Учёт

Ақылы еңбек демалысы

Ақылы еңбек демалысы

Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскердің тынығуына, жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және жұмыскердің өзге де жеке қажеттіліктеріне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі.

Жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының мынадай түрлері беріледі:

  1. жыл сайынғы негізгі ақы төленетін еңбек демалысы;
  2. жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы.

Негізгі еңбек демалысы

Егер ҚР ЕК, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көп күн көзделмесе, жұмыскерлерге ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн негізгі ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі.

Қосымша еңбек демалыстары

Мыналарға:

  • ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.

Ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлардағы еңбегі өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерімен расталған жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.
Жұмыс беруші өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша, сондай-ақ аттестаттауға жатпайтын жұмыс орындары бойынша аттестаттауды өткізбеген жағдайда, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес толық көлемде беріледі;

  • бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.
  • жіберуші тараптың жұмыскерлеріне жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары қабылдаушы тараптың өндірістік объектілерін еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерінің негізінде беріледі; жұмыскерлердің өзге санаттарына жыл сайынғы қосымша демалыс беру және оның ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленуі мүмкін.

Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезінде жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысына қосылады.

Жалпы ұзақтығы еңбек демалысы берілетін кезең

Жұмыскерге жұмыстың бірінші және одан кейінгі жылдары үшін тараптардың келісімі бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.
Еңбек демалысына ақы төлеу рамасын есептеу үшін «Демалысты есептеу» Интерактивті сервисін пайдалануға болады.

Демалысты бөліктерге бөлу

Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін. Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы бөліктерінің бірі күнтізбелік он төрт күннен кем болмауға тиіс.

Еңбек демалысына ақы төлеу

Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу – ол басталғанға дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал еңбек демалысы демалыстар кестесінен тыс берілген жағдайда, ол берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Демалыс беру кезектілігі

Жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс белгіленеді. Демалыстар кестесі өндірістік қажеттілікке байланысты өзгертілген жағдайда, жұмыс беруші бұл туралы жұмыскерге еңбек демалысы басталардан кемінде екі апта бұрын хабардар етуге міндетті

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!! Негізгі және қосымша демалыстарды беру және ресімдеу рәсімдері ұқсас.

Құжат үлгісі. Заң шығарушы оның нысанына талап қоймайды. Заңда компанияда құжаттың міндетті түрде болуы ғана көзделген.


Бекітемін:
________________ ЖШС бас директоры
(компанияның атауы)
________________ (аты-жөні, тегі)

қолтаңба

202 __ жылғы ______ желтоқсан

202 ____ жылға арналған демалыс кестесі

р/с №

Лауазымның атауы

Жұмыскердің Т.А.Ә

Жұмыс жылы

Негізгі/қосымша демалыс күндерінің саны

Демалыс беру кезеңі

Ескертпе

Жұмыскерлердің пікірі ескерілген қолдар

1

________________ (лауазымы)

________________ (ТАӘ)

01.09 -31.08

01.09.2017-31.08.2018
кезең үшін 22 күнтізбелік күн
01.09.2018-31.08.2019 кезеңі үшін

24 күнтізбелік күн

01.09.2019-31.08.2020 кезеңі үшін
24 күнтізбелік күн

Қаңтар
Шілде
Қыркүйек

Жұмыскерге тек негізгі демалыс беріледі!!!!!! Жұмыскерде демалыс күндерінің саны жинақталды


2

________________ (лауазымы)

________________ (ТАӘ)

01.08-30.07

01.08.2019-31.07.2020 кезеңі үшін 24 күнтізбелік күн

қыркүйек



Приказ на предоставление отпускаЖыл сайынғы ақылы еңбек демалысы туралы бұйрық

Еңбек демалысын ауыстыру тәртібі

Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы мынадай жағдайларда:

  • жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіз болғанда;
  • жүктілікке және босануға байланысты демалыс кезінде толық немесе оның бір бөлігі ауыстырылады.

Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы (оның бір бөлігі) жұмыскердің өтініші бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысында болу кезеңіне ауыстырылады. Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша келесі жұмыс жылының еңбек демалысына қосылуы немесе жұмыскердің өтініші бойынша ағымдағы жұмыс жылында бөлек берілуі мүмкін.

Жұмыскер өзінің науқастануы, жүктілігі және босануы бойынша демалысы туралы хабарлауы және демалысты ауыстыру туралы тілегін білдіруі тиіс, Жұмыскерден демалысты ауыстыру туралы өтініш алған кезде жұмыс беруші демалысты ауыстыру туралы бұйрық шығарады.

Приказ на предоставление отпускаДемалысты ауыстыру туралы бұйрық (уақытша еңбекке жарамсыздық)
Приказ на предоставление отпускаДемалысты ауыстыру туралы бұйрық (жүктілік)   


Уақытша еңбекке жарамсыздық аяқталғаннан кейiн демалыс жұмыскердiң өтiнiшi бойынша ағымдағы жұмыс жылында жеке берiлуi мүмкiн.
Приказ на предоставление отпускаБұйрық жұмыскердің өтініші бойынша ағымдағы жұмыс жылында жеке берілді.


Бұдан әрі жұмыскердің өтініші бойынша оған пайдаланылмаған демалыстың бір бөлігі беріледі.
Приказ на предоставление отпускаДемалыстың бөлігін беру туралы бұйрық   


Берiлетiн демалыс күндерiн төлеу үшiн бухгалтерияға ҚР ЕК 115-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жұмыскердiң жалақысынан ұстап қалу жүргiзу керек.

Жұмыскердің жалақысынан ұстап қалу туралы бұйрық

Демалыстан кері шақыртып алу

Жұмыс беруші өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін.
Кері шақыртып алуға байланысты жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша ағымдағы жұмыс жылы ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі не келесі жұмыс жылының жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына қосылады.
Жұмыскерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына, жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.

Приказ на предоставление отпускаЕңбек демалысынан кері шақыртып алу туралы бұйрық
Приказ на предоставление отпускаЕңбек демалысынан өтемақы төлеумен кері шақыртып алу туралы бұйрық
Приказ на предоставление отпускаДемалыстан кері шақыртып алған кезде жұмыскердің жалақасынан ұстап қалу туралы бұйрық

Ограничения при отзыве из отпуска

Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерді, жүктілігі туралы анықтаманы жұмыс берушіге берген жүкті әйелдерді және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алуға жол берілмейді.
Бұл сізге көмектесуі мүмкін!
ҚР-да келісімшарт бойынша әскери қызметшілер үшін әлеуметтік кепілдіктер: Демалыстар.