Учёт

Как облагаются индивидуальным подоходным налогом (ИПН) пенсионные изъятия

2298
Комитет государственных доходов МФ РК, в связи с поступающими обращениями от граждан по порядку налогообложения единовременных пенсионных выплат, рассказал казахстанцам, стоит ли беспокоиться по поводу двойного налогообложения пенсионных выплат, сообщает Учет.kz

Обязательные пенсионные взносы, удержанные агентами (работодателем) у физических лиц, не облагаются индивидуальным подоходным налогом (ИПН), такой же порядок распространяется и на обязательные профессиональные пенсионные взносы. В связи с тем, что при удержании суммы пенсионных взносов не облагаются ИПН, суммы пенсионных накоплений облагаются при выплате единожды, соответственно, двойное налогообложение не возникает.

Также подробно расскажем о порядке налогообложения единовременных пенсионных выплат вторым способом. Этот способ предусматривает ежемесячное удержание ИПН равными долями в течение не более 16 лет по установленному ЕНПФ графику (со следующего месяца, в котором начато перечисление пенсии).

Для понимания рассмотрим данный вариант на примере.
Приведем пример:
Сумма пенсионных накоплений на ИПС вкладчика = 8 500 000 тенге,
порог достаточности = 3 500 000 тенге,
единовременная пенсионная выплата = 5 000 000 тенге (8 500 000 - 3 500 000),
сумма исчисленного ИПН = 5 000 000 (в полном объеме) * 10%= 500 000 тенге,
сумма дохода в виде единовременной пенсионной выплаты = 5 000 000 тенге,
ИПН будет удержан с пенсии следующим образом:
Сумма исчисленного ИПН делится на 16 лет, т.е. на 192 месяца.
Итак, 500 000/ 192 = 2 604 тенге – ежемесячно будет удерживаться с пенсии сумма отложенного ИПН.


В случае, если физическое лицо примет решение на выезд на постоянное место жительства за пределы Республики Казахстан или перевести пенсионные накопления в страховую организацию, то сумма отложенного ИПН будет удержана полностью единовременным платежом.

В случае смерти физического лица – сумма отложенного ИПН будет удержана единовременно с унаследованных наследниками пенсионных накоплений такого физического лица.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті зейнетақы төлемдеріне салық салу жөнінде азаматтардан келіп түсіп жатқан өтініштер мен сұрауларға байланысты, қосарланған салық салу туралы алаңдауға негіз бар ма, осыған түсіндірме берді.

Агенттер (жұмыс берушілер) жеке тұлғалардан ұстап қалған міндетті зейнетақы жарналарына жеке табыс салығы (ЖТС) салынбайды, дәл осындай тәртіп міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына да қатысты. Зейнетақы жарналарының сомасын ұстап қалу кезінде ЖТС салынбауына байланысты зейнетақы жинақтарының сомасына төлеген кезде бір рет қана салық салынады, тиісінше қосарланған салық салуға жол берілмейді.

Сондай-ақ, екінші тәсілмен төленетін біржолғы зейнетақы төлемдеріне салық салу тәртібіне қатысты егжей-тегжейлі айтып берейік. Бұл тәсіл БЖЗҚ белгілеген кесте бойынша (зейнетақы аудару басталған келесі айдан бастап) 16 жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен ЖТС ұстап қалуды көздейді.

Толықтай түсіну үшін бұл тәсілді мысал ретінде қарастырайық.
Мысал келтірейік:
салымшының ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының сомасы = 8 500 000 теңге, жеткіліктілік шегі = 3 500 000 теңге,
біржолғы зейнетақы төлемі = 5 000 000 теңге (8 500 000 -3 500 000),
есептелген ЖТС сомасы = 5 000 000 (толық көлемде) * 10%= 500 000 теңге,
біржолғы зейнетақы төлемі түріндегі кіріс сомасы = 5 000 000 теңге,
ЖТС зейнетақыдан келесідей түрде ұсталады:
Есептелген ЖТС сомасы 16 жылға, яғни 192 айға бөлінеді.
Сонымен, 500000/192 = 2604теңге – ай сайын зейнетақыдан кейінге қалдырылған ЖТС сомасы ұсталатын болады.

Егер жеке тұлға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге немесе зейнетақы жинақтарының сомаларын сақтандыру ұйымдарына аударуға шешім қабылдаса, онда кейінге қалдырылған жеке табыс салығының сомасы толық біржолғы төлеммен ұсталатын болады.

Егер жеке тұлға қайтыс болса – осы жеке тұлғаның мұрагерлерінен мұраға қалған зейнетақы жинақтарынан, кейінге қалдырылған жеке табыс салығының сомасы бір рет ұсталатын болады