Учёт

ДГД по г.Алматы подвёл предварительные итоги акции «Встречаем новый год без налоговых долгов»

878

Департамент государственных доходов по г. Алматы сообщает, что по результатам мероприятия «Встречаем новый год без налоговых долгов», проведённого совместно с Департаментом полиции и региональной палатой частных судебных исполнителей в период с 27 ноября по 14 декабря текущего года взыскано задолженности в бюджет в сумме 16 млн тенге.

Вместе с тем за данный период общее количество снижения задолженности по налогу на транспорт с физических лиц составило 150 млн тенге или добровольно погашено долгов 3 531 налогоплательщиком.

Вышеуказанное мероприятие по взысканию задолженности будет проводиться на постоянной основе до конца текущего года.

В связи с этим Департамент государственных доходов по г. Алматы просит погасить налоговую задолженность, не дожидаясь принятия принудительных мер взыскания, что позволит сэкономить на уплате дополнительных расходов частных судебных исполнителей.

Дополнительно сообщаем, что до конца года у налогоплательщиков есть возможность воспользоваться программой Налоговой амнистии для физических лиц по списанию пеней и штрафов, единственным условием которой является уплата основного долга по налогам. 

Департамент государственных доходов по г.Алматы

 


Алматы қаласы бойынша МКД
"Жаңа жылды салық қарыздарынсыз қарсы аламыз»
акциясының алдын ала қорытындысын шығарды 

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 27 қарашасы мен 14 желтоқсаны аралығында Полиция департаменті мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп өткізген "Жаңа жылды салық қарыздарынсыз қарсы алайық" іс-шарасының нәтижесі бойынша бюджетке 16 млн.теңге сомасында берешек өндіріп алынғанын хабарлайды.

Сонымен қатар, осы кезеңде жеке тұлғалардан көлік салығы бойынша берешектің төмендеуінің жалпы сомасы 150 млн. теңгені құрады немесе 3 531 салық төлеуші қарыздарын ерікті түрде өтеген.

Жоғарыда аталған қарыздарды өндіріп алу жөніндегі іс-шаралар ағымдағы жылдың соңына дейін тұрақты негізде жүргізілетін болады.

Осыған байланысты Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке сот орындаушыларының қосымша шығындарын үнемдеуге мүмкіндік беретін мәжбүрлеу шараларын күтпестен салық берешегін төлеуді сұрайды.

Жылдың соңына дейін салық төлеушілерде өсімақылар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық бағдарламасын пайдалану мүмкіндігі бар екенін, оның жалғыз шарты салықтар бойынша негізгі қарызды төлеу болып табылатынын қосымша хабарлаймыз. 

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті