Кедендік даулар
Заңды тұлға
Тауарлардың кедендік құны
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) Мемлекеттік кірістер аумақтық департаментінің (бұдан әрі-кеден органы) ҚҚС есептеу туралы тексеру нәтижелері туралы хабарламаға «U» Компаниясының шағымын алды.
Іс материалдарынан көрініп тұрғандай, кеден органы «көкөніс өнімдері» тауарлардың кедендік құнының мәлімдемесінің дұрыстығы мәселесі бойынша кедендік тексеру жүргізді, оның нәтижелері бойынша жалпы сомасы 25 061,7 мың теңгеге хабарлама шығарылды.
«U» Компаниясы кеден органының қорытындыларымен келіспей, апелляциялық шағыммен жүгінді, онда кеден органының шешімінің күшін жоюды сұрайды.
Кеден органы кедендік тексеру кезінде тауарларды ұсыну және құжаттар мен мәліметтерді ұсыну туралы талап қойған болатын. «U» Компаниясы тарапынан талаптарға сәйкес құжаттар мен мәліметтер жолданды. Алайда, кедендік тексеруді жүргізген тексерушілер, «U» Компаниясы құжаттарды толық ұсынбады деп шешкен.
Сонымен қатар, тексерушілерден құжаттар мен мәліметтерді ұсыну туралы қосымша талап «U» Компаниясының атына жіберілмеді. Осыған байланысты декларант оларға қандай құжат ұсынылмағанын нақтылайалмады.
Сондай-ақ, тексеруші тұлғалар тексеру актісінде «U» Компаниясы жасаған келісімшарттар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - ҚР АК) 393 және 407-баптарының талаптарына сәйкес келмейтінін атап көрсетті.
ҚР АК 158-бабының 1-бөлігіне сәйкес мазмұны заңнама талаптарына сәйкес келмейтін мәміле, сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздеріне көрінеу қайшы келетін мақсатта жасалған мәміле даулы мәміле болып табылады және егер ҚР АК және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, сот оны жарамсыз деп тануы мүмкін.
ҚР АК-нің 162-бабына сәйкес жарамсыз мәмілелер бойынша талап қою мерзімі бір жыл көрсетілген. Бұдан шығатыны, серіктеспен жасалған шарттар сот тарапынан жарамсыз деп танылмаған, ал шарттарды заңды түрде қарастырылған мерзім ішінде жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілмеген.
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 69-бабының 3-бөлігіне сәйкес, егер осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес түзетулерді ескере отырып, біртекті тауарлармен жасалған мәміленің бір құнынан артық анықталған жағдайда, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін олардың ең төменгісі қолданылады.
Алайда, шыққан елі Өзбекстан Республикасы болып келетін «басты пияз», «ақбас қырыққабат», «балғын сәбіз» тауарларының атауымен 30 тауарларға арналған декларация бойынша (бұдан әрі – ТД) кедендік құн көздері ретінде баға ақпараты бөлігінде ресми интернет-ресурсымен салыстырғанда кеден органы жоғары баға диапазондарын қолданған.
Кодекстің 72-бабының 1-бөлігіне сәйкес, егер әкелінетін тауарлардың кедендік құны Кодекстің 66, 68, 69, 70 және 71-баптарына сәйкес айқындалмаса, мұндай тауарлардың кедендік құны кодекстің 6-тарауының қағидаттары мен ережелерін негізге ала отырып, ЕАЭО кедендік аумағында бар мәліметтер негізінде айқындалады.
Алайда, шыққан елі Өзбекстан Республикасы болып келетін «асхана қызылшасы», «балғын сәбіз», тауар атауы бар 5 ТД бойынша кедендік құн көздері ретінде тексерушілер резервтік әдіс бойынша баға ақпараты бөлігінде ресми интернет-ресурсымен салыстырғанда баға диапазондарын негізсіз қолданған.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде «U» Компаниясы тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жоюды сұрайды.
СЭҚ қатысушысының дәлелдерін қарап, кеден органы ұсынған материалдарды зерттегеннен кейін уәкілетті орган мынадай қорытындыға келді.
Кодекстің 396-бабында кедендік декларациялау кезінде мәлімделген әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органы тауарлардың кедендік құнын айқындау мен мәлімдеудің дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады деп көзделген.
Кодекстің 65-бабының 13-тармағына сәйкес Кодекстің 6-тарауының ережелері Кеден органдарының тауарлардың кедендік құнын растау үшін ұсынылған кез келген өтініштің, құжаттың немесе декларацияның дұрыстығына немесе дәлдігіне көз жеткізу құқығын шектейтін немесе күмән келтіретін ретінде қарастырыла алмайды.
Қаралып отырған жағдайда «U» Компаниясы Өзбекстан Республикасынан 53 сыртқы экономикалық келісімшартқа сәйкес 173 ТД бойынша әкелінетін тауарлармен мәміле құны бойынша әдіспен кедендік құнын анықтаумен «ішкі тұтыну үшін шығару» кедендік рәсімі бойынша кедендік құнын айқындай отырып, халық тұтынатын 254 «көкөніс өнімдері» тауар позициясын импорттаған.
Кейіннен кеден органы кедендік тексеру жүргізді, оның нәтижелері бойынша әкелінетін тауарлармен мәміле құны бойынша әдіс біртекті тауарлармен мәміле құны бойынша әдіске және резервтік әдіске кедендік құн мөлшерін ұлғайта отырып кедендік төлемдер мен салықтар өзгертілді.
Кедендік тексеру шеңберінде кеден органы Кодекстің 421,422 және 426-баптарының негізінде «U» Компаниясына тауарларды ұсыну және кедендік тексеру кезінде құжаттар мен мәліметтерді ұсыну туралы талап жолдады.
«U» Компаниясымен кеден органы талабына жауап хатпен тауарларға арналған декларацияларда көрсетілген тауарларға бағаны қалыптастыруға қатысы бар растайтын құжаттардың болмауына байланысты деп құжаттар кеден органына толық көлемде ұсынылмады.
Сондай-ақ «U» Компаниясы сұрау салу бойынша жетіспейтін құжаттардың жоқтығын, осыған байланысты оларды талапқа сәйкес ұсына алмайтындығын көрсетті.
«U» Компаниясы қолданыстағы келісімшарттар бойынша ақша қаражатының қозғалысы туралы банктік құжаттарды ұсынбауына байланысты, кеден органы екінші деңгейдегі банктерге валюталық операциялар бойынша ақпарат беру жөнінде сұрау салулар жолдады.
Келісімшарттардың талаптары бойынша «U» Компаниясы тауар үшін төлемді Сатушының шотына шот-фактураларға сәйкес әрбір жөнелтілетін партия үшін тауарды тиегеннен кейін ақша қаражатын аудару жолымен АҚШ долларымен тікелей банктік аударым арқылы жүргізеді.
Алайда, екінші деңгейдегі банктер ұсынған ақпаратқа сәйкес, «U» Компаниясы валюталық операциялар жүргізбегені, ақша қаражаттарының қозғалысы болмағаны анықталды.
«U» Компаниясы тексеру барысында өзбек жеткізушілерімен өзара есеп айырысуларды салыстыру актілері ұсынылмады. Бұл ретте «U» Компаниясы өзбек жеткізушілерінен алынған тауарлар үшін есепті құжаттамалық растауды ұсынбаған, сұратылған 53 келісімшарттың 21-і ұсынылмаған.
Кодекстің 65-бабына сәйкес тауарлардың кедендік құны және оны айқындауға қатысты мәліметтер дұрыс, сандық түрде айқындалатын және құжатпен расталған ақпаратқа негізделуге тиіс.
Кодекстің 66-бабының 3-тармағында әкелінетін тауарлар үшін нақты төленген немесе төленуге жататын баға сатып алушы тікелей сатушыға немесе өзге тұлғаға сатушының пайдасына жүзеге асырған немесе жүзеге асыруға жататын осы тауарлар үшін барлық төлемдердің жалпы сомасы болып табылатыны көзделген. Бұл ретте төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген нысанда тікелей немесе жанама жүзеге асырылуы мүмкін.
Осылайша, «U» Компаниясы кедендік тексеру барысында тауарлардың кедендік құнын растайтын құжаттарды ұсынбағандықтан және оған сәйкес әкелінетін тауарлардың кедендік құны олармен жасалған мәміленің құны болып табылатын Кодекстің 66-бабының нормаларын ескере отырып, яғни осы тауарлар үшін нақты төленген немесе төленетін баға, әкелінетін тауарлармен мәміле құны бойынша 1-әдіс қолданылмайды.
Кеден органы жүргізген кеден органының ақпараттық жүйесінде қамтылған Өзбекстаннан әкелінген тауарлардың баға ақпаратына талдау СЭҚ-тың өзге қатысушылары мәлімдеген ұқсас тауарлардың кедендік құнымен салыстырғанда, «U» Компаниясы ресімдеген тауарлардың мәлімделген кедендік құнын төмендету жағына айтарлықтай сәйкессіздіктерді көрсетті.
Кеден органы тауарлардың бағалық ақпаратын талдау негізінде Өзбекстан Республикасынан 138 ТД бойынша тауарлардың кедендік құн көздері ретінде халық тұтынатын тауарлардың - «көкөніс өнімдерінің» 217 позициясына қатысты, СЭҚ-тың өзге қатысушылары мәлімдеген ұқсас тауарлардың кедендік құнымен салыстырғанда әкелінген тауарлардың мәлімделген кедендік құнының баға диапазонынан ауытқуына байланысты қолданды.
Кодекстің 66, 68-72-баптарында тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану тәртібі айқындалған.
Әкелінетін тауарлармен жасалған мәміленің құны бойынша кедендік құнды айқындау мүмкін болмаған жағдайда, аталған әдістердің әрқайсысы дәйекті түрде қолданылады. Бұл ретте, егер тауарлардың кедендік құнын алдыңғы әдісті пайдалану арқылы анықтау мүмкін болмаса, әрбір келесі әдіс қолданылады.
«U» Компаниясының ТД «31-бағанында» бағаланатын тауарлар туралы толық ақпарат, тауарлардың сапасы туралы мәліметтер, сондай-ақ бағаланатын тауарларға қатысты осындай тауарлардың өзге де сипаттамалары болмағандықтан, 2-әдіс қолданылмайды.
Сонымен қатар, «U» Компаниясында бағаланатын тауарларға қатысты жүзеге асырылған шығыстар бойынша қажетті ақпарат болмады, осыған байланысты шегеру әдістерін (4-әдіс) және қосу әдістерін (5-әдіс) қолдану мүмкін болмады.
Осылайша, тауарлардың кедендік құнын растайтын қажетті құжаттар топтамасының жеткіліксіз ұсынылуына, сондай-ақ жеткізілген тауарлар үшін ақы төлеу бойынша нақты мәліметтердің болмауына және әкелінетін тауарлармен мәміле құны бойынша әдісті қолдану мүмкін еместігіне байланысты (1-әдіс), кеден органы біртекті тауарлармен мәміле құны бойынша әдісті (3-әдіс) және резервтік әдісті (6-әдіс) тауарларының кедендік құнын айқындау кезінде негізді түрде қолданған.
Бұл ретте кеден органы 35 ТД бойынша «басты пияз», «ақбас қырыққабат», «балғын сәбіз», «асхана қызылшасы» тауарлары бойынша 37 позицияға қатысты кеден ақпараттық жүйесінде көрсетілген кедендік құнмен салыстырғанда Өзбекстан Республикасынан әкелінген ұқсас тауарлар бойынша баға ақпаратының көздерін дұрыс қолданбаған.
Апелляциялық комиссияның шешімімен кешенді көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша 35 ТД-ға қатысты есептелген ҚҚС негізсіз болып табылады, ал қалған бөлігінде заңды болып табылады.