Учёт

Возврат превышения НДС при строительстве

1301

В соответствии со статьей 432 Кодекса Республики Казахстан (Налоговый кодекс) «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» от 25.12.2017 года №120-VI, в случае превышения налога на добавленную стоимость (далее – НДС) по товарам, работам, услугам, приобретенным налогоплательщиком в связи со строительством зданий и сооружений производственного назначения, впервые вводимых в эксплуатацию на территории РК, а также в период проведения геологоразведочных работ и обустройства месторождения, возврат суммы превышения НДС, в том числе сложившейся за период строительства, осуществляется в течение двадцати налоговых периодов равными долями, начиная с налогового периода, в котором подтверждена достоверность предъявленной к возврату накопленной суммы превышения НДС.

К зданиям производственного назначения относятся промышленные здания и склады, здания транспорта, связи и коммуникаций, а также нежилые сельскохозяйственные здания. При этом к сооружениям производственного назначения относятся сооружения, кроме сооружений, предназначенных для спорта и мест отдыха, административных целей, стоянки или парковки автомобилей, а также культурно-развлекательного, гостиничного, ресторанного назначения.

Под периодом проведения геологоразведочных работ и обустройства месторождения понимается период времени между датой заключения соответствующего контракта на недропользование в порядке, определенном законодательством РК, и датой начала экспорта полезных ископаемых, добытых в рамках соответствующего контракта на недропользование, за исключением общераспространенных полезных ископаемых, подземных вод и лечебных грязей.

ДГД по г. Нур-Султан

 

Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № №120-VI кодексінің (салық кодексі) 432-бабына сәйкес қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) асып кетуі Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салуға байланысты салық төлеуші сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мен кен орнын жайластыру кезеңінде бойынша қалыптасса, мұндай салық төлеушіге, оның ішінде құрылыс кезеңінде қалыптасқан ҚҚС асып кету сомасын қайтару жиырма салықтық кезең ішінде қайтаруға көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуінің жинақталған сомасының анықтығы расталған салықтық кезеңнен бастап тең үлестермен жүзеге асырылады.

Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға өнеркәсіптік ғимараттар мен қоймалар, көлік, байланыс және коммуникациялар ғимараттары, тұрғын емес ауыл шаруашылығы ғимараттары жатады. Өндірістік мақсаттағы құрылыстарға, спорт пен демалыс орындарына, әкімшілік мақсаттарға, автомобиль тұрағына немесе орынтұрағына арналған, сондай-ақ мәдени-ойын сауық, қонақ үй, мейрамхана мақсатындағы құрылыстардан басқа құрылыстар жатады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт жасалған күн мен кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталған күн арасындағы уақыт кезеңі геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мен кен орнын жайластыру кезеңі деп түсініледі.