Учёт

Салық саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

1632


Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы салық органдарына аса маңызды құжат екені дәлелсіз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік бағдарлама жасап оны іске асыру жөнінде алдағы жылдарға іс шаралар жоспары жасалынған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік шаралар ұйымдастыру мемлекетіміздің құқықтық, әлеуметтік, экономикалық саяси дамуы мәселелерін кең ауқымда шешуге бағытталғаны анық. Мемлекеттік бағдарлама «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын орындаудың біріңғай механизмін қалыптастыру, барлық мемлекеттік органдардың іс әрекеттерін үйлестіру мен Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын оның басымдылықтарын іс жүзіне асыру үшін жасалған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен оның міндеттерін нақтылау мен шектеу саласында мақсатты бағытталған мемлекеттік саясат азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, мемлекеттік қызметкелердің кәсіби деңгейінің өсуіне әсер ететіні сөзсіз.

Сыбайлас жемқорлық-елеулі зардаптарға әкеліп соқтыратын қауіпті жағдайлардың бірі. Қазақстан Республикасының « Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын, мемлекеттік қызмет туралы заңдылық талаптарын іс жүзіне асыру мемлекеттік қызметкерлердің тәртібін нығайтуға мүмкіндік береді.Тәуелсіз еліміздің қомақты бюджеті болуы жолында, мемлекеттік қазынаның қаражатын молайта түсу үшін күресүде салық органдарының қызметкерлері аз тер төгіп жүрген жоқ. Денсаулық сақтау органдарының,халыққа білім беру мекелемерінің, зейнеткерлер мен студенттердің, басқа да толып жатқан халық топтарының тағдыры бюджетке байланысты екені хақ.

Салық ісі күрделі оның жұмысы жоғары дәрежеде ұйымдастырылуы керек. Қазақстан Республикасының «Салық кодексін» басшылыққа ала отырып бюджетке төленетін міндетті төлемдерді орындауда салық қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Осы жауапкершілікті орындау жолында салықшы мамандар біркелі тәуір еңбектеніп келеді. Олар мемлекет қаржысын орынсыз шығындауға, салық заңын бұзүға қарсы отырып бюджеттік жоспарларды орындауда.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес көптеген лауазым иелерінің заңға қайшы әрекеттерін әшкерелеп, арам жолмен жинаған мүлкін қазына қоржынына қайтаруына салық мекемелерімен бірлесіп қаржы полициясы жұмыс атқарып келеді. Қаржы полиция қызметкерлерінің міндеттемесіне ел экономикасының қауіпсіздігін, мемлекет алдындағы көптеген қаржы міндеттері мен бюджетке түсер салық пен түрлі төлемдерді қадағалау, мемлекетке зиян келтірер экономикалық қылмыстар мен заң бұзушылықтардың жолын кесіп, экономикалық қылмыспен күресуде, халықаралық ынтымақтастықта болу сияқты салмағы батпан жауапкершілігі зор міндеттер жүктеледі. Сондай-ақ қаржы полициясы салық комитетіндегі ішкі тәртіпті реттеп, қызмет бабын теріс пайдалану мен парақорлықтың жолын кесіп отыруға мүдделі.

Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті түрі-парақорлық. Парақорлық деп пара алу, пара беру және де парақорлыққа делдал болуды айтады. Парақорлық жайлаған жерде тәртіп оңды солды бұзылады. Кейінгі зерттеулер нәтижесінде парақорлықтың кесірінен адамдарға қысым жасалатындығы байқалған. Парақорлық мемлекет мүлкіне қол сұғу, қызмет бабын жеке басының материалдық жағдайын жақсартуға пайдаланудың соңы, заң алдында жауап беруге мәжбүр ететіндігін ұмытпасақ екен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес науқандық жұмыс емес. «Жемқорлық- індет, оны жою міндет», демекші, жемқорлыққа қарсы күрес қоғамызда бір сәт те таластамауы керек. Бұл күрделі жұмысқа құқық қорғау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқықтық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі бақылаушы органдар мен қоғамдық ұйымдар, бүкіл халық болып белді бекем буып білек сыбана араласу қажет. Біздің міндетіміз мемлекет өмірінің барлық салаларындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету. Азаматтардың құқықтық білім деңгейін көтеріп, білікке деген сенімді нығайтып, жеке меншікті әсіресе шағын және орта бизнесті дамытып, әлеуметтік және саяси тұрақтылықты нығайтып, бюджетке барынша пайда келтіру мақсатында бар мүмкіндікті тиімді пайдаланып, ел ырысын ысырап қылар ынсапсыздыққа ырық бермей отырсақ нұр үстіне нұр болар еді.

Бостандық ауданы бойынша

салық басқармасының жеке кәсіпкерлерді

әкімшілендіру бөлімінің бас салық инспекторы

ТұманбаевАйдос Ерікұлы.