В рамках Дорожной карты занятости (далее – ДКЗ), утвержденной распоряжением Премьер-Министра РК от 27 марта 2020 года, в Казахстане планируется создать 255 тыс. новых рабочих мест, которые будут распределены по 6,5 тыс. инфраструктурных проектов.
Наибольшее количество рабочих мест будет создано в городе Алматы – 26 тыс., Туркестанской области – 21,9 тыс., Алматинской области – 21 тыс.
Ожидается, что не менее половины работников будут наняты через центры занятости населения. Приоритетной категорией будет являться безработная молодежь.
Реализация инфраструктурных проектов ДКЗ будет проходить по 4 основным направлениям:
– капитальный и текущий ремонты, реконструкция и строительство социально-культурных объектов (объекты образования, здравоохранения, социального обеспечения, культуры, спорта, досуга, отдыха и т.д.);
– капитальный, средний и текущий ремонты, реконструкция объектов жилищно-коммунального хозяйства (объекты водоснабжения, канализации, системы газо-, тепло-, электроснабжения);
– капитальный, средний и текущий ремонты, реконструкция, строительство инженерно-транспортной инфраструктуры (автомобильные дороги, тротуары, плотины, дамбы и мосты, каналы, водохозяйственные объекты и сооружения);
– благоустройство населенных пунктов (благоустройство дворов, освещение и озеленение улиц, парков, скверов, снос бесхозных объектов, и т.д.).
Всего на реализацию направлений ДКЗ выделено 1 трлн тенге бюджетных средств, из которых 37% (373 млрд тенге) будут направлены на строительные работы, 19% (182 млрд тенге) – на проведение капитального ремонта, 31% (308 млрд тенге) – на проведение текущего и среднего ремонта, 16% (127 млрд тенге) – на реконструкцию объектов и сооружений.
Капитальный, средний и текущий ремонты, реконструкция будут проводиться по объектам, которые находятся в республиканской либо коммунальной собственности. Отбор инфраструктурных проектов и реализацию работ будут проводить местные исполнительные органы, исходя из доведенных лимитов финансирования и наличия соответствующей документации на проведение работ.
Наибольшее количество проектов планируется реализовать в Алматинской области (977), ВКО (813), Жамбылской (690) и Карагандинской (625) областях.
После завершения проектов планируется создание 15,2 тыс. постоянных рабочих мест. Больше всего их будет создано в городе Алматы – 2 045, Алматинской области – 1 830 и Туркестанской области – 1 531.
Минтруда и соцзащиты РК
ҚР Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы өкімімен бекітілген Жұмыспен қамтудың жол картасы (бұдан әрі – ЖҚЖК) шеңберінде Қазақстанда 6,5 мың инфрақұрылымдық жоба бойынша бөлінетін 255 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Алматы қаласында жұмыс орындары ең көп құрылатын болады – 26 мың, ал Түркістан облысында – 21,9 мың, Алматы облысында – 21 мың жұмыс орны.
Қызметкерлердің кемінде жартысы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа алынады деп күтілуде. Жұмыссыз жастар басым санат болып табылады.
ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру төмендегі 4 негізгі бағыт бойынша өтеді:
– әлеуметтік-мәдени объектілерді күрделі және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, демалыс және т. б. объектілер);
– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау (сумен жабдықтау, кәріз, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелері);
– инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (автомобиль жолдары, тротуарлар, бөгеттер, дамбалар мен көпірлер, арналар, су шаруашылығы объектілері мен құрылыстары);
– елді мекендерді абаттандыру (аулаларды абаттандыру, көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру және көгалдандыру, иесіз объектілерді бұзу және т. б.).
ЖҚЖК бағыттарын жүзеге асыруға барлығы 1 трлн теңге бюджет қаражаты бөлінді, оның 37%-ы (373 млрд.теңге) құрылыс жұмыстарына, 19%-ы (182 млрд. теңге) – күрделі жөндеу жұмыстарына, 31%-ы (308 млрд. теңге) ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстарына, 16%-ы (127 млрд. теңге) нысандар мен құрылыстарды реконструкциялауға жұмсалады.
Күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау жұмыстары республикалық немесе коммуналдық меншіктегі объектілер бойынша жүргізіледі. Инфрақұрылымдық жобаларды іріктеуді және жұмыстарды іске асыруды жергілікті атқарушы органдар есептелген қаржыландыру лимиттерін және жұмыстардың тиісті құжаттамасының болуын негізге ала отырып жүзеге асырады.
Жобалардың басым бөлігін Алматы облысында (977), ШҚО (813), Жамбыл (690) және Қарағанды (625) облыстарында іске асыру жоспарлануда.
Жоба аяқталғаннан кейін 15,2 мың тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда. Олардың басым бөлігі Алматы қаласында құрылатын болады – 2 045, Алматы облысында – 1 830 және Түркістан облысында – 1 531 жұмыс орны.



