Учёт

Премьер-Министр РК А. Мамин: улучшить трудоустройство

1682

На заседании Правительства под председательством Премьер-Министра РК Аскара Мамина рассмотрен ход реализации государственной программы занятости и массового предпринимательства «Еңбек» на 2017-2021 годы.

О влиянии на рынок труда планируемых структурных преобразований в экономике страны и развития предпринимательства доложил Министр национальной экономики Р. Даленов, реализации программы «Еңбек» — вице-министр труда и социальной защиты населения А. Сарбасов, микрокредитовании на селе — Министр сельского хозяйства С. Омаров, обучении основам предпринимательства — заместитель председателя правления НПП «Атамекен» Э. Жумагазиев, работе регионов по трудоустройству граждан — акимы Павлодарской области Б. Бакауов и Мангистауской области С. Трумов.

За три года в Госпрограмме «Еңбек» приняли участие 1,7 млн чел., в том числе с начала текущего года — 500 тыс. чел., из которых 178,8 тыс. молодежи, 12,6 тыс. инвалидов, 15,7 тыс. малообеспеченных граждан. С начала года краткосрочное обучение прошли свыше 23,7 тыс. чел., основам предпринимательства по проекту «Бастау-Бизнес» обучены 45,4 тыс. чел., выдано 11,6 тыс. микрокредитов, из них около 90% — на селе.


«Нашей главной задачей является повышение благосостояния граждан за счет усиления продуктивной занятости. За годы реализации Госпрограммы «Еңбек» с 2017 по 2019 годы достигнуты хорошие результаты. 1,3 млн человек трудоустроились, 51 тыс. открыли собственный бизнес, 248 тыс. человек повысили квалификацию, 53 тыс. представителей молодежи получают первую профессию», — сказал А. Мамин.


Премьер-Министр поручил до конца текущего года выработать предложения по комплексному развитию рынка труда до 2025 г., а также усовершенствовать действующие механизмы Госпрограммы «Еңбек».


«Краткосрочное обучение должно осуществляться на основе гарантированного трудоустройства. Выполнение условий при микрокредитовании и получении грантов – четко мониториться», — сказал Глава Правительства.


Особое внимание Премьер-Министр обратил на обеспечение занятости молодежи.


«Для развития потенциала молодежи реализуются проекты «Жас кәсіпкер», «Жас маман». Работу в этом направлении нужно продолжить, акцентировав особое внимание на занятости молодежи. Поручаю в Госпрограмме «Еңбек» ввести отдельный блок по занятости молодежи с указанием четких  индикаторов», — сказал А. Мамин.


Глава Правительства подчеркнул, что создание постоянных рабочих мест должно оставаться главным приоритетом работы акиматов и отраслевых министерств.

Пресс-служба Премьер-министра РК

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралды.

ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов ел экономикасындағы жоспарлы құрылымдық қайта құрулардың еңбек нарығына және кәсіпкерліктің дамуына әсері туралы, «Еңбек» бағдарламасын іске асыру туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А. Сарбасов, ауылдағы шағын несиелендіру туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Э. Жұмағазиев, өңірлердің азаматтарды жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмысы туралы Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов және Маңғыстау облысының әкімі С. Тұрымов баяндады. 

Үш жылда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 1,7 млн адам қатысқан, оның ішінде осы жылдың басынан бері – 500 мың адам, оның 178,8 мыңы – жастар, 12,6 мыңы – мүмкіндігі шектеулі жандар, 15,7 мыңы – аз қамтылған азаматтар. Жыл басынан бері 23,7 мыңнан астам адам қысқа мерзімді оқудан өтті, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 45,4 мың адам оқытылды, 11,6 мың шағын несие берілді, оның 90%-ы — ауылды жерлерде. 

«Біздің басты міндетіміз – нәтижелі жұмыспен қамтуды күшейту есебінен азаматтардың әл-ауқатын арттыру. 2017-2019  жылдар аралығында “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. 1,3 млн адам жұмысқа орналасты, 51 мың адам жеке бизнесін ашты, 248 мың адам біліктілігін арттырды, 53 мың жас азамат алғашқы кәсіптерін игеруде», — деді А. Мамин. 

Премьер-Министр осы жылдың соңына дейін еңбек нарығын 2025 жылға дейін кешенді дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеуді, сондай-ақ, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының әрекет етіп тұрған тетіктерін жетілдіруді тапсырды.

«Қысқа мерзімді оқыту кепілді жұмысқа орналастыру негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Шағын несие беру және гранттар алу кезіндегі шарттардың орындалуын нақты бақылау қажет», — деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр жастардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлді. 

«Жастардың әлеуетін дамыту мақсатында “Жас кәсіпкер”, “Жас маман” жобалары іске асырылып жатыр. Жастардың жұмыспен қамтылуына ерекше назар аудара отырып, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет. “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасына нақты индикаторларды көрсете отырып, жастарды жұмыспен қамту бойынша жеке блокты енгізуді тапсырамын», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы тұрақты жұмыс орындарын құру әкімдер мен салалық министрліктер жұмысының негізгі басымдығы болып қала беретінін атап өтті.