Учёт

Определение адреса места нахождения юридического лица-резидента

1823


Согласно пункту 1 статьи 561 Кодекса Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)» внесение сведений в государственную базу данных налогоплательщиков осуществляется налоговым органом после присвоения юридическому лицу, структурному подразделению юридического лица идентификационного номера на основании сведений Национальных реестров идентификационных номеров.

В соответствии со статьей 4 Закона Республики Казахстан «О государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств» государственную регистрацию (перерегистрацию) юридических лиц и учетную регистрацию филиалов и представительств, так же как и ведение Национальных реестров бизнес-идентификационных номеров осуществляют органы юстиции.

Обращаем внимание, что с 2007 года сведения, внесенные в национальный реестр бизнес-идентификационных номеров, поступают в налоговые органы от органов юстиции в автоматическом режиме посредством Государственной базы данных «Юридические лица» (ГБД ЮЛ).

Исходя из чего, юридический адрес, имеющийся в регистрационных данных Интегрированной налоговой информационной системы (ИНИС), соответствует адресу в Национальных реестрах бизнес-идентификационных номеров.

            Согласно пункту 7 статьи 568 Налогового кодекса к налоговому заявлению, представленному для постановки на регистрационный учет по налогу на добавленную стоимость (далее-НДС), юридические лица-резиденты, нерезиденты, осуществляющие деятельность в Республике Казахстан через филиал, представительство, индивидуальные предприниматели в обязательном порядке прилагают нотариально засвидетельствованную копию документа, подтверждающего место нахождения налогоплательщика.

Понятие места нахождения юридического лица-резидента, его структурного подразделения, структурного подразделения юридического лица-нерезидента определено подпунктом 3) пункта 7 статьи 560 Налогового кодекса, которым признается место нахождения его постоянно действующего органа, указываемое в учредительных документах или справке об учетной регистрации структурного подразделения.

Согласно пункту 2 статьи 39 Гражданского кодекса Республики Казахстан следует, что место нахождения юридического лица указывается в его учредительных документах с записью полного почтового адреса.

            Исходя из чего, при постановке на регистрационный учет по НДС в качестве адреса места нахождения юридического лица-резидента рассматривается место нахождения его постоянно действующего органа, указываемое в учредительных документах, сведения о которых содержатся в Национальном реестре бизнес-идентификационных номеров.

Заместитель руководителя

Управления государственных доходов

по Наурызбайскому району

г.Алматы

Сейтжан Е.К.

Резидент заңды тұлғаның орналасқан мекен-жайын айқындау мәселесі бойынша

«Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 561-бабы 1-тармағына сәйкес, салық органы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде жеке, заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне сәйкестендіру нөмірі берілгеннен кейін жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 4-бабына сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді, сондай ақ сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық
тізілімдерін жүргізуді әділет органдары (тіркеуші орган) жүзеге асырады.

2007 жылдан бастап, сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық
тізілімдеріне енгізілген мәлімет, «Заңды тұлға» мемлекеттік дерек базасы (ЗТ МДБ) арқылы әділет органдарынан салық органдарына автоматты режимде келіп түсетініне назарларыңызды аударамыз.

Осының негізінде, Бірлестірілген салықтық ақпарат жүйесіндегі (БСАЖ) тіркеу мәліметінде бар заңды тұлғаның мекен-жайы сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі мекен-жайға сәйкес келеді.

            Салық кодексінің 568-бабы 7-тармағына сәйкес резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін табыс етілген салықтық өтінішке салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін міндетті түрде қоса береді.

Резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлiмшесiнiң, бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң орналасқан жерi деген ұғым Салық кодексінің 560-бабы 7-тармағының 3) тармақшасымен айқындалған, соған сәйкес құрылтай құжаттарында немесе құрылымдық бөлiмшенi есептiк тiркеу туралы анықтамада көрсетiлетін оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жерi деп танылады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 39-бабы 2-тармағына сәйкес заңды тұлғаның тұрған жерi оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекен-жайы жазылып, көрсетiледi.

            Жоғарыдағылардың негізінде, ҚҚ бойынша тіркеу есебіне қою кезінде резидент заңды тұлғаның тұрған жерiндегі мекен-жайы ретінде құрылтай құжаттарында көрсетiлетін оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жерi болып, өз кезегінде сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде бар мәлімет қарастырылады.