек шартын бұзу туралы кемiнде бiр ай бұрын хабардар етуге мiндеттi. Жұмыскердің жазбаша келісімімен еңбек шартын бұзу хабарлама мерзімі өткенге дейін жүргізілуі мүмкін.
хабарлама – жұмыскердің немесе жұмыс берушінің жазбаша нысандағы (қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанындағы) қолма-қол не курьерлік пошта байланысы, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы немесе жұмыскердің немесе жұмыс берушінің авторизациялануы, сәйкестендірілуі қамтамасыз етіле отырып, электрондық түрде берілген өтініші.
Таратуға байланысты ЕШ бұзу туралы бұйрық
Жұмыскерлер санын немесе штатын қысқарту
Еңбек шарты бұзылған кезде, егер еңбек шартында, ұжымдық шартта хабарлаудың неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші жұмыскерді еңбек шартының бұзылғаны туралы кемінде бір ай бұрын хабардар етуге міндетті. Жұмыскердің жазбаша келісімімен еңбек шартын бұзу хабарлама мерзімі өткенге дейін жүргізілуі мүмкін.
ШЕКТЕУЛЕР!
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына екі жылдан аз қалған жұмыскерлермен еңбек шартын жұмыс беруші өкілдері мен жұмыскерлер өкілдерінің тең санынан құрылған комиссиясының оң шешімінсіз бұзуға жол берілмейді.
Жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы) тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзуға жол берілмейді (ҚР ЕК 54-бабының 2-тармағы).
Жұмыс беруші жұмысынан айырылуына байланысты бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде өтемақы төлемдерін жүргізеді.
Жұмыскерлер штатын қысқарту туралы хабарлама
Штаттың қысқаруына байланысты ЕШ бұзу туралы бұйрық
Жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соқтырған өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуі
Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта хабарлаудың неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, еңбек шарты бұзылған кезде жұмыс беруші жұмыскерлерді еңбек шартының бұзылғаны туралы он бес жұмыс күні бұрын жазбаша хабардар етуге міндетті. Тараптардың келісімі бойынша хабарлау мерзімі жұмыс істелмеген мерзімге барабар жалақы төлеумен ауыстырылуы мүмкін. Хабарламада жұмыс беруші еңбек шартын бұзуға негіз болған себептерді көрсетуге міндетті.
Бұл негізді мынадай шарттар бір мезгілде болған кезде қолдануға болады:
- құрылымдық бөлімшені (цехты, учаскені) жабу;
- жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру мүмкіндігінің болмауы;
- еңбек шартын бұзуға негіз болған себептерді көрсете отырып, жұмыскерлер өкілдерінің кемінде бір ай бұрын жазбаша хабарламасы (жұмыс берушіде экономикалық өзгерістер мен еңбек шартын бұзу қажеттігі арасында тікелей байланыстың болуы).
«Еңбек дауларын шешу кезінде соттардың заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 06 қазандағы № 9 Нормативтік қаулысының 13-тармағына сәйкес жұмыс беруші өзінің қаржылық дәрменсіздігін дәлелдеп, өндіріс көлемінің төмендегенін растайтын қаржылық құжаттарды ұсыну арқылы экономикалық жағдайдың нашарлауына дәлел келтіруі тиіс. Мұндай дәлелдемелер аудиторлардың қорытындылары, азаматтық-құқықтық шарттарға сәйкес жұмыс көлемінің мерзімінен бұрын аяқталуы болуы мүмкін, бұл жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соқтырған өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуін растайды. Еңбек шартын бұзу бастамасы жұмыс берушіден шыққанын ескере отырып, мұндай дәлелдемелерді ұсыну міндеті оған жүктеледі.
ШЕКТЕУЛЕР!
Жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы) тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзуға жол берілмейді (ҚР ЕК 54-бабының 2-тармағы).
Жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндірістің, орындалатын жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің көлемі төмендеген жағдайда жұмыс беруші еңбек шарты бұзылған кезде жұмысынан айрылуына байланысты өтемақы төлемдерін жұмыс берушінің бастамасы бойынша екі айдағы орташа жалақы мөлшерінде жүргізеді.
Өндіріс көлемінің төмендеуіне байланысты ЕШ бұзу туралы бұйрық.
Жұмыскердің аттестаттау нәтижелерімен расталған біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі.
Еңбек шартын бұзу, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, құрамына жұмыскерлердің өкілі қатысуы тиіс аттестаттау комиссиясының шешіміне негізделуге тиіс.
ШЕКТЕУ!
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына екі жылдан аз қалған жұмыскерлермен еңбек шартын жұмыс беруші өкілдері мен жұмыскерлер өкілдерінің тең санынан құрылған комиссиясының оң шешімінсіз бұзуға жол берілмейді.
Жұмыскердің біліктілігінің жеткіліксіздігіне байланысты ЕШ бұзу туралы бұйрық
Жұмыскердің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кәсіптік қызметке қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі
«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы № 85 Заңының 10-бабының 6-тармағына сәйкес жеке күзет ұйымының күзетшiсi лауазымын:
1) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бар, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған;
2) қылмыс жасағаны үшiн сотталғандығы бар;
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
3-1) күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған, сондай-ақ күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
4) бұрын күзетші болып жұмысқа қабылданғанға дейiн бiр жыл iшiнде немесе осы лауазымда болған кезеңде Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 149, 434, 436, 438, 439, 440, 443, 450, 453, 462, 463, 464, 469, 470, 476, 477, 478, 479, 481, 482, 483, 484, 485, 486, 487, 488, 489, 490, 494, 495, 496, 504, 506, 653, 654, 658, 659, 665, 667, 669, 670, 673, 675-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған;
5) мемлекеттiк, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан үш жылдан аз уақыт бұрын теріс себептермен босатылған;
6) бұрын осыған ұқсас лауазымды атқарып, үш жылдан аз уақыт бұрын Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 10), 11), 12), 15), 16) және 17) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шарты бұзылған адам атқара алмайды.
Өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымның еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша білімін тексеруден қайтадан өтпеуі.
Еңбек шартын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылатын емтихан комиссиясының шешіміне негізделуге тиіс.
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V 3PK Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабы 7-тармағына сәйкес қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдаланатын ұйымдардың, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардың, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардың мамандарының, жұмыскерлерінің білімін тексеруді жүргізу үшін қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйым немесе оқу ұйымы басшысының бұйрығымен (өкімімен) тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары құрылады, оларды қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымның оқу орталығының немесе оқу ұйымының басшысы немесе басшының орынбасары басқарады.
ЕҚжҚ мәселелері бойынша білімін тексеруден қайтадан өтпеуіне байланысты ЕШ бұзу туралы бұйрық
«Бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәліктен айыру
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 133-VІ ҚРЗ Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес Бағалаушылар палатасы "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктен айыруды:
1) бағалаушы Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бірнеше рет бұзған не мемлекеттің, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтіруге әкеп соқтыра отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған;
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген себеп жойылмаған;
3) "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәлікті беруге негіз болған құжаттарда бағалаушының анық емес ақпаратты немесе қасақана бұрмаланған мәліметтерді беру фактісі анықталған;
4) бағалау туралы анық емес есеп екі реттен көп жасалған жағдайларда жүзеге асырады.
"Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктен айырылған адамдар "бағалаушы" біліктілігін растауға "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктен айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жыл өткен соң жіберіледі.
"Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктен айыру туралы шешім қайта қабылданған кезде аталған адамдар "бағалаушы" біліктілігін растауға жіберілмейді.
"Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктен айыру туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
«Бағалаушы» куәлігінен айыруға байланысты ЕШ бұзу туралы бұйрық.
Жұмыскердің осы жұмысты жалғастыруға кедергі келтіретін және оның жалғасу мүмкіндігін болдырмайтын денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі
Еңбек шартын бұзу үшін жұмыскердің осы жұмысты жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен медициналық қорытындымен расталуы тиіс («Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 07 жылғы 2022 сәуірдегі № ҚР ДСМ-34 бұйрығы).
Сынақ мерзімі кезеңіндегі жұмыстың теріс нәтижесі.
Жұмыскердің сынақ мерзімі кезеңіндегі жұмысы теріс нәтиже берген кезде, жұмыс беруші оған еңбек шартын бұзуға негіз болған себептер көрсетілген хабарлама беріп, онымен еңбек шартын бұзуға құқылы.
Егер сынақ мерзімі аяқталса және жұмыс беруші еңбек шартының бұзылуы туралы хабардар етпесе, онда жұмыскер сынақ мерзімінен өткен болып есептеледі.
ЕШ бұзу туралы бұйрық. Сынақтың теріс нәтижесі.
ҚР ЕК көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзу
- Жұмыскер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған;
- Жұмыскер жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайын туғызатын заттарды пайдаланған;
- Алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық жағдайын туғызатын заттарды пайдалану фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан;
- Өндірістік жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығы үшін ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын жұмыскер бұзған;
- Заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған, жұмыскер жұмыс орнында бөтен мүлікті ұрлаған (оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жойған немесе бүлдірген;
- Тәрбиелеу функцияларын атқаратын жұмыскер осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, моральға қайшы қылықтар жасаған;
- Жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен;
- Тәртіптік жазасы бар жұмыскер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамаған;
- Егер төлнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан немесе басқа жұмысқа ауысудан бас тартуға негіз болатын болса, еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа ауыстыру кезінде жұмыскер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынған;
- Жұмыс берушіге материалдық нұқсан келтіруге әкеп соққан, жұмыс берушінің атқарушы органының басшысы, оның орынбасары не жұмыс берушінің актісінде айқындалған жұмыс беруші филиалының, өкілдігінің және (немесе) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесінің басшысы еңбек міндеттерін бұзған.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Көрсетілген негіздер бойынша ЕШ бұзу тәртіптік жазалау шарасы болып табылады. «Тәртіптік теріс қылықтар» бөлімін қараңыз.
Ақша немесе тауар құндылықтарына қызмет көрсететiн жұмыскердiң кiнәлi әрекеттерiн немесе әрекетсiздiгiн жасау
Негіздің толық атауы мынадай: ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететін, сондай-ақ өзінің қызмет бабын өзі немесе басқа адамдар үшін материалдық немесе өзге де пайда алу үшін жұмыс берушінің мүдделеріне қарамастан өз мүддесінде немесе үшінші тұлға мүддесінде пайдаланатын жұмыскер кінәлі әрекеттер жасаған немесе әрекетсіздігі, егер бұл әрекеттер немесе әрекетсіздік жұмыс берушінің тарапынан оған деген сенімнің жоғалуына негіз болса.
- Осы негіз бойынша еңбек шартын бұзу жұмыскердің кінәлі іс-әрекеттер немесе әрекетсіздік жасағанын растайтын негіздемелер көрсетіле отырып, ішкі тергеу актісімен расталуға тиіс. Ішкі тергеу тәртібі жұмыс берушінің актісімен белгіленеді («Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы ішкі тергеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 776 бұйрығы).
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда жұмыскерді мемлекеттік құпияларға жіберуді тоқтату
- «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-1 Заңының 31-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпияларға рұқсат ету ұйым басшысының шешімі бойынша:
- оның өзіне алған мемлекеттік құпияларды қорғауға байланысты мемлекеттік құпияларға рұқсат ету туралы шартта көзделген міндеттемелерді бұзуы;
- осы Заңның 30-бабына сәйкес лауазымды адамға немесе азаматқа мемлекеттік құпияларға рұқсат етуден бас тарту үшін негіз болып табылатын мән-жайлардың пайда болуы жағдайларында тоқтатылады.
- Лауазымды адамға немесе азаматқа мемлекеттік құпияларға рұқсат етуді тоқтату әкімшіліктің бастамасы бойынша онымен еңбек шартын бұзу үшін қосымша негіздеме болып табылады.
- Мемлекеттік құпияларға рұқсат етудің тоқтатылуы лауазымды адамды немесе азаматты мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жарияламау жөніндегі олар алған міндеттемелерден босатпайды.
- Ұйым басшысының лауазымды адамға немесе азаматқа мемлекеттік құпияларға рұқсат етуді тоқтату және осының негізінде онымен еңбек шартын бұзу туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Мемлекеттік құпияларға рұқсат етуді тоқтату туралы шешім
Жұмыскердің мемлекеттік құпияларға рұқсатын тоқтатуға байланысты ЕШ бұзу туралы бұйрық.
Жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан қатарынан екі айдан артық жұмысқа келмеуі
Толық негіздеме: жұмыскердің жүктілігіне және босануға байланысты демалыста болған, сондай-ақ егер ауру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін еңбекке қабілетсіздіктің неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне енгізілген жағдайларды қоспағанда, жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан қатарынан екі айдан астам уақыт жұмысқа шықпауы («Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығы).
Өндірістік жарақаттануына немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты еңбекке қабілеттілігінен айырылған жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенге немесе мүгедектік белгіленгенге дейін сақталады.
Жұмыскер еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ұсынғаннан кейін еңбек шартын бұзуға жол беріледі.
Жұмыскердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы
Негіздеменің толық атауы: Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскердің заңды күшіне енген сот актісіне сәйкес одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігін жоятын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы.
Жұмыскердің ереуілге қатысуын жалғастыруы
Негіздеменің толық атауы: Соттың ереуілді заңсыз деп тану туралы не ереуілді тоқтата тұру туралы шешімі жұмыскердің назарына жеткізілгеннен кейін ол ереуілге қатысуды жалғастыруы.
Ереуілге қатысуына байланысты ЕШ бұзу туралы бұйрық
Атқарушы орган басшысының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату
Негіздеменің толық атауы: заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының, алқалы атқарушы органы мүшелерінің өкілеттіктерін немесе заңды тұлға атқарушы органының жекелеген мүшесінің, сондай-ақ "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің және корпоративтік хатшының өкілеттіктерін заңды тұлға құрылтайшысының, мүлкі меншік иесінің не құрылтайшы, меншік иесі уәкілеттік берген тұлғаның (органның) немесе заңды тұлға уәкілетті органының шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтату.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың, акционерлердің) құрамы өзгерген жағдайда, заңды тұлға атқарушы органының басшысымен, алқалы атқарушы органының мүшелерімен жаңа еңбек шарты жасалады не заңды тұлға құрылтайшыларының, мүлкі меншік иесінің не құрылтайшылар, меншік иесі уәкілеттік берген тұлғаның (органның) немесе заңды тұлға уәкілетті органының шешімі негізінде олармен еңбек қатынастары тоқтатылады.
Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы актісіне құрылтайшылардың, заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің не құрылтайшылар, меншік иесі уәкілеттік берген адамның (органның) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімімен не олар бекітетін құжаттармен уәкілеттік берілген адам қол қояды.
Жұмыскердің зейнеткерлік жасқа жетуі
Негіздеменің толық атауы: тараптардың өзара келісуі бойынша еңбек шартының мерзімін жыл сайын ұзарту құқығы бар жұмыскердің Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толуы.
Еңбек шартын бұзуға жұмыскер Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанда жұмыскер зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін еңбек шартын бұзу күніне дейін кемінде бір ай бұрын оны хабардар ете отырып және еңбек, ұжымдық шарттарда және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалатын мөлшерде өтемақы төлене отырып жол беріледі.
Назар аударыңыз!!! Зейнеткерді жұмыстан шығару кезіндегі өтемақы мөлшері заңмен белгіленбеген және тек компания ішінде ғана шешіледі.
Зейнеткерлік жасқа толғанда еңбек шартын бұзу туралы хабарлама.
ЕШ бұзу туралы бұйрық. Жұмыскердің зейнеткерлік жасына толуы
Жұмыскердің жұмыс берушіге белгісіз себептермен бір айдан артық жұмыста болмауы
Еңбек шартын бұзуға жұмыс беруші жұмыскерге болмағаны туралы актіні табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жұмыскер болмау себептері туралы ақпаратты ұсынбаған кезде жол беріледі.
ЕШ бұзу туралы бұйрық. Жұмыскердің белгісіз себептермен 1 айдан артық жұмыста болмауы
Жұмыскермен еңбек шарты (ҚР ЕК 52-бабының 1-1-тармағы):
1) Қазақстан Республикасы азаматының – квазимемлекеттік сектор субъектісі басшысының, оның орынбасарының, алқалы басқару органы мүшесінің шет мемлекеттің азаматтығы болған;
2) квазимемлекеттік сектор субъектісінің жұмыскері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайларда жұмыс берушінің бастамасымен бұзуға жатады.
Қазақстан Республикасының 2014жылғы 03 шілдедегі № 226-V ҚРЗ Қылмыстық кодексінің 29-бабының 3) тармақшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстар – осы Кодекстің 189 (үшінші бөлігінің 2) тармағында, үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген белгілер болған жағдайда төртінші бөлігінде), 190 (үшінші бөлігінің 2) тармағында, үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген белгілер болған жағдайда төртінші бөлігінде), 218 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 218-1 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 234 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 249 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 361, 362 (төртінші бөлігінің 3) тармағында), 364, 365, 366, 367, 368, 369, 370, 450, 451 (екінші бөлігінің 2) тармағында) және 452-баптарында көзделген іс-әрекеттер.
Қазақстан Республикасының азаматы - квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысында, оның орынбасарында, алқалы басқару органының мүшесінде шет мемлекет азаматтығының болуы үшін еңбек шартын бұзу Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының немесе Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет органдарының ұсынуы негізінде жүргізіледі.
Квазимемлекеттік сектор жұмыскерінің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін еңбек шартын бұзу:
1) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық істі тоқтату туралы соттың заңды күшіне енген қаулысы немесе қылмыстық қудалау органының прокурор бекіткен қаулысы негізінде жүргізіледі.
03.01.2023 № 188-VII ҚР Заңына сәйкес ҚР ЕК 52-бабының 1-1-тармағын 3) тармақшамен толықтыру көзделген - (01.01.2027 ж. бастап қолданысқа енгізіледі):
3) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес теріс себептер бойынша атқарып жүрген лауазымынан шығаруға немесе босатуға, сол сияқты өкілеттіктерін тоқтатуға алып келетін, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптары қолданылатын адамның шығыстары өз кірістеріне сәйкес келмеген жағдайларда жұмыс берушінің бастамасымен бұзылуға жатады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты осы жұмыс негізгі болып табылатын жұмыскермен еңбек шарты жасалған жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.
ҚР ЕК 52-бабы 1-тармағының 1), 18) 20) және 23) тармақшаларында, 1-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі және демалыста жүрген кезеңінде жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға жол берілмейді.
Жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы) тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен ҚР ЕК 52-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзуға жол берілмейді.



