Учёт

Еркін кеден аймағының кедендік рәсімін аяқталмауы

98

Кедендік даулар

Заңды тұлға

«Еркін кедендік аймақ» кедендік рәсімінің аяқталмауы


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) аумақтық мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – кеден органы) кедендік әкелу бажының және қосылған құн салығының есептелуі бойынша жүргізілген тексеру нәтижелері туралы хабарламасына қатысты «I» компаниясынан шағым түсті.

Іс материалдарынан анықталғандай, кеден органы «еркін кедендік аймақ» (бұдан әрі – ЕКА) кедендік рәсімін толтыру мәселесі бойынша кедендік тексеру жүргізді, оның нәтижелері бойынша жалпы сомасы 1 415,0 млн. теңгеге хабарлама берілді.

«I» компаниясы кеден органының қорытындысымен келіспей, апелляциялық шағым түсіріп, онда кеден органының шешімінің күшін жоюды сұрады.

Кедендік тексеру 19.07.2022ж. бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындамау негізінде жүргізілді, оның нәтижелері бойынша 120 тауарларға арналған декларация (бұдан әрі - ТД) бойынша Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының (бұдан әрі - ХШЫО) арнайы экономикалық аймағының (бұдан әрі - АЭА) резиденті (қатысушысы, субъектісі) мәртебесін жоғалтқан кезде ЕКА кедендік рәсімін аяқтамау бөлігінде бұзушылықтар анықталды.

2016 жылдан бастап «I» компаниясы сауда үйін (бұдан әрі – Құрылыс жобасы) салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыра отырып, ХШЫО АЭА аумағында инвестор болып табылады.

Жобаны іске асыру ХШЫО АҚ-мен жасалған құжаттар негізінде жүзеге асырылды:

1. ХШЫО-ның қазақстандық бөлігімен ынтымақтастық туралы шарт;

2. Объектіге құрылыс салу шарты;

3. 11.02.2020 ж. қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру жөніндегі АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт (бұдан әрі - 11.02.2020ж. Шарт).

Инвестициялық жобаны іске асыру АЭА-ның ескі басшылығымен тиісті түрде басталды, бірақ Құрылыс объектісі 95% аяқталған кезде «АЭА Басқарушы компаниясы» АҚ (бұдан әрі - Басқарушы компания) «I» компаниясына 24.06.2021ж. Шарттың бұзылғаны туралы хабарламаны (бұдан әрі - Бұзу туралы хабарлама) жолдады, соның негізінде 11.02.2020ж. Шартты бір жақты тәртіппен бұзылған деп танылады.

«I» компаниясы АЭА аумағында инвестициялық жобаны жүзеге асыру кезінде салықтық және кедендік жеңілдіктерге ие болды, бар және жоғалтпады деп мәлімдейді.

«I» компаниясы «АЭА қатысушысы мәртебесін жоғалтқанға дейін» ЕКА кедендік рәсімімен 120 ТД-дан төмен тауарларды орналастырды, онда кедендік төлемдер мен салықтардан босатудың жалпы сомасы 975,1 млн. теңгені құрады.

«I» компаниясы 11.02.2020ж. Шарттың талаптары бойынша міндеттемелер тоқтатылмаған деп санайды, оған сәйкес Шарттың қолданылу мерзімінің өтуі тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерін тоқтатуға әкеп соқпайды, ал Шарттың қолданылу мерзімі осы АЭА жұмыс істей алатын мерзімнен аспайды.

11.02.2020ж. Шарттың біржақты бұзылуына қатысты «I» компаниясы Құрылыс жобасының 95% аяқталуына байланысты келіспейтінін хабарлайды және Басқарушы компания Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 402-бабының 2-тармағына сәйкес 11.02.2020ж. Шартты бұзу туралы сот органдарына жүгіну қажет деп санайды.

«I» компаниясының мәліметі бойынша, 11.02.2020ж. Шарт заңды түрде бұзылмаған, яғни міндеттемелер күшінде болған кезде Құрылыс жобасына рейд жүргізу әрекеті жасалған.

«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 03.04.2019ж. №242-VI Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 4-тармағына сәйкес АЭА қатысушысы – арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларының бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі – Тізім) енгізілген заңды тұлға.

«I» компаниясы АЭА қатысушысы мәртебесін жоғалтқан жоқ деп есептейді, ал Басқарушы компания Заңның 9-бабында көзделген қазіргі заманғы өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту, қызметтер көрсетудің сапалы жаңа деңгейін қалыптастыру, инвестициялар тарту, экономика салалары мен өңірлерге жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуды арттыру бойынша АЭА құру мақсатын бұзды. Шектері ЕАЭО кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара сәйкес келетін АЭА шекара маңы саудасын және шекара маңы аумақтарының экономикасын дамыту, көлік инфрақұрылымын, туризмді және Қазақстан Республикасының шекара маңы аумақтарының мәдени өзара іс-қимылын дамыту мақсатында құрылады.

Кейіннен, «I» компаниясы Басқарушы компанияға қарсы сот органдарына (бұдан әрі – МАЭС) Бұзу туралы хабарламаны заңсыз деп тану туралы талап қойды.

Сот талқылауының нәтижелері бойынша 14.09.2023ж. МАЭС шешімімен (бұдан әрі – МАЭС шешімі) «I» компаниясының талап арызы қанағаттандырылды, Бұзу туралы хабарлама заңсыз деп танылды.

МАЭС шешімі 20.10.2023ж. заңды күшіне енді.

МАЭС Шешімін орындау үшін Басқарушы компания 14.02.2024ж. «I» компаниясымен 01.08.2020ж. қолдану бастап туындаған қатынастарға 31.05.2024ж. дейінгі мерзімге 11.02.2020ж. Шартқа қосымша шарт жасалған, және «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ (бұдан әрі – Үйлестіру орталығы) қосымша келісім жасалған негізінде «I» компаниясының Тізілімге енгізу туралы 15.02.2024ж. хат жолданған.

Сондай-ақ, «I» компания Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына инвестордың құқықтарын бұзу және мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттері туралы шағым жолдады.

Баяндалғанның негізінде «I» компаниясы Хабарламаны толық жоюды сұрайды.

СЭҚ қатысушының дәлелдерін қарап, кеден органы ұсынған материалдарды зерттеп, уәкілетті орган мынадай қорытындыға келді.

Қазақстан Республикасының от 30.06.2010 г. №312-IV Заңымен Кеден одағының кедендік аумағындағы АЭА және ЕКА кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісім (бұдан әрі – Келісім) ратификацияланған.

Келісімнің 1-бабына сәйкес АЭА - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет аумағының мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген шектердегі бір бөлігі, мұнда кәсіпкерлік және өзге қызметті жүзеге асырудың ерекше (арнайы құқықтық) режимі қолданылады, сондай-ақ ЕКА кедендік рәсімі қолданылуы мүмкін.

АЭА қатысушы - осы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен мүше мемлекеттің аумағында тіркелген және еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар резиденттерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер.

«Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 281-бабының 2-тармағына сәйкес АЭА қатысушыларының АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы келісімге сәйкес кәсіпкерлік мақсаттарында АЭА аумағына қоюға және (немесе) онда пайдалануға арналған тауарлары еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылады.

Қарастырылып отырған жағдайда, «I» компания 120 ТД бойынша 2019 жылдың желтоқсан айынан 2020 жылғы қаңтар айына дейін ЕКА кедендік рәсімі бойынша Қытайдан тауарлар (бетон, цемент, керамикалық плитка, кабельдер, есіктер, терезелер және т. б.) әкелінген, олар бойынша жалпы сомасы босату кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден 975,1 млн. теңге құрады.

Кодексінің 558-бабының 3-тармағында көзделген ЕКА кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктері туралы өтпелі ережелер пайдалана отырып тауарларды декларациялау жүзеге асырылды.

Акционерлік қоғамымен «Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы» инвестициялық нысанның құрылысына 10.08.2017ж. келісім-шарт жасалған АЭА-ға қатысушы ретінде тіркеу туралы құжаттар болды.

Кейіннен Компания «I» Құрылыс жобасы салу және пайдалануға беру Басқарушы компаниямен 11.02.2020ж. Шарт жасалды.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің №468 05.07.2019ж. бұйрығымен бекітілген АЭА қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес Басқарушы компаниясынын хабарламасы және 11.02.2020ж. Шарт негізінде «I» компаниясы АЭА қатысушы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлік бере отырып, 20.02.2020ж. Тізілімге енгізілді.

Кейіннен, Басқарушы компанияның «I» компаниясымен 11.02.2020ж. Шартын 02.12.2021г. бұзу туралы хабарлама кеден органының атына жіберілді.

Кодексінің 287-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес ЕКА кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды ЕКА кедендік рәсімімен орналастырған тұлға АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) мәртебесін жоғалтқан жағдайда – тұлға осы мәртебесін жоғалтқан күннен бастап алты ай ішінде аяқталуға тиіс.

Шағымды қарау барысында уәкілетті орган «I» компания АЭА резиденті (қатысушы субъектінің) ретінде мәртебесін анықтау үшін Үйлестіру орталығына тиісті сұрау салу (22.05.2023ж.) жасалған.

Үйлестіру орталығын 30.05.2023ж. жауабына сәйкес, «I» компаниясы АЭА қатысушы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлік бере отырып, 20.02.2020ж. Тізілімге енгізілді.

Бұдан әрі, Басқарушы компания бір жақты тәртіппен (себебі біржақты бұзу – шарт талаптарының орындамағаны үшін) «I» компаниясы Бұзу туралы хабарлама негізінде Тізілімнен 02.07.2021ж. алып тасталды.

Компаниясы «I» шағымды қарау барысы «I» компаниясы Басқарушы компанияға қарсы сот органдарына (бұдан әрі – МАЭС) Бұзу туралы хабарламаны заңсыз деп тану туралы талап қойды.

Сот талқылауының нәтижелері бойынша 14.09.2023ж. МАЭС шешімімен (бұдан әрі – МАЭС шешімі) «I» компаниясының талап арызы қанағаттандырылды, Бұзу туралы хабарлама заңсыз деп танылды.

МАЭС шешімі 20.10.2023ж. заңды күшіне енді.

МАЭС Шешімін орындау үшін Басқарушы компания 14.02.2024ж. «I» компаниясымен 01.08.2020ж. қолдану бастап туындаған қатынастарға 31.05.2024ж. дейінгі мерзімге 11.02.2020ж. Шартқа қосымша шарт жасалған, және Үйлестіру орталығы қосымша келісім жасалған негізінде «I» компаниясының Тізілімге енгізу туралы 15.02.2024ж. хат жолданған.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, уәкілетті орган Басқарушы компанияға (26.08.2024ж.) «I» компания Тізілімінде 24.06.2021-24.12.2021жж. кезеңінде (Кодексінің 287-бабында белгіленген 6 ай мерзімі) мәліметтердің болуы жөніндегі ұсыну туралы және Үйлестіруші орталық (26.08.2024ж. және 12.09.2024ж.) енгізу туралы «I» компаниясының Тізіліміне 24.06.2021-24.12.2021жж. кезеңінде тіркеу және «I» компания қалпына келтіру қосымша келісім жасалған негізінде сұрау салулар жолданды.

Басқарушы компания 06.09.2024ж. хатпен «I» компаниясы 24.06.2021-24.12.2021жж. кезеңінде АЭА қатысушысы болған жоқ, сондай-ақ Үйлестіру орталығы «I» компания 11.02.2020ж. Шарт және оған қосымша келісім жасалған негізінде қалпына келтіру жөніндегі теріс жауап берілген мәліметтер ұсынылды.

Сонымен бірге, Басқарушы компания жауап беру күнге ұсынған мәліметтер бойынша «I» компаниясы Құрылыс жобасын құрылысы бойынша жобаны іске асыратын ХШЫО АЭА аумағында өз қызметін жүзеге асыратын инвестициялық компания болып табылады.

Үйлестіру орталығы 02.09.2024ж. және 27.09.2024ж. хаттарымен қолданылу мерзімі 31.07.2020ж. аяқталған 11.02.2020ж. Шартының уақтылы ұзартылмауына байланысты, «I» компаниясын бастапқы 11.02.2020ж. Шарт негізінде Тізілімде қалпына келтіру мүмкін емес, өйткені 11.02.2020ж. Шартты қалпына келтіру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген туралы ақпарат хабарланды.

Уәкілетті орган 09.06.2025ж. хатпен Үйлестіру орталығына «I» компаниясының АЭА қатысушыларының тізіліміне «ХШЫО» АЭА қатысушысы ретіндегі қалпына келтіру туралы толық ақпаратты немесе қалпына келтіруден бас тартудың негізін ұсыну туралы қайталама сұрау салу жолдады.

Үйлестіру орталығы 09.06.2025ж. хатында келесі ақпаратты берді.

«I» компаниясы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына инвесторлардың құқықтарының бұзылуы және мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттері туралы шағым түсірді, оны қарау барысында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне (бұдан әрі – ҚР ӨҚМ) 14.05.2025ж. Заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс (бұдан әрі – Ұсыныс) енгізді.

Ұсынысты орындау шеңберінде Басқарушы компания «I» компаниясымен 02.06.2025ж. қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасады (бұдан әрі – 02.06.2025ж. Шарт), оны жасасу үшін МАЭС шешімі, Ұсынысы, сондай-ақ 11.02.2020 Шартты қалпына келтіру болмауы мүмкіндігінің негіз болды.

02.06.2025ж. Шарттың мәні АЭА қатысушысының Құрылыс жобасын салу және пайдалануға беру жөніндегі қызметтің басым түрін «ХШЫО» АЭА аумағында қызметін қайта бастауы және іске асыруы болып табылады.

02.06.2025ж. Шарттың талаптары 11.02.2020ж. бастап туындаған қатынастарға қолданылады және 30.12.2040ж. дейін қолданылады.

02.06.2025ж. Шарттың басталу күнін анықтау осы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын МАЭС шешіміне және ұсынуға негізделген.

Кейіннен Басқарушы компания Үйлестіру орталығына 02.06.2025ж. Шарт жасалған негізінде «I» компаниясын АЭА қатысушыларының тізіліміне енгізу туралы 02.06.2025ж. хат жолдады.

02.06.2025ж. Шарттың және Басқарушы компанияның 02.06.2025ж. хатының негізінде «I» компаниясы «ХШЫО» АЭА қатысушыларының тізіліміне енгізілген (02.06.2025ж. куәлік).

Сондай-ақ, уәкілетті орган ҚР ӨҚМ-не 08.10.2024ж., 24.12.2024ж., 18.04.2025ж. және 09.06.2025ж. «I» компаниясы АЭА Тізіліміне «ШЫХО» АЭА қатысушысы ретінде 11.02.2020ж. Шартқа жасалған қосымша келісім негізінде қалпына келтіру және енгізу мүмкіндігін қарастыру туралы сұрау салулар жолдады.

ҚР ӨҚМ 11.06.2025ж. хатпен Үйлестіру орталығының 02.06.2025ж. Шарт негізінде «I» компаниясын «ХШЫО» АЭА қатысушыларының тізіліміне енгізу туралы 11.02.2020ж. бастап туындаған және 30.12.2040ж. дейін қолданыста болған қатынастарға қолданылу туралы ақпаратты растады.

Осылайша, 11.02.2020ж. бастап туындаған және 30.12.2040ж. дейін қолданыста болған қатынастарға қолданылатын 02.06.2025ж. Шарты негізінде Құрылыс жобасын салу және пайдалануға беру жөніндегі қызметінің басым түрін жаңғыртуды және жүзеге асыруды ескере отырып, «I» компаниясы АЭА қатысушысы мәртебесін жоғалтқан жоқ, осыған байланысты кеден органының кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу заңсыз болып табылады.

Апелляциялық комиссияның шешімімен кедендік тексеру нәтижелері заңсыз деп танылды.