Учёт

Медициналық тауарларды ҚҚС-тан босату

472

Кедендік даулар

Заңды тұлға

ҚҚС төлеуден босату


Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) тауарлардың импорты кезінде төленбеген қосылған құн салығын есептеу туралы аумақтық мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – кеден органы) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға «D» компаниясының шағымын алды.

Іс материалдарынан көрініп тұрғандай, кеден органы медициналық мақсаттағы тауарларды ҚҚС төлеуден босатудың заңдылығы мәселесі бойынша кедендік тексеру жүргізді, оның нәтижелері бойынша жалпы сомасы 51 276,9 мың теңгеге хабарлама шығарылды.

«D» компаниясы кеден органының тұжырымдарымен келіспей, апелляциялық шағыммен жүгінді, онда кеден органы шешімінің күшін жоюды сұрайды.

Осылайша, «D» компаниясы медициналық мақсаттағы бұйымдарды келесі кедендік декларациялар бойынша импорттағанын хабарлайды:

1. 04.08.2020ж. ТД ҚҚС төлеуден босатыла отырып, 20 дана санында «қарқынды терапияға арналған желдеткіш» - тауары әкелінді, оның ішінде 11 дана 24.08.2020ж. ЭШФ бойынша әлеуметтік даму қоғамдық қорына 24.08.2020ж. жүкқұжат негізінде сатылды;

2. 14.10.2020ж. ТД ҚҚС төлеуден босатыла отырып, саны 35 дана «қарқынды терапияға арналған желдеткіш» - тауары әкелінді, оның ішінде 6 дана әлеуметтік даму қоғамдық қорына 21.10.2020ж. ЭШФ және 20.10.2020ж. жүкқұжаты бойынша сатылды;

3. 14.04.2020ж. ТД ҚҚС төлеуден босатыла отырып, саны 7 дана «қарқынды терапияға арналған желдеткіш» - тауары әкелінді, оның ішінде 1 дана мемлекеттік органға 21.07.2020ж. ЭШФ және 20.07.2020ж. жүкқұжаты бойынша сатылды;

4. 27.01.2021ж. ТД ҚҚС төлеуден босатыла отырып, 1 дана көлемінде «анестезия орнату» тауары әкелінді, оны «С» компаниясына 10.02.2021ж. ЭШФ бойынша сатылды және 10.02.2021ж. акті бойынша берілді.

«D» компаниясы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 6-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтық заңнаманың нормалары олардың сөз тіркесінің тура мағынасына сәйкес түсіндірілуі тиіс екенін атап көрсетеді. Заң қалыптарының мәтінінде қолданылатын сөздерді әртүрлі түсіну мүмкін болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне және азаматтық заңдардың осы тарауда, ең алдымен оның 2-бабында баяндалған негізгі қағидаттарына сай келетін түсінікке басымдық беріледі.

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекстің (бұдан әрі - Кодекс) 216 – бабы 11-тармағы 2-тармақшасының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 23.02.2018ж. № 267 бұйрығымен бекітілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату Қағидаларының (бұдан әрі - №267 қағида) 13 және 17-тармақтарының тура мағынасы мен нормаларын түсінуден импорттаушының әкелу мақсаттары мен шарттарын бұзуы ғана қосылған құн салығын төлеу түрінде құқықтық салдардың туындауына әкеп соқтырады.

Бұл ретте «D» компаниясы тауарлар импорты кезінде барлық талаптардың сақталуын қамтамасыз еткенін, мемлекеттік кіріс органына барлық рұқсат беру құжаттарының (әкелінген тауарға арналған тіркеу куәліктерінің, қызметтің басталғаны туралы хабарламалардың және т. б.) бар екенін және оларды ұсынғанын, тексеру барысында құжатпен расталғанын және мемлекеттік кіріс органы дау айтпағанын, яғни медициналық бұйымдарының әкелу мақсаттары мен шарттары бұзылмаған.

Өңірдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, мемлекеттік орган әлеуметтік даму қоғамдық қорымен қатар «D» компаниясынан шұғыл түрде медициналық мақсаттағы бұйымдар – «қарқынды терапияға арналған желдеткіш» (ӨЖЖ аппараттары) сатып алды.

Бұдан әрі, барлық сатып алынған жабдық мемлекеттік медициналық ұйымдарға, атап айтқанда, «облыстық денсаулық сақтау басқармасының ауруханасы» - 20 дана, «қалалық денсаулық сақтау басқармасының ауруханасы» - 1 дана, «қалалық денсаулық сақтау басқармасының ауруханасы» - 2 дана мақсаты бойынша өтеусіз берілді.

Демек, бастапқы сатып алушыларда лицензиялар мен хабарламалар болмаса да, «D» компаниясы импорттаған және сатқан тауар өз мақсатына жетті және COVID-19 салдарымен күресу мақсатында медициналық ұйымдарда қатаң түрде қолданылды.

«D» компаниясының пікірі бойынша кеден және салық кодекстерімен және жоғарыда көрсетілген заңға тәуелді актілермен сатып алушыда лицензия немесе хабарлама болмаған кезде ҚҚС қосымша есептеу түрінде құқықтық салдардың басталуы көзделмеген, тек әкелудің мақсаттары мен шарттарын бұзу ғана осындай негіз болып табылады.

Мұндай жағдайларда мемлекеттік кірістер органының тексеру қорытындылары мен нәтижелері заңнама талаптарына қайшы келеді.

«D» компаниясы медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелу кезінде ҚҚС төлеуден босатуды алып, осы тауарларды мемлекеттік органға және әлеуметтік даму қоғамдық қорына ҚҚС-сыз өткізгенін түсіндіреді, бұл құжатпен расталған.

Демек, тауарларды сату кезінде мемлекет берген жеңілдіктер нәтижесінде ешқандай артықшылық алынған жоқ.

Оның негізінде әкімшілік акт бола отырып, шағым жасалған хабарлама шығарылған кедендік тексеру актісі дәлелдемелер ретінде өз күшін жойған заңнамалық актілерге сілтемелерді қамтиды.

Сондай-ақ, «D» компаниясы жеңілдіктер беру кезінде мақсаттарды бұзудың болмауын облыстық әкімдіктер немесе денсаулық сақтау басқармалары тұлғасындағы мемлекеттік мекемелер бағдарламалардың әкімшілері болып табылатын мемлекеттік сатып алудың құқық қолдану практикасымен салыстырылатынына және расталатынына назар аударуды сұрайды.

Аталған мемлекеттік мекемелер дәрілік заттарды немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме немесе бөлшек саудада өткізуге лицензиясы жоқ сатып алуды жүргізеді, бұл «Е – licenсе» мәліметтерімен расталады.

Мемлекеттік кіріс органы да, қандай да бір басқа мемлекеттік орган да дәрілік заттарды немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұйымдастырушыларға не басқа импорттаушы-жеткізушілерге талап қоймайды және заңнамада көзделген жауапкершілік шараларын қолданбайды, өйткені мемлекеттік медициналық мекемелер түпкі бенефициарлар болып табылады.

Бұдан жеңілдікті шарттармен әкелінген импорт бойынша тауар Қазақстан Республикасындағы медициналық, фармацевтикалық немесе ветеринариялық қызметте нақты пайдаланудың өзінің нысаналы мақсатына жетеді деп қорытынды жасауға болады, бұл Кеден және салық заңнамасында көзделген.

Баяндалғанның негізінде, «D» компаниясы тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп алып тастауды сұрайды.

СЭҚ қатысушысының дәлелдерін қарап, кеден органы ұсынған материалдарды зерттеп, уәкілетті орган мынадай қорытындыға келді.

Шетелдік жеткізушілермен келісімшарт негізінде «D» компаниясы 2020-2021 жылдары медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды ассортиментте импорттады.

Осы тауарларға қатысты кедендік декларациялау кезінде «D» компаниясы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 399-бабының негізінде ҚҚС төлемеген.

Кедендік тексеру нәтижелері бойынша Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мынадай субъектілерге өткізу белгіленді:

1) «С» компаниясы;

2) әлеуметтік даму қоғамдық қорына;

3) мемлекеттік органға жібереді.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – денсаулық туралы Кодекс) 63-бабына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар Денсаулық сақтау субъектілері болып табылады.

Бұл ретте денсаулық туралы Кодекстің 1–бабының 46-тармағында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізу - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көлемдерін шектемей сатып алумен (иеленумен), сақтаумен, әкелумен (импорттаумен), әкетумен (экспорттаумен), өткізумен (халыққа өткізуді қоспағанда), тасымалдаумен және жоюмен байланысты фармацевтикалық қызмет деп айқындалған бұйымдар.

Денсаулық туралы кодекстің 10-бабының 15-тармағына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 14.09.2015ж. №713 бұйрығымен бекітілген, 14.04.2020ж. ТД бойынша ресімделген тауарларды өткізу кезінде қолданыста болған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларының 13-тармағының 2-тармақшасы. 04.08.2020ж. бастап дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізу талаптарды сақтай отырып, оның ішінде фармацевтикалық немесе медициналық қызметке лицензиясы бар не рұқсаттар және хабарламалар туралы заңда белгіленген тәртіппен қызметінің басталғаны туралы хабарлаған субъектілерге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 17.09.2020ж. № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығымен бекітілген, 14.10.2020ж. ТД бойынша ресімделген тауарларды өткізу кезінде қолданыста болған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларының 9-тармағының 2-тармақшасы. 27.01.2021ж. бастап дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар фармацевтикалық немесе медициналық қызметке лицензиясы бар не қызметтің басталғаны туралы оптика және медициналық бұйымдар дүкендері арқылы хабардар еткен субъектілерге рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңда белгіленген тәртіппен сатылатыны көзделген.

Денсаулық туралы кодекстің 233-бабының 1-тармағына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізуді дәріхана қоймаларында көтерме саудада өткізуге тиісті лицензия алған не «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен медициналық бұйымдар қоймасы арқылы қызметінің басталғаны туралы хабардар еткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер жүзеге асырады.

«Е-лицензиялау» Мемлекеттік базасы» ақпараттық жүйесіне сәйкес (http://elicense.kz) Қазақстан Республикасында медициналық немесе фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуы туралы мәліметтер немесе медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге берілген хабарламаның қабылданғаны туралы үзінді көшірмелер «С» компаниясында, қоғамдық әлеуметтік даму қорында және мемлекеттік органда жоқ.

№ 267 Қағидалардың 17-тармағында осы Қағидалардың 4-тарауында көрсетілген тауарларды денсаулық сақтау субъектілері көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияларға немесе медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге берілген хабарламаның қабылданғаны туралы үзіндіге сәйкес Қазақстан Республикасында медициналық немесе фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануы тиіс деп белгіленген.

Импорттаушы көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасындағы медициналық, фармацевтикалық немесе ветеринариялық қызметке сәйкес келмейтін мақсаттарда пайдаланған жағдайда, мұндай тауарларды кедендік тазарту кезінде төленбеген ҚҚС салық заңнамасына немесе Еуразиялық экономикалық одақтың немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес бюджетке төленуге жатады.

Осылайша, № 267 Қағидалардың 17-тармағын бұза отырып, «D» компаниясы медициналық немесе фармацевтикалық қызметке лицензиясы немесе медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге берілген хабарламаның қабылданғаны туралы үзінді көшірмесі жоқ тұлғаларға импортталған тауарларды өткізуді жүргізді.

Қазақстан Республикасында медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы жоқ субъектілерге медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді ескере отырып, кеден органының кедендік тексеру нәтижелері бойынша ҚҚС есептеуі заңды болып табылады.

Апелляциялық комиссияның шешімімен ҚҚС есептеу бойынша кедендік тексеру нәтижелері заңды деп танылды.

Теги: ҚҚС