Учёт

Қашықтан жұмыс істейтін жұмыскерді жұмысқа қабылдау

Аралас қашықтан жұмыс iстеу - еңбек мiндеттерiн орындау кезеңдерiн жұмыс берушiнiң, қабылдаушы тараптың және олардың объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша да, қашықтан жұмыс iстеу арқылы да кезектестiру жолымен еңбек процесiн жүзеге асыру.

Қашықтан жұмыс істеу кезінде аралас қашықтан жұмысты қоспағанда, еңбек шартында жұмысты орындау орны көрсетілмейді.

Қашықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін олардың әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де жеке қажеттіліктерін өндіріс мүдделерімен үйлестіру мақсатында икемді жұмыс уақыты режимі белгіленуі мүмкін.

«Қашықтан жұмыс істейтін» жұмыскерлер үшін еңбек шартының мазмұны әдеттегі шарттардан басқа, жұмысқа қажетті (егер мұндай жабдық берілсе) жабдықтарды, ақпараттандыру объектілерін беру, пайдалану тәртібі туралы шарттармен толықтырылуы тиіс. Жабдық ретінде жұмыс беруші коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) береді және оларды орнату және қызмет көрсету бойынша шығыстарды көтереді.

Жұмыскер өзінің жабдығын, коммуникация құралдарын пайдаланған, байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды тұрақты негізде көтерген жағдайда, жұмыс беруші өтемақы төлейді, оның мөлшері мен төлеу тәртібі жұмыскермен келісім бойынша белгіленеді.

Тараптардың келісімі бойынша қашықтан жұмыс істейтін жұмыскерге жұмыс беруші үшін жұмысты орындауға байланысты өзге де шығыстар (электр энергиясының, судың құны және басқа да шығыстар) өтелуі мүмкін.

Қашықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының тіркелген есебі белгіленеді, оны бақылау ерекшеліктері еңбек шартында немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады.

Төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген, төтенше жағдай жарияланған кезеңде не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды тұлғалардың шешімі бойынша өзге де шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде, сондай-ақ жұмыскерлердің өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін басқа да ерекше жағдайларда жұмыс беруші жұмыс берушінің актісімен жоғарыда көрсетілген жағдайлар жойылғанға дейін себептерін көрсете отырып, қашықтан жұмыс немесе аралас қашықтан жұмыс белгілеуге құқылы. Бұл ретте Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жұмыскерлерді еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті жабдықтармен, ақпараттандыру объектілерімен, байланыс қызметтерімен және өзге де құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ шығыстарды өтеу жұмыс берушінің актісімен айқындалады.

Жұмыс берушінің актісінде міндетті түрде:

  1. қашықтан жұмысты және (немесе) аралас қашықтан жұмысты уақытша белгілеу негіздемесі;
  2. қашықтан жұмыс және (немесе) аралас қашықтан жұмыс уақытша белгіленген жұмыскерлердің тізімі;
  3. қашықтан жұмысты және (немесе) аралас қашықтан жұмысты уақытша белгілеу үшін негіз болған жағдайды жою күнінен аспайтын қашықтан жұмыс және (немесе) аралас қашықтан жұмыс мерзімі қамтылуы тиіс.

Жұмыскерлердің қашықтан жұмыс істеу кезеңінде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші немесе қабылдаушы тарап жабдықпен, ақпараттандыру объектілерімен жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптармен жұмыс берушінің актісін, қабылдаушы тараптың актісін әзірлейді және шығарады.

ТРУДОВОЙ ДОГОВОР С ДИСТАНЦИННЫМ РАБОТНИКОМҚАШЫҚТАН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЖҰМЫСКЕРМЕН ЕҢБЕК ШАРТЫ