- Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзуға ниет білдірген еңбек шартының тарапы еңбек шартының екінші тарапына хабарлама жібереді.
- Хабарламаны алған тарап үш жұмыс күні ішінде екінші тарапқа қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.
- Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу күні жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша айқындалады.
Хабарлама – жұмыскердің немесе жұмыс берушінің жазбаша нысандағы (қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанындағы) қолма-қол не курьерлік пошта байланысы, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы немесе жұмыскердің немесе жұмыс берушінің авторизациялануы, сәйкестендірілуі қамтамасыз етіле отырып, электрондық түрде берілген өтініші.
Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу туралы бұйрық



