Даудың түрі: салықтық даулар
Салық төлеуші санаты: заңды тұлға
Салық түрі: КТС (қызметтер бойынша шегерімдер)
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) Мемлекеттік кірістер басқармасының (бұдан әрі - салық органы) ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан корпоративтік табыс салығын есептеу туралы аумақтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға «М» Компаниясының апелляциялық шағымын алды.
Іс материалдарынан көрініп тұрғандай, салық органы «М» Компаниясына 01.1.2022ж. бастап 31.03.2024ж. дейнгі кезең үшін Салық кодесітін 96-бабында айқындалған тәртіпте камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасында КТС бойынша көрсетілген бұзушылықтардың болуын растау мәселесі бойынша тақырыптық тексеру жүргізді, оның нәтижелері бойынша 57 235,8 теңге сомасында КТС және 26 914 мың теңге өсімпұл есептеу туралы хабарлама шығарылды.
«М» Компаниясы салық органының қорытындысымен келіспей, апелляциялық шағыммен жүгінді, онда КТС есептеу бойынша салық органы шешімінің күшін жоюды сұрайды және бұл ретте мынадай дәлелдер келтіреді.
Шағымда салықтық тексеру барысында шаруашылық операциялары бойынша шығыстарды растайтын бастапқы бухгалтерлік құжаттар толық көлемде зерттелмегені және олардың «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 25.12.2017ж. Кодексінің (Салық кодексі) 242-бабына сәйкес шегерімге жатқызылғаны көрсетілген. «М» Компаниясы шеккен шығыстарды тиісті құжаттармен (шарттар, орындалған жұмыстардың актілері, тауар жүкқұжаттары, шот-фактуралар және т.б.) және «М» Компаниясының негізгі қызметімен байланыстысын растайды.
«М» Компаниясының айтуы бойынша 2022 жылғы КТС бойынша Декларация (н.100) бухгалтерлік есеп деректері бойынша жасалды және тиісті бастапқы құжаттармен расталады.
2022 жылғы КТС бойынша Декларацияның деректері бойынша мыналар көрсетілген: сатудан түскен табыс 417 146,7 мың теңге сомасында; 453 585,6 мың теңге сомасында қорлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, оның ішінде 323 808,7 мың теңге сомасында қорлар, 129 776,9 мың теңге сомасында өзге де қызметтер мен жұмыстар, 42 484,0 мың теңге сомасында салық кезеңінің соңына қорлар сатып алу; қызметкерлердің есептелген табыстары бойынша шығыстар 3 810,8 мың теңге сомасында; Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ), Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (МӘСҚ) 234,5 мың теңге сомасында аударымдар; салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді шегеру 198,4 мың теңге сомасында; шегерімдердің барлығы 415 345,3 мың теңге сомасында; 1 801,3 мың теңге сомасында салық салынатын табыс; КТС 360,3 мың теңге сомасында. Қызметкерлердің кірістерін есептеу, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді шегеру бойынша шығыстар 2022 жылғы салық есептілігінде (н.200) көрсетілген.
«М» Компаниясының пікірінше, салықтық тексеру нәтижелері бойынша 2022 жылға салық базасын анықтау және КТС есептеу кезінде Салық кодексінің ережелеріне сәйкес келмейтін есептерді қолдануға байланысты арифметикалық қателер жіберілді. Атап айтқанда, құжатпен расталған және «М» Компаниясының өндірістік қызметіне қатысты шығыстар шегерімнен шығарылды, сондай-ақ жекелеген операциялардың қосарланған көрсетілуіне жол берілді. Бұл мән-жайлар «М» Компанияның ішкі аудитімен және салықтық тексеру барысында тиісті түрде қаралмаған түсіндірмелермен расталады. Бұдан басқа, салықтық тексеру нәтижелері бойынша бастапқы құжаттардың дұрыс еместігі белгілері анықталған жоқ.
Салықтық тексеру актісінде, Салық кодексінің 242-бабына сәйкес 2022 жылға арналған шегерімдерден 286 178,8 мың теңге сомасындағы қызметтер мен жұмыстар бойынша растайтын құжаттарсыз шығыстар алып тасталды. Осыған байланысты, салықтық тексеру нәтижелері бойынша 2022 жылға 57 235,8 мың теңге сомасында КТС есептелді.
Шағымды қарау барысында мыналар анықталды.
Салық кодексінің 242-бабының 1, 3-тармақтарына сәйкес шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң кіріс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын кірісті айқындау кезiнде Салық кодекстің осы бабында және 243-263-баптарында белгіленген ережелер ескеріле отырып, шегерімге жатады.
Шегерiмдердi салық төлеуші өзінің кіріс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде іс жүзінде жүргізілген осындай шығыстар бойынша жүргiзедi.
Сонымен қатар, Салық кодексінің 190-бабының 3 тармағы бойынша салықтық есепке алу бухгалтерлік есепке алу деректеріне негізделеді. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасымен белгіленеді.
Бухгалтерлiк есеп туралы Заңның 6-бабының 3-тармағына бойынша операциялар мен оқиғалар бухгалтерлiк есеп жүйесiнде көрсетiледi, бұл ретте: бухгалтерлiк жазбаларды бастапқы құжаттардың түпнұсқаларына сайма-сай бекiту және бухгалтерлiк жазбаларда барлық операциялар мен оқиғаларды көрсету; операциялар мен оқиғаларды хронологиялық тәртiппен және уақтылы тiркеу етiлуге тиiс.
Бухгалтерлiк есеп туралы Заңның 1-бабының 2) тармақшасында eceпкe алу құжаттары (бұдан әрi - бастапқы құжаттар) - бухгалтерлiк есеп жүргiзуге негiз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактiсiнiң және оны жасауға берiлген құқықтың қағаз және электрондық жеткiзгiштегi құжаттық растамасы деп белгіленген.
Бухгалтерлiк есеп туралы Заңының 7-бабының 4 тармағына сәйкес бастапқы құжаттар операцияның немесе оқиғаның iске асырылу кезiнде не олар аяқтала салысымен жасалуға тиiс.
Бұл ретте Бухгалтерлiк есеп туралы Заңының 4-бабымен бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң мақсаты мүдделi тұлғаларды дара кәсiпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады деп белгіленген.
Осылайша, тиісті растайтын құжаттар болған кезде кіріс алуға бағытталған шығыстар шегерімге жатады.
Бұл жағдайда салық органы «М» Компаниясының атына камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органдары анықтаған тәуекелдің орташа дәрежесіндегі бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберді, атап айтқанда 01.01.2022ж. 31.12.2022ж. дейін (бұдан әрі - салық органының камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар туралы хабарлама).
№1 хаттама бойынша анықталған қателер 01.01.2022ж. бастап 31.12.2022ж. дейін алынған электрондық шот-фактура (ЭШФ) және резидент еместен сатып алынған қызметтер бойынша мәліметтерді салыстыру кезінде табылған сатып алынған жұмыстар мен қызметтер бойынша шегерімдердің артуы анықталды, бұзушылықтар сомасы 63 774,5 мың теңгені құрады.
«Анықталған бұзушылықтар бойынша таратып жазу» кестесіне сәйкес: 1) шегерімге жатқызылған айналым мөлшері (100.00.019.03.B +100.00.019.03.C+100.00.019.03.D+100.00.019.03.E+100.00.019.03.F+100.00.019.03.G+100.00.019.03.H) 384 027,6 мың теңге сомасында; 2) «М» Компаниясының атына жазып берілген ЭШФ-ға сәйкес айналым мөлшері, оған резидент еместен алынған 65 154,9 мың теңге сомасындағы қызметтер (101.04.001.4.IV); 3) ауытқу 318 872,7 мың теңге сомасында (384 027,6 - 65 154,9); 4) бұзушылық сомасы 63 774,5 мың теңге.
Салық тексеруін жүргізген қызметкер ұсынған ақпарат пен материалдар бойынша «М» Компаниясы салық органының камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар туралы хабарламаны орындамады. Осыған байланысты салық органы нұсқама негізінде салық органының камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтардың болуын растау мәселелері бойынша «М» Компаниясына тақырыптық тексеру жүргізді.
Салық кодексінің 190-бабының 1 тармағының 9) тармақшасына сәйкес тақырыптық тексеру - салық органы салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты Салық кодекстiң 96-бабында айқындалған тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеушiнiң (салық агентінің) орындамауы мәселелерi бойынша жүргiзетiн тексеру болып табылады.
Бұл жағдайда, салық органының камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар туралы хабарламасы бойынша 2022 жылғы КТС бойынша Декларация деректері (н.100) мен ЭШФ және резидент еместен көрсетілетін қызметтер деректері арасында алшақтық анықталды. Атап айтқанда, 2022 жыл үшін КТС бойынша Декларация 100.00.019.ІІІ. «Сатып алынған» жолы бойынша, оның ішінде: 100.00.019.ІІІ.B жолы бойынша «Қаржы қызметтері», 100.00.019.ІІІ.С жолы бойынша «Жарнама қызметтері», 100.00.019.ІІІ.D жолы бойынша «Консультациялық қызметтер», 100.00.019.ІІІ.Е «Маркетингтік қызметтер» жолы бойынша, 100.00.019, ІІІ.F «Дизайнерлік қызметтер» жолы бойынша, 100.00.019.03, ІІІ.G «Инжинирингтік қызметтер» жолы бойынша, 100.00.019.ІІІ.03.H «Өзге де қызметтер мен жұмыстар» жолы бойынша.
Осылайша, салық органының камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар туралы хабарлама шеңберінде сатып алынған қызметтер мен жұмыстар бойынша шығыстар бойынша шегерімдерді жоғарылату бөлігінде айырмашылықтар анықталды.
2022 жылғы КТС бойынша Декларацияның деректеріне (кезекті (31.03.2023ж.), қосымша (26.10.2023ж., 15.07.2024ж.) сәйкес 2022 жылға КТС бойынша Декларациялардың 100.00.019III «Сатып алынды» жолы бойынша, оның ішінде: 100.00.019.ІІІ.В «Қаржылық қызметтер» жолы бойынша - 96,7 мың теңге; 100.00.019.ІІІ.D «Консультациялық қызметтер» жолы бойынша - 1 800,0 мың теңге; 100.00.019.ІІІ.H «Өзге де қызметтер мен жұмыстар» жолы бойынша - 413 667,0 мың теңге көрсетілді.
Яғни, 2022 жылғы КТС бойынша Декларацияның деректері 100.00.019.ІІІІ жолы бойынша бойынша сатып алынған қызметтер мен жұмыстардың құны 415 563,7 мың теңгені (100.00.019.ІІІ.B + 100.00.019.ІІІ.D + 100.00.019.ІІІ.H) құрайды.
Өз кезегінде, салық органы салықтық тексеру жүргізу барысында «М» Компаниясының директорына салықтық тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттарды (бастапқы бухгалтерлік құжаттар, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, директордың жеке куәлігі, лауазымға тағайындау туралы бұйрық, айналым-сальдо ведомостары, салық тіркелімдері және т.б.) ұсыну туралы талап тапсырды.
«М» Компаниясы салықтық тексеруге көрсетілген талапты орындау үшін мыналарды: шарттар, қорларды тарапқа жіберуге жүкқұжаттар, шот-фактуралар, орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілері, 2022 жылға банктік үзінділер, ұсынды.
Атап айтқанда, «М» Компаниясы салықтық тексеру барысында сатып алу бойынша мынадай құжаттарды ғана ұсынды:
- 2022 жылғы 89 700,0 мың теңге сомасына тауарлық-материалдық қорлар (ТМҚ), оның ішінде ТМҚ сатып алу бойынша «А» Компаниясымен өзара есеп айырысу бойынша (ұсақтау кесіндісінің құмынан, үздіксіз қоспадан жасалған аяздан қорғау қабаты), барлығы 46 000,0 мың теңге сомасына; «Б» Компаниясымен ТМҚ сатып алу бойынша (қиыршық тас, кесек), барлығы 16 700,0 мың теңге сомасына; ТМҚ сатып алу бойынша «В» Компаниясымен (қиыршық тас, кесек), барлығы 27 000,0 мың теңге сомасына;
- 2022 жылға 37 800,0 мың теңге сомасына қызметтер, оның ішінде «Е» ДК-мен өзара есеп айырысу бойынша, барлығы 37 800,0 мың теңге сомасына самосвал, экскаватор, шағын тиегіш, су тасығыш қызметтерін сатып алу бойынша қызметтер.
Бұған дейін «М» Компаниясына салықтық тексеру салық органының камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар туралы хабарламасы бойынша анықталған бұзушылықтар шеңберінде жүргізілгені көрсетілген, олар бойынша қызметтер мен жұмыстар бойынша шығыстар бөлігінде шегерімдер бойынша алшақтықтар анықталған, осыған орай «М» Компаниясының 2022 жылға ТМҚ сатып алу жөніндегі құжаттары қарауға жатпайды.
Салықтық тексеру актісінің «Салықтық тексеру деректері бойынша» бөлімінде қызметтер, жұмыстар бойынша шығыстар бойынша 2022 жылға шегерімдердің жалпы сомасы 129 384,9 мың теңгені құрағанын көрсету қажет.
Салықтық тексеру жүргізген қызметкер шағымды қарау барысында ұсынған ақпарат пен материалдарға (шарттар, бастапқы және өзге де құжаттар) сәйкес, АҚ АЖ деректері бойынша 2022 жылы «М» Компания 129 384,9 мың теңге сомасына қызметтер, жұмыстар сатып алынды, оның ішінде:
- «Е» ДК-ден барлығы 37 800,0 мың теңге сомаға самосвал, САТ330-336 экскаватор, шағын тиегіш, су тасығыш қызметтері сатып алынды;
- «О» ДК-ден гранит жиектемесін төсеу, кеспе тастарды төсеу бойынша барлығы 26 430,0 мың теңге сомаға қызметтер сатып алынды.
Яғни, салықтық тексеру нәтижелері бойынша қызметтер мен жұмыстар бойынша шығыстар бойынша 2022 жылға шегерімдер 129 384,9 мың теңге сомасында анықталды, оған «Е» ДК, «О» ДК өзара есеп айырысулар бойынша шығыстар да кіреді.
«Т» ДК ЭШФ бойынша тауарларды сатып алуға қатысты, барлығы 50 600,0 мың теңге сомасына, себебі «М» Компаниясының салықтық тексеруі қызметтер мен жұмыстар бойынша шығыстар бөлігінде шегерімдер бойынша анықталған бұзушылықтар шеңберінде, осыған орай, «М» Компанияның көрсетілген құжаты 2022 жылға ТМҚ сатып алу бойынша қарауға жатпайды.
Бұдан басқа, «М» Компаниясы шағымға өздерінің талаптарын растау үшін 2022 жылғы салықтық есепке алу Тіркелімдерін қоса берді:
- КТС бойынша Декларацияның 100.00.019.ІІІА жолына 323 808,7 мың теңге сомасында. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20.01.2020ж. №39 бұйрығымен бекітілген «КТС бойынша декларация (100.00-нысан)» салық есептілігін жасау Ережесінің 17-тармағына сәйкес (бұдан әрі - № 39 Ереже) 100.00.019IIIА жолында салық төлеуші есепті салық кезеңі ішінде сатып алған, өтеусіз алған қорлардың өзіндік құны көрсетіледі. «М» Компаниясының салықтық тексеруі салық органының камералдық бақылау нәтижелері бойынша сатып алынған қызметтер мен жұмыстар бойынша шығыстар бойынша шегерімдерді арттыру бөлігінде анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама шеңберінде жүргізілгендіктен, осыған орай «М» Компаниясының қорларды сатып алу бойынша шығыстар бөлігінде талаптары дұрыс емес болып табылады;
- КТС бойынша Декларацияның 100.00.019.ІІІН жолына 129 776,9 мың теңге сомасында. Ереженің 17-тармағына сәйкес 100.00.019 ІІІН жолында есепті салық кезеңі ішінде сатып алынған өзге де жұмыстар мен қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі. Осы жол КТС бойынша Декларацияның 100.00.010 - 100.00.019 жолдары бойынша шегерімге жатқызылатын сатып алынған жұмыстар, қызметтер бойынша шығыстар сомасын қамтымайды.
Бұл жағдайда, «М» Компаниясы 2022 жылғы КТС бойынша Декларацияда (кезекті, қосымша) 100.00.019. ІІІ.H жолы бойынша 413 667,0 мың теңге сомасында өзге де қызметтер мен жұмыстарды сатып алуды көрсетті.
Сонымен қатар, «М» Компаниясы Салық кодексінің 179-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкес шағымға салықтық тексеру нәтижелері бойынша 2022 жылға шегерімнен шығарылған өзге де қызметтер мен жұмыстарды сатып алу бойынша шығыстар сомасын растайтын құжаттарды қоса бермеді.
Осылайша, жоғарыда көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, «М» Компаниясының 2022 жылға арналған шегерімдерді салықтық тексеру нәтижелері бойынша қызметтер мен жұмыстар бойынша шығыстарды растайтын құжаттарсыз 286 178,8 мың теңге сомасына негізсіз азайту туралы дәлелдері дұрыс емес болып табылады.
Баяндалғанды негізге ала отырып, растайтын құжаттарсыз қызметтер мен жұмыстар бойынша шығыстар бойынша 286 178,8 мың теңге сомасында 2022 жылға шегерімдер сомасын азайту бойынша салықтық тексеру нәтижелері және, осыған орай 57 235,8 мың теңге сомасында 2022 жылға КТС есептеу негізделген болып табылады.
Апелляциялық комиссия отырысының қорытындысы бойынша салық органының тексеру нәтижелері туралы даулы хабарламаны өзгеріссіз қалдыру және шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылданды.



