Учёт

Минфин разрабатывает мобильное приложение по ККМ онлайн для ИП и самозанятых

1124

Министерство финансов РК заявляет о своем намерении способствовать разработке и внедрению до конца 2020 года мобильного приложения для индивидуальных предпринимателей (в том числе самозанятых граждан и налогоплательщиков, работающих по патенту), которое может выступить бесплатной альтернативой контрольно-кассовым машинам с онлайн-функцией.

Кроме того, ведутся работы с банками второго уровня касательно интеграции информационных систем Комитета государственных доходов (ИС КГД) с банковскими цифровыми решениями для малого и среднего бизнеса. 

Предполагается, что мобильные приложения, осуществляющие переводы между физическими лицами и предпринимателями, также станут бесплатной альтернативой онлайн-ККМ и пос-терминалам и даже смогут предоставлять дополнительные сервисы - онлайн-регистрацию, онлайн сдачу налоговой отчетности и уплату налогов. 

В данный момент онлайн-ККМ являются одним из ключевых инструментов качественного налогового администрирования. Сведения с контрольно-кассовых машин позволяют органам государственных доходов анализировать объем денежных расчетов за реализованные товары и оказанные услуги.

Следует понимать, что онлайн-чеки составляют огромные массивы данных и интеграция ИС КГД со всеми точками продаж напрямую имеет очень высокие риски работоспособности. В этой связи было принято решение о том, что фискальные данные будут приниматься, храниться и передаваться в ИС КГД через операторов фискальных данных.

Такая архитектура реализована во многих странах мира. Более того, к примеру в Российской Федерации, через частных операторов передаются не только фискальные данные, но и счета фактуры.

С 2014 года оператором фискальных данных определен АО «Казахтелеком». Вместе с тем, в 2019 году проведена работа по передаче функции оператора фискальных данных (ОФД) в конкурентную среду. На сегодняшний день функции ОФД осуществляют 4 юридических лица (АО «Казахтелеком», АО «Транстелеком», ТОО «Кар-тел» и АО «KazTransCom»). Данные меры приняты в целях снижения стоимости и повышения качества услуг.  Так, на сегодня АО «Транстелеком» снизил цену до 1400 тенге.

Применение онлайн-ККМ стимулирует развитие отечественной IT-отрасли. На сегодняшний день появился целый ряд мобильных онлайн-ККМ, являющихся приложением на смартфоне, некоторые из которых уже распространяются на бесплатной основе. Возможности и безопасность данных пилотных разработок изучаются специалистами МФ РК. 

Комитет госдоходов РК

 

 

ҚР Қаржы министрлігі 2020 жылдың соңына дейін онлайн бақылау-кассалық машинасына (онлайн БКМ) балама ретінде дара кәсіпкерлерге (өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға, салық төлеушілерге, патент бойынша жұмыс істейтіндерге) арналған тегін мобильдік қосымша әзірлеуге ықпал ететінін мәлімдеді. 

Сондай-ақ, шағын және орта бизнес өкілдері үшін Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерін екінші деңгейлі банктермен интеграциялау жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта жеке тұлғалар мен кәсіпкерлердің ақшалай аударымдары үшін пайдаланылатын мобильді қосымша онлайн БКМ мен пос-терминалдардың тегін баламасы ретінде жұмыс істемек. Оған қоса жаңа жүйе онлайн тіркеуге тұру, онлайн түрде салықтық есеп тапсыру және салық төлеу сынды функцияларды қамтымақ.

Қазіргі таңда онлайн бақылау-кассалық машинасы салықтық әкімшілендірудің негізгі тетігі болып отыр. Онлайн бақылау-кассалық машинасынан алынған деректер Мемлекеттік кірістер комитетіне тауарлар мен қызметтер үшін төленген қаражатқа сараптама жасауға мүмкіндік беріп отыр. Онлайн түбіртектер ауқымды деректер қорын жинайтындықтан, Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесін барлық сауда нүктелерімен интеграциялау тиімсіз. Сондықтан фискалды деректерді қабылдау, сақтау және МКК ақпараттық жүйесіне жолдау функциясын фискалдық деректер операторы арқылы жүзеге асыру туралы шешім қабылданған. Мұндай тәжірибе әлемнің өзге елдерінде де кеңінен қолданылады. Ал көршілес Ресей Федерациясын мысалға алар болсақ, онда фискалдық деректер ғана емес, шот фактуралардың ақпараттық жүйесі де жеке меншік операторларға берілген.  

Қазақстанда 2014 жылдан бастап фискалдық деректер операторы ретінде «Қазақтелеком» АҚ жұмыс істеп келген. Ал 2019 жылы бұл қызметті бәсекелестік ортаға беру туралы шешім қабылданды. Осылайша, қазіргі таңда фискалдық деректер операторы функциясын 4 заңды тұлға жүзеге асыруда («Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Кар-тел» ЖШС және «KazTransCom» ЖШС). Бұл шаралар қызметтің құнын төмендетіп, сапасын арттыру мақсатында қолға алынған. Бүгінде «Транстелеком» АҚ қызмет құнын 1400 теңгеге дейін төмендетті.

Онлайн бақылау-кассалық машиналарын пайдалану отандық IT саласын дамытуға үлес қоспақ. Бүгінде смартфондарда мобильді онлайн бақылау-кассалық машиналары қосымшаларының бірнеше түрі бар. Олардың кейбірі ақысыз негізде жұмыс істейді. ҚР ҚМ мамандары мұндай пилоттық жобалардың мүмкіндіктері мен қауіпсіздігін зерттеуде.
Учёт Касса - Месяц обслуживания в подарок!