Кедендік даулар
Заңды тұлға
Кедендік құнды төмендету
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) «Z» компаниясынан аумақтық Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – кеден органы) қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) есептеу туралы тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым алды.
Іс материалдарынан көрініп тұрғандай, кеден органы «өздігінен жабысатын жапсырмалар» тауарларының кедендік құны туралы мәлімделген мәліметтердің дұрыстығы мәселесі бойынша кедендік тексеру жүргізді, оның нәтижелері бойынша жалпы сомасы 34 421,20 мың теңгеге хабарлама шығарылды.
«Z» компаниясы кеден органының қорытындыларымен келіспей, кеден органы шешімінің күшін жоюды өтінген апелляциялық шағыммен жүгінді.
Шағымда 01.07.2020 ж. «Z» компаниясының «M» компаниясымен (Ирландия) ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды, оның ішінде «W» операциялық жүйелерін сатып алуға 01.07.2020 жылғы келісімшарт (бұдан әрі – Жаһандық әріптестік туралы келісім) жасасқаны айтылған.
«М» компаниясы Жаһандық әріптестік туралы келісімін интернет желісі арқылы бағдарламаларды іске қосу үшін қажетті электрондық кілттерді беру арқылы орындады. Бағдарламалар да, кілттер де жеке жеткізгіштерде берілмеген.
Өз кезегінде «Z» компаниясы алынған электрондық кілттер үшін «M» компаниясының пайдасына «M» компаниясының инвойстары негізінде лицензиялық төлемдерді (роялти) жүзеге асырды.
«М» компаниясы төлеген роялти бойынша ҚҚС есептеу «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 369-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Салық кодексінің 369-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Салық кодексінің 373-бабына сәйкес бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қосылған құн салығын төлеуші жасайтын салық салынатын айналым болып табылады.
Салық кодексінің 373-бабының 1-тармағына сәйкес бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы өткізу орны болып танылатын бейрезидент өтеулі негізде орындаған жұмыстарды, көрсеткен қызметтерді қосылған құн салығын төлеуші сатып алған кезде олар осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салуға жататын, қосылған құн салығын осындай төлеушінің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылады.
2022 жылы Жаһандық әріптестік келісімге сәйкес «M» компаниясы «Z» компаниясына жалпы сомасы 595 мың АҚШ долларына ЭЕМ бағдарламаларына 5 мың электрондық кілт (лицензия) берді ((инвойстар 05.04.2022ж. 178,5 мың АҚШ доллары сомасына және 05.06.2022ж. 416,5 мың АҚШ доллары сомасына).
2022 жылы бейрезиденттердің көрсетілетін қызметтері бойынша салық салынатын айналым 264 294,84 мың теңгені құрады (оның ішінде 2-тоқсанда 84 387,66 мың теңге, 3-тоқсанда 179 907,18 мың теңге). Бұл айналымдар 2022 жылдың 2 және 3-тоқсанына ҚҚС бойынша салық декларацияларында көрсетілген. Осы айналымдар бойынша есептелген ҚҚС (БСК 105104) «Z» компаниясы бюджетке 20.05.2022ж. төлем тапсырмаларымен 10 126 мың теңге сомасында, 23.08.2022ж. 21 588,86 мың теңге сомасында төледі.
«M» компаниясынан алынған лицензиялардың түпнұсқалығын көзбен шолу үшін «Z» компаниясы «C» компаниясынан (Чехия, 02.09.2022ж. тауарларға арналған декларация (бұдан әрі - ТД), 29.08.2022ж. инвойс) 0,8 мың АҚШ доллары сомасына 3,5 мың дана көлемінде арнайы голографиялық жапсырмалар сатып алды. Тауар импорты шартсыз, қойылған инвойс негізінде жүргізілген. Кедендік құнды айқындауды декларант әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміле құнының әдісі бойынша (1-әдіс) роялти құнын есепке алмай жүргізді, өйткені 3,5 мың лицензияға ҚҚС салық декларациясында көрсетіліп, Салық кодексінің 373-бабына сәйкес төленді.
13.01.2025ж. кедендік тексеру актісінде (бұдан әрі – Тексеру актісі) көрсетілген жапсырмалардың кедендік құны «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі) 67-бабы 1-тармағының 7-тармақшасына сәйкес жапсырмаларын мәлімделген құнға (0,8 мың АҚШ доллары) роялти құнының (416,5 мың доллар) қосу жолымен айқындалуға тиіс екендігі туралы дәлелдер, жапсырмалардың функционалдық мақсатына қайшы келеді.
Бұл жапсырмаларда қандай да бір жеке сәйкестендіру белгілері жоқ, магниттік немесе электрондық ақпарат тасығыш болып табылмайды, әріптік, цифрлық, штрих кодтары, QR-коды жоқ. Сондай-ақ жапсырмалар бағдарламаларды белсендіру үшін қажетті электрондық кілттермен немесе ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды пайдалануға арналған лицензияның түпнұсқалығын растайтын электрондық цифрлық белгілермен ешқандай байланысы жоқ.
Басқаша айтқанда, ЭЕМ-ді пайдалану үшін жапсырма емес, компьютер керек. Компьютері жоқ жапсырма - бұл лицензияны қажет ететін тауар емес, басып шығарылған өнім.
Салық кодексінің 7-баптың 3-тармағына сәйкес ешкімге де сол бір кезең үшін сол бір салық салу объектісі бойынша салықтың сол бір түрімен, бюджетке төленетін төлемнің сол бір түрімен қайтадан салық салуға болмайды.
Тексеру барысында 2022 жылы «М» компаниясының бағдарламалық жасақтамасына берілген барлық лицензиялар саны бойынша (5 мың дана) ҚҚС төлеу бойынша дәлелдемелер ұсынылды. Алайда, Тексеру актісінде және тексеру нәтижелері туралы хабарламада 3,5 мың лицензияға 23 562,07 мың теңге мөлшерінде қосымша ҚҚС, 10 859,13 мың теңге мөлшерінде ҚҚС бойынша өсімпұл есептелді, олар бір кезеңде бір нысанға қайта ҚҚС салуға байланысты заңсыз болып табылады.
«Z» компаниясы өз шағымында Салық кодексінің 2-бабының 3-тармағында Салық кодексі мен Қазақстан Республикасының басқа да заңдарының арасында қайшылық болған кезде салық салу мақсатында Салық кодексінің нормалары қолданылатынына назар аударады.
Баяндалғанның негізінде «Z» компаниясы тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жоюды сұрайды.
СЭҚ қатысушының дәлелдерін қарап, кеден органы ұсынған материалдарды зерттеп, уәкілетті орган мынадай қорытындыға келді.
Кеден кодексінің 396-бабында кедендік декларациялау кезінде мәлімделген әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органы тауарлардың кедендік құнын айқындаудың және мәлімдеудің дұрыстығын тексеруді жүзеге асыратыны көзделген.
Қаралып отырған жағдайда «Z» компаниясы 02.09.2022ж. ТД бойынша ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыра отырып және 29.08.2022ж. жалпы құны 0,8 мың АҚШ доллары есебінен тауардың инвойсы негізінде әкелінетін тауарлармен мәміле құны бойынша әдісті (1-әдіс) мәлімдеп «өздігінен жабысатын жапсырмалар» тауарларын әкелуді жүзеге асырды.
Әкелінетін тауарлардың мәміле құнының әдісі (1-әдіс) бойынша кедендік құнын анықтау роялти төлеуді есепке алмастан жүзеге асырылды.
«Z» компаниясы ұсынған «W» түпнұсқалық белгісінің фотосуреті жапсырманың голографиялық белгісі және БЖ түпнұсқалығын растайтын «W» белгісі бар тікбұрышты нысанды білдіретінін көрсетеді. «M» компаниясының бағдарламалық өнімдерін дараландыру құралы болып табылады.
Кеден кодексінің 6-тарауы «Кедендік құн» ережелері 1994 жылғы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің (1994 жылғы ГАТТ) VII бабында және 1994 жылғы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің (бұдан әрі - Келісім) VII бабын қолдану жөніндегі келісімде белгіленген жалпы қағидаттар мен ережелерге негізделген.
Келісімнің 8-бабының (с) тармақшасына сәйкес 1-баптың ережелеріне сәйкес кедендік құнды айқындау кезінде импортталатын тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға бағаланатын тауарларға жататын роялти мен лицензиялық төлемдер қосылады, мұндай роялти мен төлемдер ic жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қандай шамада енгізілмесе, сатып алушы бағаланатын тауарларды сату шарты ретінде тікелей немесе жанама төлеуге тиіс.
Кеден кодексінің 66-бабына сәйкес әкелінетін тауарлардың кедендік құны олармен жасалған мәміленің құны болып табылады, яғни осы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағына әкету үшін сату кезінде олар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын Кедендік кодекстің 67-бабына сәйкес толықтырылған баға болып табылады.
Кеден кодексінің 67-бабына сәйкес әкелінетін тауарлардың кедендік құнын олармен жасалған мәміленің құны бойынша айқындау кезінде осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға әкелінетін тауарларға қатысты және осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға енгізілмеген мөлшерде, әкелінетін тауарларды ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкету үшін сату шарты ретінде сатып алушы тікелей немесе жанама түрде жүргізген немесе жүргізуге тиіс роялтиді, патенттер, тауар белгілері, авторлық құқықтар үшін төлемдерді қоса алғанда, зияткерлік меншік объектілерін пайдаланғаны үшін лицензиялық және өзге ұқсас төлемдер қосымша есепке жазулар қосылады.
2016 жылғы 15 қарашадағы №20 Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Ұсынымымен бекітілген Зияткерлік меншік объектілерін пайдаланғаны үшін лицензиялық және өзге де осыған ұқсас төлемдерді әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге тиіс бағаға қосу туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 7-тармағына сәйкес егер лицензиялық төлемдер әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға енгізілмеген және бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың ақысын төлеуге арналған шоттан бөлек төленген жағдайда, лицензиялық төлемдерді осы тауарлардың кедендік құнына енгізу қажеттігі туралы мәселені шешу кезінде мынадай түйінді факторларды назарға алу қажет:
- лицензиялық төлемдер бағаланатын (әкелінетін) тауарларға жата ма (бұдан әрі – 1 шарт);
- лицензиялық төлемдерді төлеу бағаланатын (әкелінетін) тауарларды сатудың шарты болып табыла ма (бұдан әрі – 2 шарт).
Мәселен, «Z» компаниясының қызметі оның ішінде компьютерлер мен перифериялық жабдықтар өндірісі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК)
961-бабының 1-тармағына сәйкес интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерi:
- интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi;
- азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары болып табылады.
Сондай-ақ, ҚР АК-нің 961-бабының 3-тармағының 1 және
2-тармақшаларына сәйкес азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдарына фирмалық атаулар және тауарлық белгiлер (қызмет көрсету белгiлерi) жатады.
ҚР АК-нің азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң нәтижелерiне және оларға теңестiрiлген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзi орындайтын жұмысының немесе қызметiнiң өнiмдерiне (фирмалық атау, тауарлық белгi, қызмет көрсету белгiсi және т.б.) ерекше құқығы танылады.
Осылайша, шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң нәтижелерi мен ерекше құқықтардың (интеллектуалдық меншiктiң) объектiсi болуы мүмкiн даралану құралдарын пайдалануды үшiншi жақтар, құқық иеленушiнiң келiсiмiмен ғана жүзеге асырылады.
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы №6-I Заңының 1-тармағына сәйкес Заң санаткерлiк меншiк саласында ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық), қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқықтар) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастары реттейдi.
Заңның 7-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес авторлық құқық объектiлерi ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар болып табылады.
2020 жылғы 1 шілдеде «Z» компаниясы «M» компаниясымен
2020 жылғы 25 мамырдағы Жаһандық әріптестік келісімге Қазақстандық толықтыру (бұдан әрі - Қазақстандық толықтыру) жасады, оған сәйкес «Z» компаниясы GPA-ға сәйкес «M» бағдарламалық қамтамасыз етулеріне қолжетімділік жөніндегі Жаһандық әріптестік келісімнің қатысушысы болады.
Сондай-ақ «M» компаниясы «M» корпорациясының еншілес кәсіпорны бола отырып, 2022 жылғы 1 ақпандағы хатпен «Z» компаниясының қазіргі уақытта «M» корпорациясының Жаһандық әріптестік келісіміне (GPA шарттары) сәйкес бағдарламалық өнімдерді таратуға лицензиясы бар екенін растайды.
Жоғарыда көрсетілген келісімдерді жасай отырып, «Z» компаниясы роялти төлеуге ұсынылған шоттарға сәйкес «M» компаниясының пайдасына роялти сомасын төлеуге міндеттенеді.
Қазақстандық қосымша шарттарына сәйкес:
«M» компаниясы «M» корпорациясымен, «M» компаниясының аффилиирленген компанияларымен және олардың тиісті лицензиарларымен бірлесіп, барлық авторлық құқықтарды, патенттік құқықтарды және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған барлық өзге де заттық құқықтарды немесе зияткерлік меншік құқықтарын сақтайтынына келіседі.
- GPA-дағы «роялтиге» немесе «Өнім үшін сыйақыға» сілтеме жасау кезінде күмән тудырмау үшін «M» компаниясына тиесілі және «Z» компаниясы Өнімдерді белгілі бір үшінші тұлғаларға ұсынудың айрықша емес шектеулі құқықтары үшін қарсы ұсыну ретінде төлеуге тиіс роялтиді бағдарламалық қамтамасыз етуге қатысты білдіреді. «Өнім үшін сыйақы» қызметтеріне қатысты «M» компаниясына тиесілі және «Z» компаниясының «M» компаниясы көрсететін қызметтері үшін қарсы ұсыну ретінде «Z» компаниясы төлеуге тиіс сыйақыны білдіреді. Барлық төлемдерді «Z» компаниясы GPA-ға прайс-парақта көрсетілген сомалардың негізінде есептелген «M» компаниясы ұсынған шоттарға сәйкес жүзеге асыруға тиіс.
3,5 мың дана мөлшердегі өнімдерге (лицензияларға) «M» компаниясы 2022 жылғы 20 шілдеде «Z» компаниясы «M» компаниясының атына төлеген 416,5 мың АҚШ доллары сомасына инвойстар қойды.
Екінші деңгейдегі банк ұсынған мәліметтер, сондай-ақ «M» компаниясының мекенжайына өнімдер үшін ақы төленгенін растайды.
Жаһандық әріптестік келісімде айтылған ұғымдарға сәйкес:
- «түпнұсқалық белгілері» COA, GML сияқты немесе қосымша шарттарда басқаша көрсетілгендей осы өнімге қатысты жапсырмалар мен түпнұсқалықтың сандық белгілерін білдіреді;
- «M» немесе «GML» бағдарламалық жасақтамасының түпнұсқалық жапсырмасы» «M» корпорациясы өнімнің цифрлық кілттерін пайдаланатын Өнімдер үшін тағайындаған түпнұсқалық сертификатын білдіреді;
- «Өнімнің цифрлық кілті» немесе «DPK» белгілі бір өнімдерді белсендіру мақсаттары үшін «M» корпорациясы ұсынған өнімнің цифрлық кілтін білдіреді;
- «Авторландырылмаған тарату» Өнімдердің, Өнім кілттерінің немесе Түпнұсқалық жапсырмалардың таралуын білдіреді:
(a) Клиенттік жүйеден бөлек (ұрлықты немесе форс-мажорлық жағдайлардан ерекшеленетін шығындарды қоса алғанда);
(b) тиісті Өнім үшін тиісті лицензиясы жоқ құрылғымен;
(c) Өнімге лицензияның қолданылу мерзімі өткеннен кейін;
(d) OPD-ге сәйкестік болмаған кезде; немесе
(e) қолданылатын Қосымша шарттарда көзделген қандай да бір географиялық шектеулерден тыс.
«Z» компаниясы жинақталатын компьютерлерде «W» операциялық жүйесін орнатады, орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етудің түпнұсқалығы корпустың алынбайтын бөлігінде орналасқан GML жапсырмасымен расталады.
Жаһандық серіктестік туралы келісіміне сәйкес: «Z» компаниясы өнім берушілер мен компания арасында Түпнұсқалық жапсырмаларды беру кезінде Түпнұсқалық жапсырмаларды жоғалтудың немесе бүлдірудің барлық тәуекелдерін өзіне алады. «Z» компаниясы барлық Түпнұсқалық жапсырмалар мен Өнім кілттерінің орналасқан жері туралы нақты есептерді қадағалауы және қолдауы тиіс.
Жаһандық әріптестік келісімнен түпнұсқа белгілерін (жапсырмаларды) авторландырылмаған пайдалануға және таратуға тыйым салынады, түпнұсқалықтың барлық белгілерінің орналасқан жері туралы нақты жазбалар бақыланады және жүргізіледі.
Бұдан басқа, «M» сайтындағы мәліметтерге сәйкес түпнұсқа «M» (GML) бағдарламалық жасақтамасының жапсырмасы жаңа құрылғыларда болуы тиіс, алдын ала орнатылған немесе лицензияланған «W-8», «W-8.1», «W-10», «W-11» кәсіби нұсқалары бар және/немесе «Кәсіби W» өніміне лицензиясы бар, бірақ алдын ала орнатылған «Кәсіби W-7» ОЖ қамтиды. Бұл құрылғылардың «Кәсіби W-8» лицензиясы бар, бірақ бұл ОЖ әдепкі қалпы бойынша орнатылмаған. Бұл құрылғыларда GML жапсырмасы болуы тиіс.
Осылайша, Ережеге сәйкес мынадай шарттар орындалады:
- 1-шарт: «Z» компаниясы импорттаған тауарлар - «өздігінен жабысатын жапсырмалар» өнімдер үшін түпнұсқалылық сертификаттары болып табылатын, өнімнің цифрлық кілттерін пайдаланатын және бағдарламалық қамтамасыз етумен тығыз «W» лицензиясының нақты дербес компьютерде бар екенін куәландыратындықтан, бұл ретте, шын мәнінде, зияткерлік меншік объектісін тасымалдаушы рөлін атқарады, осылайша әкелінетін тауарды бағдарламалық қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі бола отырып, авторлық құқық объектісіне қатысты болса, бағдарламалық қамтамасыз етудің неғұрлым жоғары коммерциялық құндылығын қалыптастырады, тиісінше пайдалану үшін лицензиялық төлемдер төленуге тиіс кедендік құнды айқындауға әсер етеді;
- 2-шарт: Жаһандық әріптестік туралы келісімге сәйкес «Z» компаниясы ғана жапсырмаларды және тек қана жапсырмалардың авторландырылған жеткізушісінен сатып ала алады. Осылайша, жапсырмаларды «M» өнімдерін сатып алуға лицензиясы бар және осы өнімдер үшін лицензиялық төлемдер (роялти) төлейтін компаниялар ғана сатып алады
Жаһандық әріптестік келісімге сәйкес тек «Z» компаниясы ғана жапсырмаларды және тек қана жапсырмалардың авторландырылған өнім берушісінен (-лерінен) сатып ала алады. Осылайша, жапсырмаларды «M» өнімдерін сатып алуға лицензиясы бар және осы өнімдер үшін лицензиялық төлемдер (роялти) төлейтін компаниялар ғана сатып алады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, «Z» компаниясы төлеген роялти сомасы Ережені ескере отырып, Кеден кодексінің 67-бабының
7-тармақшасының және Келісімнің 8-бабының негізінде тауарлардың кедендік құнына енгізуге жатады, осыған байланысты кедендік тексеру нәтижелері бойынша ҚҚС-ты есептеу заңды болып табылады.
Апелляциялық комиссияның шешімімен кедендік тексеру нәтижелері заңды деп танылды.



