Белгiлi бiр мерзiмге жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң өтуіне байланысты тоқтатылады.
Еңбек шарты:
- кемінде бір жыл белгілі бір мерзімге;
- белгілі бір жұмысты орындау уақытына;
- уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына; маусымдық жұмысты орындау уақытына;
- халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органдар беретін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың, еңбекші көшіп келушіге рұқсаттың және өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін мерзімдері шегінде жасалуы мүмкін.
«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығының 25-тармағына сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар:
1) бірінші санат үшін – рұқсат беру мерзімін бір, екі немесе үш жылға ұзарту құқығымен жұмыс берушінің бір, екі немесе үш жылға арналған өтініші негізінде;
2) екінші және үшінші санаттар үшін – он екі айға, он екі айға ұзартыла отырып, бірақ үш реттен аспайтын мерзімге;
3) төртінші санат үшін – ұзарту құқығынсыз он екі айға;
4) маусымдық шетелдік қызметкерлер үшін – ұзарту құқығынсыз күнтізбелік тоқсан, жүз сексен, екі жүз жетпіс, үш жүз алпыс бес күнге дейін беріледі.
Кемінде бір жыл белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталған кезде тараптар оны белгіленбеген немесе кемінде бір жыл белгілі бір мерзімге ұзартуға құқылы.
Еңбек шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда, егер тараптардың ешқайсысы соңғы жұмыс күні (ауысым) ішінде еңбек қатынастарын тоқтату туралы хабарламаса, ол ҚР ЕК 51-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұрын жасалған мерзімге ұзартылды деп есептеледі.
хабарлама – жұмыскердің немесе жұмыс берушінің жазбаша нысандағы (қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанындағы) қолма-қол не курьерлік пошта байланысы, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы немесе жұмыскердің немесе жұмыс берушінің авторизациялануы, сәйкестендірілуі қамтамасыз етіле отырып, электрондық түрде берілген өтініші (ҚР ЕК 1-бабы 1-тармағының 81) тармақшасы).
Кемінде бір жыл белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шартының мерзімін ұзарту саны екі реттен аспауға тиіс. Еңбек қатынастары жалғасқан кезде еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі.
Мерзімінің өтуі бойынша еңбек қатынастарын тоқтату туралы бұйрық
Еңбек шарты мерзімінің өтуі және жүктілік
Егер жүкті әйел бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталған күні мерзімі он екі және одан көп апта жүктілігі туралы анықтама ұсынса, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баласы бар, бала асырап алған және бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысқа өз құқығын пайдалануға ниет білдірген жұмыскер уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру жағдайынан басқа, еңбек шартының мерзімін ұзарту туралы жазбаша өтініш берсе, онда жұмыс беруші еңбек шартының мерзімін бала күтімі бойынша демалыс аяқталған күнді қоса алып ұзартуға міндетті.
ЕШ мерзімі аяқталғаннан кейінгі қосымша келісім
Белгiлi бiр жұмыстың орындалу уақытына жасалған еңбек шартының мерзiмi өткен күн жұмыстың аяқталған күні болып табылады.
Уақытша болмаған жұмыскердi алмастыру уақытына жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң өткен күнi жұмыс орны (лауазымы) сақталған жұмыскердiң жұмысқа шығатын күнi не жұмыс орны (лауазымы) сақталған жұмыскермен еңбек шарты тоқтатылған күн болып табылады.



