Кедендік даулар
Заңды тұлға
Тауарлардың сыныпталуы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) «Р» компаниясынан аумақтық Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – кеден органы) кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу мәселелері бойынша тексеру нәтижелері туралы хабарламасына шағым алды.
Іс материалдарының негізінде кеден органы тауарларды дұрыс сыныптау мәселесі бойынша – басқа да ысырмалар/ауыз сумен жабдықтауға арналмаған/құбырда жабу құрылғысы ретінде орнатуға арналған – кедендік тексеру жүргізген, нәтижесінде жалпы сомасы 6 088,2 мың теңгеге тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылған.
Кеден органының тұжырымдарымен келіспеген «Р» компаниясы кеден органының шешімінің күшін жоюды сұраған апелляциялық шағыммен жүгінді.
Мәселен, «Р» компаниясы даулы шешімде компанияның кінәсі, оның ішінде СЭҚ ТН кодының дұрыс емес көрсетуіндегі қасақана немесе абайсыздық әрекеті анықталмағанын және дәлелденбегенін хабарлайды.
СЭҚ ТН кодын айқындау мен оны көрсетуді кедендік өкіл қызмет көрсету кезінде мүдделерін қорғауға арналған шарт негізінде жүзеге асырады.
«Р» компаниясы кедендік ресімдеу кезінде құжаттарды толық көлемде ұсынды, сондай-ақ кедендік өкіл дайындаған және кеден органы қабылдаған тауарлар декларациясы (бұдан әрі – ТД) бойынша кедендік төлемдер мен салықтарды төледі. Кедендік бақылау жүзеге асырылды, және тауар СЭҚ ТН коды бойынша ешқандай ескертусіз немесе антидемпингтік шараларды қолданбай еркін айналымға жіберілді.
«Р» компаниясы тарапынан кедендік, салықтық немесе өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтару ниеті болмаған және кедендік ресімдеу аяқталғаннан кейін қатені өз бетінше анықтау мүмкіндігі болмаған, себебі тауарды сыныптауды кедендік өкіл орындаған және кеден органы қабылдаған.
Сондай-ақ, «Р» компаниясы «АСТАНА-1» АЖ-дан ТД күні, мәртебесі және транзакциялары көрсетілген скриншотты ұсынды. «Р» компаниясының ұстанымына сәйкес ТД-ға «шығарылған» мәртебесінің берілу фактісі жүргізілген кедендік бақылау нәтижелері бойынша, оның ішінде СЭҚ ТН коды бойынша бұзушылықтар анықталмағанын және ұсынылған мәліметтердің жеткілікті және заңнама талаптарына сәйкес келетінін растайды.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, «Р» компаниясы тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жоюды сұрайды.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының дәлелдерін қарап шығып, кеден органы ұсынған материалдарды зерделей келе, уәкілетті орган мынадай қорытындыға келді.
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 40-бабына сәйкес тауарларды сыныптау деп қарастырылатын тауарларды СЭҚ ТН бойынша нақты тауарлық позицияларға, қосалқы позицияларға және кіші қосалқы позицияларға кезең-кезеңмен жатқызу түсініледі.
Тауарларды сыныптау мына негізгі өлшемшарттар:
- тауар орындайтын функция;
- тауар жасалған материал негізге алына отырып жүзеге асырылады.
Бұл ретте, тауарлардың өңделу дәрежесі ескеріле отырып, оларды түсініктеме берудің негізгі қағидаларын және бөлімдерге, топтарға ескертпелерді (оның ішінде тауарлық позицияларға, қосалқы позицияларға ескертпелерді), сондай-ақ өзіндік ерекшелігі бар сыныптау мәселелерін түсіндіретін қосымша ескертпелерді қолдану негізінде тауарлық кіші қосалқы позицияларға түбегейлі жатқызу қағидаты сақталады.
Тауарлардың дұрыс сыныпталуын тексеруді кеден органы шығарғанға дейін де, шығарғаннан кейін де кедендік бақылау шеңберінде жүзеге асырады.
Қарастырылып отырған жағдайда, «Р» компаниясы Қытай Халық Республикасынан тауарды – басқа ысырмаларды/ауыз сумен жабдықтауға арналмаған/құбыр желісіне бекітуге арналған жапқыш құрылғы ретінде әкелген.
Тауар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне 8481 80 690 0 СЭҚ ТН кодымен (кедендік баж – 9%) мәлімделіп орналастырылған.
|
СЭҚ ТН Коды |
Зат атауы |
Импорттық кедендік баж салығы |
|
8481 |
Құбырларға, қазандықтарға, резервуарларға, цистерналарға, бактарға немесе редукциялық және термореттелетін клапандарды қоса алғанда, ұқсас ыдыстарға арналған крандар, клапандар, вентильдер және ұқсас арматура: |
|
|
8481 80 |
– өге де арматура: |
|
|
|
-- раковиналарға, қол жуғыштарға, бидеге, суға арналған резервуарларға, ванналарға және ұқсас жабдықтарға арналған крандар, клапандар және арматура: |
|
|
|
– – – басқасы: |
|
|
|
– – – – ысырмалар: |
|
|
8481 80 690 0 |
– – – – – өзгелері |
9 |
Кейіннен, тауарды кедендік бақылау нәтижелері бойынша тауарды кеден органы шығарғаннан кейін Тауарды сыныптау туралы шешімдер шығарылды, оған сәйкес басқа да ысырмалар/ішуге арналмаған су құбырлары/құбыр желісіне жабу құрылғысы ретінде орнатуға арналған 8481 80 639 0 СЭҚ ТН (кедендік баж – 7,5%) коды бойынша сыныпталуы тиіс.
«Р» компаниясы ұсынған тауардың техникалық сипаттамасына сәйкес, қаралып отырған тауар – дәнекерлеуге арналған болаттан жасалған сыналы ысырма. Шығарылған, шығарылатын ілмегі бар, фланецті сыналы ысырма, құбыр желілерінде жабу құрылғысы ретінде орнатуға арналған.
Маховикті айналдыру кезінде қозғалыс ілмекке беріледі, ол ілмекпен бұрандалы жұпты құрайды. Айналмалы қозғалыс ілмектің тік қозғалысына айналады, ол сынаны көтереді немесе төмен түсіреді, магистральды жолды ашады немесе жабады.
Корпустың жасалу материалы – 20Л, диск – 20Л+13Cr, қақпақ – 20Л, сальник – 20Л, шток – болат, маховик – 20Л.
Анықтама:
- 20Л – көміртегі құрамы шамамен 0,2% болатын құйма көміртекті болат.
- 20Л+13Cr – 20Л болатының қасиеттерін 13% хром қосу арқылы коррозияға төзімділікпен және ыстыққа төзімділікпен біріктіретін легирленген құйма тот баспайтын болат.
ТНЕ 1-ге сәйкес бөлімдердің, топтардың және кіші топтардың атаулары СЭҚ ТН пайдалану ыңғайлылығы үшін ғана келтірілген. Заңды мақсаттар үшін тауарларды СЭҚ ТН-де сыныптау, егер мәтіндерде өзгеше көзделмесе, тауар позицияларының мәтіндеріне және бөлімдерге немесе топтарға қатысты тиісті ескертулерге сүйене отырып жүзеге асырылады,
«Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына түсіндірмелер туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2013 жылғы 12 наурыздағы № 4 ұсынымына сәйкес СЭҚ ТН 8481 тауар позициясының мәтіндерінде бұл тауар позициясына әртүрлі сұйық орталардың (сұйық, тұтқыр немесе газ тәрізді) немесе қатты бөлшектердің (мысалы, құмның) ағынын реттеу (толтыру, босату және т. б.) мақсатында құбырларда, цистерналарда, бактарда және т. б. сыртынан немесе ішінен орнату үшін қолданылатын крандар, клапандар, вентильдер және ұқсас арматура енгізіледі деп белгіленген. Бұл тауар позициясына сұйықтық немесе газ ағынының қысымын немесе жылдамдығын реттеуге арналған құрылғылар кіреді.
Құрылғылар өту жолдарын ашу немесе жабу арқылы ағынды реттейді (мысалы, шибер, диск, шар, тығын, ине немесе диафрагма арқылы). Оларды қолмен (кілт, маховик, түйме және т.б. көмегімен), қозғалтқыш, электромагнит, сағат механизмі немесе серіппе, қарсы салмақ, қалтқысы бар рычаг, термостатикалық элемент немесе мембраналы қысым датчигі сияқты автоматты құрылғы арқылы басқаруға болады.
Осылайша, қаралып отырған тауарлар СЭҚ ТН 8481 тауар позициясында сыныпталады.
Одан әрі сыныптау кезінде мынадай тауарлардың қосалқы позициялары қаралған:
8481 10 – қысымды реттеуге арналған редукциялық клапандар;
8481 20 – май-гидравликалық немесе пневматикалық трансмиссияларға арналған клапандар;
8481 30 – кері клапандар (қайтарымсыз);
8481 40 – сақтандырғыш немесе жеңілдету клапандары;
8481 80 – өзге де арматура;
8481 90 – бөлігі.
ТНЕ 6-ға сәйкес заңды мақсаттар үшін тауарлардың қосалқы позицияларында тауарларды сыныптау қосалқы позициялардың атауларына және қосалқы позицияларға қатысы бар ескертпелерге, сондай-ақ mutatis mutandis, тек бір деңгейдегі қосалқы позициялар ғана салыстырымды болып табылатын шартта жоғарыда аталған Қағидалардың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін, егер түпмәтінде өзгеше белгіленбесе, бөлімдер мен таптарға тиісті ескертпелер де қолданылуы мүмкін.
Сондықтан тауарларды одан әрі сыныптау «8481 80 – өзге де арматура» бір дифистік тауарлардың қосалқы позициясында жүзеге асырылады.
Одан әрі қаралатын екі дефистік кодталмаған тауарлардың қосалқы позициялары:
– – раковиналарға, қол жуғыштарға, бидеге, суға арналған резервуарларға, ванналарға және ұқсас жабдықтарға арналған крандар, клапандар және арматур;
– – орталық жылыту радиаторларына арналған арматура;
– – пневматикалық шиналар мен камераларға арналған арматура;
– – өзгелері.
Берілген техникалық сипаттамаға сүйене отырып, қаралып отырған тауар қаралатын тауарлардың қосалқы позицияларының сыныптау өлшемшарттарының ешқайсысына сәйкес келмейді, осыған байланысты одан әрі сыныптау «8481 80 – өзге де арматура – – өзгелері» ретінде жүзеге асырылады.
Кейінгі қаралатын үш дефистік кодталмаған тауарлық кіші қосалқы позициялар:
– – – реттеуші арматура;
– – – өзгелері.
Бөлшектің мақсатына байланысты, атап айтқанда құбырды жабу, одан әрі сыныптау «8481 80 – өзге де арматура – – өзгелері – – – өзгелері» ретінде жүзеге асырылады.
Одан әрі төрт дефистік кодталмаған тауарлардың кіші қосалқы позициялары:
– – – – ысырмалар;
– – – – бекіту клапандары;
– – – – крандар;
– – – – ысырмалар дискілі бұрылыс;
– – – – өзгелері.
Бұл жағдайда қаралып отырған тауар «ысырмалар» деп аталатын төрт дефистік кодталмаған тауарлардың кіші қосалқы позициясының сыныптық өлшемшартына сәйкес келеді.
Кейінгі қаралатын тауарлардың кіші қосалқы позициялары:
8481 80 610 0 – – – – – құйма шойыннан жасалған;
8481 80 63 – – – – – болаттан жасалған;
8481 80 690 0 – – – – – өгелері.
Берілген техникалық сипаттамаға сәйкес жасалған материалы – болат, және ТНЕ 6 бойынша атауын негізге алсақ, сыныптау 8481 80 63 – – – – – болаттан жасалған тауарлардың кіші қосалқы позициясында жүзеге асырылады.
8481 80 63 тауарлардың кіші қосалқы позициясына кіретін тауарлардың кіші қосалқы позициялары:
8481 80 631 0 – – – – – – құрамында күкіртті сутегі (H2S) бар ортада қоршаған ауаның температурасы-40оС және одан төмен, 16 Па және одан жоғары қысымда жұмыс істеуге арналған 2);
8481 80 632 0 – – – – – – қоршаған ауаның температурасы-55оС және одан төмен, 80 Па және одан жоғары қысымда жұмыс істеуге арналған 2);
8481 80 639 0 – – – – – – өзгелері.
Осылайша, қарастырылып отырған өзге де ысырмалар/ауыз сумен жабдықтауға арналмаған/құбырға жабу құрылғысы ретінде орнатуға арналған (номиналды диаметрі 50-ден 200 мм-ге дейін, номиналды қысымы 16 кгс/см2) 8481 80 639 0 СЭҚ ТН тауарлардың қосалқы позициясында «Редукциялық және термореттегіш клапандарды қоса алғанда, құбырларға, қазандықтарға, резервуарларға, цистерналарға, бактарға немесе ұқсас сыйымдылықтарға арналған крандар: өзге де арматура: раковиналарға, қол жуғыштарға, бидеге, суға арналған резервуарларға, ванналарға және ұқсас жабдықтарға арналған крандар, клапандар және арматура: өзгелері: ысырмалар: болаттан жасалған: өзгелері» (кедендік баж – 7,5%) ретінде сыныпталады.
|
СЭҚ ТН коды |
Позиция атауы |
Кендік әкелу бажының мөлшерлемесі |
|
8481 |
Редукциялық және термореттегіш клапандарды қоса алғанда, құбырларға, қазандықтарға, резервуарларға, цистерналарға, бактарға немесе ұқсас сыйымдылықтарға арналған крандар: |
|
|
8481 80 |
– өзге де арматура: |
|
|
|
– – раковиналарға, қол жуғыштарға, бидеге, суға арналған резервуарларға, ванналарға және ұқсас жабдықтарға арналған крандар, клапандар және арматура |
|
|
|
– – – өзгелері: |
|
|
|
– – – –ысырмалар: |
|
|
8481 80 63 |
– – – – – болаттан жасалған: |
|
|
8481 80 639 0 |
– – – – – – өзгелері |
7,5 |
«Қытай Халық Республикасынан шығатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін болат сыналы ысырмаларға қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 197 шешімімен Қытай Халық Республикасында шығарылатын және басқалармен қатар, СЭҚ ТН 8481 80 639 0 коды бойынша сыныпталатын, номиналды диаметрі 50 мм-ден қоса алғанда 1 000 мм-ге дейін, номиналды қысымы 16 кгс/см2-дан қоса алғанда 250 кгс/см2-ге дейін болатын болат сыналы ысырмаларға қатысты демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің көлемі бекітілді.
Жоғарыда аталған шешімге № 1 қосымшада өндірушінің атауына байланысты демпингке қарсы баж қолданылатын өндірушілердің тізбесі бекітілген (25,57% - 36,23%). Басқа өндірушілерэге қатысты демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің көлемі 36,23% құрайды.
Осыған байланысты өзге де ысырмалар/ауыз сумен жабдықтауға арналмаған/құбырға жабу құрылғысы ретінде орнатуға арналған тауарларға қатысты өндірушілерге демпингке қарсы баж төлеу көзделген.
Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, кеден органының демпингке қарсы баж бен ҚҚС есептеуі заңды жүргізілді.
Апелляциялық комиссияның шешімімен өзге де ысырмалар/ауыз сумен жабдықтауға арналмаған/құбырға жабу құрылғысы ретінде орнатуға арналған тауар бойынша демпингке қарсы баж бен ҚҚС есептеу бойынша кедендік тексеру нәтижелері заңды деп танылды.



