Учёт

Магазинам у дома не нужно оформлять сопроводительные накладные на товары

3724

В последнее время возникает обеспокоенность, и многие задаются вопросы о необходимости оформления СНТ владельцами магазинов у дома. Комитет государственных доходов пишет, что у них не возникает обязанность по оформлению СНТ в случае, если применяются онлайн контрольно-кассовые машины с выдачей чека ККМ. Данные условия предусмотрены изначально при запуске Пилотного проекта по СНТ (приказ Министра финансов РК от 16 апреля 2020 года №1104), сообщает Учет.kz.

Вместе с тем, при реализации подакцизных товаров (алкоголь и сигареты), как и прежде, необходимо подтвердить их получение в информационной системе. Ранее эта операция производилась в Кабинете налогоплательщика СОНО, а сейчас это нужно делать в Информационной системе ЭСФ. Для удобства это также можно сделать в мобильном приложении ИС ЭСФ.

Вместе с тем, информируем всех налогоплательщиков о том, что Комитет государственных доходов МФ РК и его территориальные департаменты  планомерно осуществляют широкомасштабную разъяснительную работу: проведение прямых эфиров, размещение видеоуроков и информации на наших аккаунтах в Инстаграм, Фейсбук, ВК, Твиттер, предоставление ответов на часто задаваемые вопросы.

Государственными органами была организована встреча с участием прокуратуры Северо-Казахстанской области, где организаторам данного мероприятия дано разъяснение об отсутствии требования по оформлению СНТ магазинами у дома. На встрече также присутствовали представители региональной палаты «Атамекен» и акимата. По итогам встречи достигнуто понимание, налогоплательщики получили подробные разъяснения на заданные вопросы.

Похожая ситуация была в Алматинской области. Департаментом госдоходов проведен брифинг с участием налогоплательщиков и журналистов с разъяснением порядка правил оформления СНТ, ИС ЭСФ и ведения виртуального склада при реализации продуктов питания физическим лицам. В ходе брифинга предпринимателями были заданы вопросы, на которые даны исчерпывающие ответы.

Уважаемые налогоплательщики, при реализации товаров конечному потребителю в розничной торговле не нужно оформлять СНТ. При этом  необходимо применять онлайн-кассовые машины и своевременно выбивать чеки покупателям.


Құрметті салық төлеушілер, сіздер білесіздер, қазіргі уақытта тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды немесе ТІЖ ресімдеу бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Соңғы уақытта алаңдаушылық туындауда және үйдің жанында дүкен иелері ТІЖ-ны ресімдеу қажеттілігі туралы сұрақтар қоюда.

Егер БКМ чегін бере отырып, он-лайн бақылау-касса машиналары қолданылатын болса, оларда ТІЖ ресімдеу бойынша міндет туындамайтынын тағы да түсіндіргіміз келеді. Аталған шарттар алғашқыда ТІЖ бойынша Пилоттық жобаны іске қосу кезінде көзделген (ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі №1104 бұйрығы).

Сонымен бірге, акцизделетін тауарларды (алкоголь және темекі) сату кезінде, бұрынғыдай, ақпараттық жүйеде олардың алынғанын растау қажет. Бұрын бұл операция СЕӨЖ салық төлеушінің кабинетінде жүргізілген, ал қазір оны ЭШФ ақпараттық жүйесінде жасау қажет. Ыңғайлы болу үшін мұны ЭШФ АЖ мобильді қосымшасында да жасауға болады.

Барлық салық төлеушілерге ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен оның аумақтық департаменттері: тікелей эфирлер өткізу, Instagram, Фейсбук, ШҚ, Твиттер аккаунттарында бейнесабақтар мен ақпараттар орналастыру, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар беру бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жоспарлы түрде жүзеге асыратынын хабарлағымыз келеді.

ТІЖ бойынша пилоттық жоба салық төлеушілер арасында да кеңінен жария етілді: Интернет-алаңдарда тікелей эфирлер өткізілді, ҚР ҚМ МКК сайтында Баспасөз релиздері жарияланды. Осындай түсіндіру жұмыстары өңірлерде де жүргізілді.

Мемлекеттік органдар Солтүстік қазақстан облысы прокуратурасының қатысуымен кездесу ұйымдастырды, онда осы іс-шараны ұйымдастырушыларға үйдің жанындағы дүкендермен ТІЖ ресімдеу бойынша талаптың жоқтығы туралы түсініктеме берілді. Кездесуге «Атамекен» өңірлік палатасы мен әкімдік өкілдері де қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша түсіністікке қол жеткізілді, салық төлеушілер қойылған сұрақтарға толық түсініктеме алды.

Осыған ұқсас жағдай Алматы облысында болды. «Жетісу» телеарнасының алаңында Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілер мен журналистердің қатысуымен жеке тұлғаларға азық-түлік өнімдерін сату кезінде ТІЖ, ЭШФ АЖ ресімдеу және виртуалды қойманы жүргізу тәртібін түсіндірумен брифинг өткізді. Брифинг барысында кәсіпкерлер сұрақтар қойған болатын, оларға түпкілікті жауап берілді.

Құрметті салық төлеушілер, бөлшек саудада соңғы тұтынушыға тауарларды сату кезінде ТІЖ ресімдеудің қажеті жоқ. Бұл ретте, он-лайн кассалық машиналарды қолдану және сатып алушыларға чектерді уақтылы беру қажет.