Учёт

Как обжаловать налоговую проверку

2130

Жалоба налогоплательщика (налогового агента) на уведомление о результатах проверки подается в уполномоченный орган (в Комитет государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан) в течение тридцати рабочих дней со дня, следующего за днем вручения налогоплательщику (налоговому агенту) уведомления.

При этом копия жалобы должна быть направлена налогоплательщиком (налоговым агентом) в налоговые органы, проводившие налоговую проверку и рассматривавшие возражения налогоплательщика (налогового агента) к предварительному акту налоговой проверки.

Датой подачи жалобы в уполномоченный орган в зависимости от способа подачи являются:

1) в явочном порядке – дата регистрации жалобы уполномоченным органом;

2) по почте – дата отметки о приеме почтовой или иной организацией связи.

В случае пропуска по уважительной причине срока для обжалования, этот срок по ходатайству налогоплательщика (налогового агента), подающего жалобу, может быть восстановлен уполномоченным органом, рассматривающим жалобу.

При этом уполномоченным органом в качестве уважительной причины признается временная нетрудоспособность физического лица, в отношении которого проведена налоговая проверка, а также руководителя и (или) главного бухгалтера (при его наличии) налогоплательщика (налогового агента).

Налогоплательщиком (налоговым агентом) к ходатайству о восстановлении пропущенного срока подачи жалобы должны быть приложены документ, подтверждающий период временной нетрудоспособности вышеуказанных лиц и документ, устанавливающий организационную структуру такого налогоплательщика (налогового агента).

Ходатайство налогоплательщика (налогового агента) о восстановлении пропущенного срока подачи жалобы удовлетворяется уполномоченным органом при условии, что налогоплательщиком (налоговым агентом) жалоба и ходатайство поданы не позднее десяти рабочих дней со дня окончания периода временной нетрудоспособности вышеуказанных лиц.

Жалоба налогоплательщика (налогового агента) подается в письменной форме.

В жалобе должны быть указаны:

1) наименование уполномоченного органа, в который подается жалоба;

2) фамилия, имя и отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем личность) либо полное наименование лица, подающего жалобу, его место жительства (место нахождения);

3) идентификационный номер;

4) наименование налогового органа, проводившего налоговую проверку;

5) обстоятельства, на которых лицо, подающее жалобу, основывает свои требования и доказательства, подтверждающие эти обстоятельства;

6) дата подписания жалобы налогоплательщиком (налоговым агентом);

7) перечень прилагаемых документов.

Жалоба подписывается налогоплательщиком (налоговым агентом) либо лицом, являющимся его представителем.

К жалобе прилагаются:

1) документы, подтверждающие обстоятельства, на которых налогоплательщик (налоговый агент) основывает свои требования;

2) иные документы, имеющие отношение к делу.

По жалобе налогоплательщика (налогового агента) выносится мотивированное решение в срок не более тридцати рабочих дней с даты регистрации жалобы, а по жалобам налогоплательщиков, подлежащих налоговому мониторингу, – не более сорока пяти рабочих дней с даты регистрации жалобы, за исключением случаев продления и приостановления сроков рассмотрения жалобы.

Срок рассмотрения жалобы приостанавливается в следующих случаях:

1) проведения тематической и повторной тематической проверок – на период времени с даты назначения таких проверок до даты истечения пятнадцати рабочих дней после получения уполномоченным органом акта проверки;

2) направления запроса в государственные органы, соответствующие органы иностранных государств и иные организации по вопросам, находящимся в компетенции таких органов и организаций, – на период времени с даты направления такого запроса до даты получения ответа.


ДГД по ВКО


Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау тәртібі

Салық төлеушiнің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымы салық төлеушiге (салық агентіне) хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде уәкілетті органға (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті) берiледi.

Салық төлеушi (салық агентi) шағымның көшiрмесiн салықтық тексеру жүргiзген және салық төлеушiнің (салық агентiнің) салықтық тексерудің алдын ала актісіне қарсылығын қараған салық органдарына жiберуге тиiс.

Беру тәсiлiне қарай уәкілетті органға шағымды беру күнi:

1) келу тәртібімен берілгенде – уәкілетті орган шағымды тіркеген күн;

2) пошта арқылы берілгенде – пошта немесе өзге байланыс ұйымының қабылдау туралы белгiсi қойылған күн болып табылады.

Шағымдау мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, шағымды беруші салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішхаты бойынша осы мерзімді шағымды қарайтын уәкілетті орган қалпына келтіруі мүмкін.

Бұл ретте уәкілетті орган шағымды берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру мақсатында салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған кезде) еңбекке уақытша жарамсыздығын дәлелді себеп ретінде таниды.

Салық төлеуші (салық агенті) шағымды берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатқа жоғарыда аталған адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.

Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымды берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатын, салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішхатты жоғарыда аталған адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда қанағаттандырады.

Шағымда:

1) шағым берілетін уәкілетті органның атауы;

2) шағым беретін тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);

3) сәйкестендіру нөмірі;

4) салықтық тексеру жүргізген салық органының атауы;

5) шағым беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;

6) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымға қол қойған күнi;

7) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

Шағымға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.

Шағымға:

1) салық төлеуші (салық агенті) өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;

2) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса беріледі.

Шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, салық төлеушiнiң (салық агентінің) шағымы бойыншашағым тiркелген күннен бастап отыз жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде, ал салықтық мониторингке жататын салық төлеушілердің шағымдары бойынша шағым тiркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде уәжді шешiм шығарылады.

Шағымды қарау мерзімі мынадай:

1) тақырыптық және қайталама тақырыптық тексерулер жүргізген жағдайда – тексерулер тағайындалған күннен бастап уәкілетті орган тексеру актісін алғаннан кейін он бес жұмыс күні өткен күнге дейінгі уақыт кезеңіне;

2) мемлекеттік органдарға, шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға осындай органдар мен ұйымдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша сұрау салу жіберген жағдайда – осындай сұрау салу жіберілген күннен бастап жауап алынған күнге дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.