Учёт

Кто не сдает отчетности по иностранному финансированию по ф. 017, 018

1925

Согласно пункту 1 статьи 29 Налогового кодекса РК, от представления отчетности по формам 017.00, 018.00 освобождаются:

1) государственные учреждения;

2) лица, занимающие ответственные государственные должности, лица, уполномоченные на выполнение государственных функций, депутаты Парламента РК и маслихатов, за исключением депутатов маслихатов, осуществляющих свою деятельность на неосвобожденной основе, военнослужащие, сотрудники правоохранительных и специальных государственных органов при выполнении должностных обязанностей;

3) банки второго уровня, организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций, страховые организации;

4) налогоплательщики, подлежащие налоговому мониторингу;

5) организации дошкольного и среднего образования, организации образования, реализующие образовательные программы технического и профессионального, послесреднего, высшего и послевузовского образования, а также автономные организации образования и международные школы;

6) лица, занимающиеся частной практикой, арбитры, оценщики, аудиторы, за деньги и (или) иное имущество, полученные в связи с осуществлением деятельности;

7) субъекты квазигосударственного сектора;

8) дипломатические и приравненные к ним представительства иностранного государства, консульские учреждения иностранного государства, аккредитованные в РК, а также на их сотрудников;

9) деньги и (или) иное имущество, направленные на развитие национальных, технических и прикладных видов спорта, поддержку и стимулирование физической культуры и спорта, а также предназначенные для проведения спортивных мероприятий, в том числе международных спортивных соревнований, спортивно-массовых мероприятий;

10) деньги и (или) иное имущество, получаемые на основании международных договоров РК;

11) деньги и (или) иное имущество, получаемые в целях оплаты лечения или прохождения оздоровительных, профилактических процедур;

12) деньги и (или) иное имущество, получаемые в виде выручки по внешнеторговым контрактам;

13) деньги и (или) иное имущество, получаемые за организацию и осуществление международных перевозок, оказание услуг международной почтовой связи;

14) деньги и (или) иное имущество, получаемые в рамках заключенных в соответствии с законодательством РК инвестиционных контрактов;

15) суммы дивидендов, вознаграждений, выигрышей, ранее обложенные индивидуальным подоходным налогом у источника выплаты, при наличии документов, подтверждающих удержание такого налога у источника выплаты;

16) в иных установленных Правительством РК случаи.

УГД по г.Балхаш


Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті табыс етуден қандай санат тұлғалары босатылады?

ҚР Салық кодексінің29-бабы 1-тармағына сәйкес 017.00, 018.00 нысандар бойынша есептілікті табыс етуден мынадай тұлғалар:

1) мемлекеттік мекемелерге;

2) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын тұлғалар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар, Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихаттар депутаттарына, өз қызметін босатылмаған негізде жүзеге асыратын мәслихаттар депутаттарын қоспағанда, әскери қызметкерлер, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне;

3) екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру ұйымдарына;

4) салық мониторингіне жататын салық төлеушілер;

5) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен халықаралық мектептерге;

6) жеке практикамен айналысатын тұлғалардың, төрешілердің, бағалаушылардың, аудиторлардың қызметін жүзеге асыруға байланысты алынған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

7) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне;

8) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне, сондай-ақ олардың қызметкерлеріне;

9) спорттың ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлерін дамытуға, дене шынықтыру мен спортты қолдауға және ынталандыруға бағытталған, сондай-ақ спорттық іс-шараларды, оның ішінде халықаралық спорттық жарыстарды, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

10) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

11) емделудің ақысын төлеу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өту мақсатында алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

12) сыртқы сауда келісімшарттары бойынша пайда түрінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

13) халықаралық тасымалдарды ұйымдастырғаны және жүзеге асырғаны үшін, халықаралық пошта байланысы қызметтерін көрсеткені үшін алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарттар шеңберінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

15) төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалғанын растайтын құжаттар болған кезде, төлем көзінен бұрын осындай салық салынған дивиденттердің, сыйақылардың, ұтыстардың сомаларына;

16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де жағдайларға босатылады.

Балқаш қаласы бойынша МКБ