Учёт

О преимуществах трехкомпонентной интегрированной системы рассказали в КГД

2757

Для предпринимателей, использующих Трехкомпонентную интегрированную систему (ТИС), в Казахстане действуют налоговые послабления. Какими преимуществами могут воспользоваться ИП, сообщает Учет.kz со ссылкой на Комитет государственных доходов МФ РК.

Три компонента ТИС:

1) онлайн контрольно-кассовая машина (ККМ);

2) платежный компонент (POS-терминал);

3) система учета (ERP-система).

В настоящее время в Реестр ТИС внесены 3 модели (Trinity и Trinity 1.2, Prosklad.kz). Индивидуальный предприниматель, применяющий специальный налоговый режим (CНР) на основе упрощенной декларации, может выбрать для использования каждую из них.

Статьи 82 и 683 Налогового кодекса предусматривают следующие преимущества использования ТИС:

  • сумма безналичных оборотов (оплата платежной картой), проходящих по ТИС, не включаются в оборот для постановки на учет по НДС (в пределах 114 184 МРП), а также в сумму дохода для применения СНР на основе упрощенной декларации (в пределах 70 048 МРП);
  • ТИС имеет в наличии модуль налогового учета, где отражается движение товаров, а также элементы, позволяющие сформировать налоговую отчетность, в том числе и по заработной плате наемных работников.

Таким образом, при использовании ТИС у предпринимателей при увеличении доходов не возникает беспокойства по поводу возможного превышения порогов по СНР или о необходимости постановки на учет по НДС.

Подробности о моделях ТИС можно узнать на сайтах производителей www.tis24.kz и www.prosklad.kz.

Требования к ТИС и ее учету, Правила установки и применения ТИС утверждены Приказом Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 2 сентября 2019 года № 953 «Об утверждении Требований к трехкомпонентной интегрированной системе и ее учету, Правил ее установки и применения».

Регистрация ТИС производится через Кабинет налогоплательщика.

-------------

Үш компонентті интеграцияланған жүйені (ҮИЖ) қолданатын кәсіпкерлер үшін Қазақстанда салық жеңілдіктері қарастырылған.  ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде жеке кәсіпкердің қандай артықшылықтарды қолданатыны туралы айтып берді.

ҮИЖ-нің үш компоненті бар:

1) онлайн бақылау-касса машинасы (БКМ);

2) төлем компоненті (POS-терминал);

3) есептеу жүйесі (ERP-жүйесі).

Қазіргі уақытта ҮИЖ тізіліміне 3 модель (Trinity және Trinity 1.2, Prosklad.kz) енгізілді. Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін (АСР) қолданатын жеке кәсіпкер пайдалануға олардың қай-қайсысын таңдай алады.

Салық кодексінің 82 және 683-баптарында жүйені пайдаланудың мынадай артықшылықтары көзделген:

  • ҮИЖ бойынша өтетін қолма-қол ақшасыз айналымдардың (төлем картасымен төлеу) сомасы ҚҚС бойынша есепке қою үшін айналымға (114 184 АЕК шегінде), сондай-ақ оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін табыс сомасына (70 048 АЕК шегінде) енгізілмейді;
  • ҮИЖ-де салықтық есепке алу модулі бар, онда тауарлардың қозғалысы, сондай-ақ салық есептілігін, оның ішінде жалдамалы қызметкерлердің жалақысы бойынша қалыптастыруға мүмкіндік беретін элементтер көрсетіледі.

Осылайша, ҮИЖ пайдалану кезінде табыс ұлғайған кезде кәсіпкерлерде АСР бойынша белгіленген шектердің асып кетуі немесе ҚҚС бойынша есепке қою қажеттілігі туралы алаңдаушылық туындамайды.

ҮИЖ модельдері туралы толығырақ өндірушілердің www.tis24.kz және www.prosklad.kz веб-сайттарынан білуге болады.

ҮИЖ-не және оны есепке алуға қойылатын талаптар, ҮИЖ-ін орнату және қолдану қағидалары "Үш компонентті интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығымен бекітілген.

ҮИЖ-ін тіркеу салық төлеушінің кабинеті арқылы жүргізіледі.