Согласно статье 189 Кодекса «О таможенном регулировании в РК», временное таможенное декларирование путем подачи временной декларации на товары допускается в следующих случаях:
1) перемещения товаров через таможенную границу Евразийского экономического союза трубопроводным транспортом;
2) на товары, в отношении которых не могут быть представлены точные сведения о количестве и (или) таможенной стоимости.
Период времени, в течение которого осуществляется поставка товаров, выпущенных в соответствии с заявленной таможенной процедурой, из места совершения таможенных операций или отправления при вывозе с территории Республики Казахстан, а также из места прибытия или ввоза на территорию Республики Казахстан, не должен превышать календарный месяц (далее в настоящей статье – период поставки). При это местами отправления и ввоза товаров, перемещаемых трубопроводным транспортом, являются места установки приборов учета, находящиеся на территории Республики Казахстан или за ее пределами в соответствии со статьей 375 настоящего Кодекса.
Временная декларация на товары принимается таможенными органами не ранее чем за пятнадцать календарных дней до начала поставки.
После поставки товаров декларант обязан подать полную декларацию на товары в соответствии с настоящим пунктом.
Подача полной декларации на товары осуществляется не позднее девяноста календарных дней со дня, следующего за днем окончания периода поставки товаров, заявленных во временной декларации на товары.
По мотивированному обращению декларанта срок подачи полной декларации (полных деклараций) продлевается таможенным органом на срок, необходимый для завершения поставки, но не более чем на сорок пять рабочих дней.
Документом, подтверждающим фактический вывоз товаров, перемещаемых трубопроводным транспортом, с таможенной территории Евразийского экономического союза, или фактический ввоз товаров, перемещаемых трубопроводным транспортом, на территорию Евразийского экономического союза, является полная декларация на товары с отметками таможенного органа, производившего таможенное декларирование таких товаров.
Во временной декларации на товары допускается заявление сведений об ориентировочном количестве товаров, их предварительной таможенной стоимости на день подачи, определенной на основе расчетной цены товаров, предусмотренной договором (контрактом), на основании которого осуществляется перемещение товаров. Сведения о транспортных средствах при временном таможенном декларировании не указываются, если на момент подачи временной таможенной декларации такие сведения не известны.
Количество перемещенных товаров не должно превышать количество, заявленное во временной декларации на товары.
При временном таможенном декларировании применяется законодательство Евразийского экономического союза и Республики Казахстан, в том числе меры таможенно-тарифного регулирования, ставки вывозных таможенных пошлин, ставки таможенных сборов за таможенное декларирование, ставки налогов, льготы по уплате вывозных таможенных пошлин, льготы по уплате налогов, запреты и ограничения, меры защиты внутреннего рынка, курсы валют, действующие на день регистрации таможенным органом временной декларации на товары.
В случае если на момент подачи временной таможенной декларации не определен конкретный покупатель (получатель), то декларант подает одну временную таможенную декларацию на поставку товаров в рамках одного договора (контракта) с последующим представлением нескольких полных таможенных деклараций по количеству фактических покупателей (получателей).
Таможенные пошлины, налоги уплачиваются до выпуска товаров таможенными органами при подаче временной таможенной декларации. Если сумма подлежащих уплате таможенных пошлин, налогов увеличивается в результате уточнения сведений, указанных в пункте 4 настоящей статьи, доплата осуществляется при подаче полной декларации на товары до их выпуска таможенными органами. Пени в указанном случае не начисляются. Возврат излишне или ошибочно уплаченных сумм таможенных пошлин, таможенных сборов, налогов осуществляется в соответствии с главой 11 настоящего Кодекса.
Если по истечении сроков, указанных в части второй или третьей пункта 3 настоящей статьи, после окончания периода поставки товары не будут перемещены через таможенную границу Евразийского экономического союза, то временная декларация на товары, в которой такие товары были заявлены, подлежит отзыву в порядке, определенном статьей 184 настоящего Кодекса.
ДГД по г. Нур-Султан
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекстің 189-бабына сәйкес тауарларға арналған уақытша декларация беру арқылы уақытша кедендік декларациялау келесі жағдайларда жол беріледі:
1) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен өткізілген;
2) тауарларға қатысты саны және (немесе) кедендік құны туралы дәл мәліметтерді ұсыну мүмкін болмайтын жағдайларда тауарларға арналған уақытша декларация беру арқылы уақытша кедендік декларациялауға жол беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде кедендік операциялар жасалатын немесе жөнелтілетін орыннан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келетін немесе әкелінетін орыннан мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес шығарылған тауарларды беру жүзеге асырылатын уақыт кезеңі күнтізбелік айдан аспауға тиіс (бұдан әрі осы бапта – беру кезеңі). Бұл ретте осы Кодекстің 375-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында немесе одан тысқары жерлерде орналасқан есепке алу құралдарын орнату орындары құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды жөнелту немесе әкелу орындары болып табылады.
Тауарларға арналған уақытша декларацияны кеден органдары беру басталғанға күнтізбелік он бес күн қалғанда ғана қабылдайды.
Тауарлар берілгеннен кейін декларант осы тармаққа сәйкес тауарларға арналған толық декларацияны беруге міндетті.
Тауарларға арналған толық декларацияны беру тауарларға арналған уақытша декларацияда мәлімделген тауарларды беру кезеңі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Декларанттың уәжді жолданымы бойынша толық декларацияны (толық декларацияларды) беру мерзімін кеден органы беруді аяқтауға қажетті, бірақ қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың іс жүзінде әкетілгенін немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға арналған толық декларация осындай тауарлардың іс жүзінде әкелінгенін растайтын құжат болып табылады.
Тауарларға арналған уақытша декларацияда тауарлардың болжамды саны, соның негізінде тауарларды өткізу жүзеге асырылатын шартта (келісімшартта) көзделген тауарлардың есептік бағасы негізінде айқындалған беру күніндегі олардың алдын ала кедендік құны туралы мәліметтерді мәлімдеуге жол беріледі. Егер көлік құралдары туралы мәліметтер уақытша кедендік декларацияны беру кезінде белгісіз болса, осындай мәліметтер уақытша кедендік декларациялау кезінде көрсетілмейді.
Өткізілген тауарлардың саны тауарларға арналған уақытша декларацияда мәлімделген саннан аспауға тиіс.
Уақытша кедендік декларациялау кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының заңнамасы, оның ішінде кедендік-тарифтік реттеу шаралары, кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері, кедендік декларациялау үшін кедендік алымдардың мөлшерлемелері, салықтардың мөлшерлемелері, кедендік әкету баждарын төлеу бойынша жеңілдіктер, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер, тыйым салулар мен шектеулер, ішкі нарықты қорғау шаралары, кеден органы тауарларға арналған уақытша декларацияны тіркеген күнге қолданыста болатын валюта бағамдары қолданылады.
Егер уақытша кедендік декларацияны беру кезінде нақты сатып алушы (алушы) айқындалмаса, онда декларант іс жүзіндегі сатып алушылардың (алушылардың) саны бойынша кейіннен бірнеше толық кедендік декларацияны ұсына отырып, бір шарт (келісімшарт) шеңберінде тауарлар беруге арналған бір уақытша кедендік декларация береді.
Кедендік баждарды, салықтарды уақытша кедендік декларацияны беру кезінде кеден органдары тауарларды шығарғанға дейін төлейді. Егер төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасы осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді нақтылау нәтижесінде көбейсе, қосымша ақы төлеу тауарларға арналған толық декларацияны берген кезде, оларды кеден органдары шығарғанға дейін жүзеге асырады. Көрсетілген жағдайда өсімпұлдар есептелмейді. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың артық немесе қате төленген сомаларын қайтару осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
Егер осы баптың 3-тармағының екінші немесе үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімдер өткен соң беру кезеңі өткен соң тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілмесе, онда осындай тауарлар мәлімделген тауарларға арналған уақытша декларация осы Кодекстің 184-бабында айқындалған тәртіппен кері қайтарып алуға жатады



