Учёт

Бұл жүйенің ақауыма әлде біз бір жерден қателесіп тұрмызба?




Сұрақ:

Алкоголь өнімін үшінші елдерден иморттаушы болып табыламыз. Бүгінгі таңда виртуалды қоймаға барлық қалдықтарды еңгіздік. Алайда, ТІЖ рәсімдеу барысында қоймада бұл тауар жоқ деген қателікті көрсетіп тұр. Қоймада тауар бар болсада ақпараттық жүйе мынандай қателікке неге жол береді? Бұл жүйенің ақауыма әлде біз бір жерден қателесіп тұрмызба?


Жауап:

Жоқ, бұл жүйенің қателігі емес. Сіз алғашқыда Виртуалды қоймаға тауарды қалай еңгіздіңіз соны мұқият тексеру қажет. Тауардың коды, баж түрі, өлшем бірлік т.с.с. толтырылған бағандарын тексеріңіз. Әсіресе өлшем бірліктің еңгізілуіне басты назар аударғаныңыз дұрыс. Егер, виртуалды қоймаға тауар литр немесе дана өлшем бірлігімен еңгізілсе, онда ТІЖ-да сол өлшем бірлікпен жазылуы тиіс.