Учёт

Парикмахерские г. Нур-Султан лидируют по доходам

1189

Комитет государственных доходов МФ РК провел анализ сведений онлайн контрольно-кассовых машин, зарегистрированных за предпринимателями, осуществляющими деятельность в области предоставления услуг парикмахерскими и салонами красоты. 

Напомним, что с 4 мая текущего года в стране возобновлена деятельность парикмахерских и салонов красоты (стрижка по записи). 

По итогам только двух дней после возобновления деятельности обороты  в сфере парикмахерских услуг по стране составили 52,3 миллиона тенге, выдано более 15 тысяч чеков. Средняя выручка с одного чека составила 3,5 тысячи тенге. 

Максимальную выручку за 2 дня в сумме 1,7 млн тенге отразил  предприниматель г. Нур-Султан. 

На втором месте предприниматель г. Алматы с выручкой 1,4 млн  тенге и на третьем месте предприниматель г. Шымкент - сумма выручки 1,3 млн  тенге. 

При этом минимальная выручка составила 500 тенге в 5-ти регионах. Благодаря внедрению онлайн-ККМ, поступающие сведения о денежных расчетах позволяют проводить анализ деятельности предпринимателей до сдачи налоговой отчетности, без проведения выездных проверок. Комитет имеет сведения об адресе местонахождения  кассовых аппаратов, которыми не выбиваются чеки.  

Так, в ходе анализа установлено, что порядка 16 тысяч из 17,4 тысяч парикмахерских и салонов красоты, не возобновили деятельность либо не применяют онлайн-ККМ. Кроме того, установлены такие факты, как пробитие одного-двух чеков в конце смены. Неприменение кассовых аппаратов и невыдача чеков являются сокрытием доходов от предпринимательской деятельности, что является нарушением налогового законодательства и прав потребителей.

В ближайшее время Комитет запустит ежегодную акцию «Требуй чек — выиграй приз!», где за отправленные чеки, участники акции имеют шанс моментально получить денежные средства на баланс мобильного телефона. А в случае невыдачи чека, участники акции могут направить соответствующую жалобу через мобильное приложение, в случае подтверждения жалобы, получить гарантированные денежные средства на баланс мобильного телефона.  

Комитет государственных доходов призывает граждан проявить гражданскую активность, требуя чеки при каждой покупке товаров, работ и услуг. 

Каждый выбитый чек – это дополнительные поступления в бюджет. 

Пресс-служба
Комитета государственных доходов
Министерства финансов Республики Казахстан


Нұр-Сұлтан қаласының шаштараздары табысы бойынша алда келеді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті халыққа шаштараз және сұлулық салоны қызметін көрсету саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге тіркелген онлайн бақылау-касса машиналарының ақпараттарына талдау жүргізді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 4 мамырынан бастап елімізде шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметі (алдын-ала жазылу бойынша шаш қию) қайта жанданған болатын.

Қызметті қалпына келтірілгеннен кейінгі тек екі күннің нәтижелері бойынша елдегі шаштараз қызметі саласындағы айналым 52,3 млн. теңгені құрап, 15 мыңнан астам чек берілді. Бір чектегі орташа табыс 3,5 мың теңгені құрады.

2 күндегі 1,7 млн. теңге сомасындағы ең көп кірісті Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкері көрсетті.

Екінші орында - табысы 1,4 миллион теңгені құраған Алматы қаласының кәсіпкері, ал үшінші орында - Шымкент қаласының кәсіпкері, оның екі күндегі табысы 1,3 миллион теңгені құрады.

Бұл ретте, 5 аймақта ең төменгі табыс  - 500 теңге. Онлайн бақылау-касса машиналарын енгізудің арқасында, қолма-қол есеп айырысулар туралы келіп түскен ақпарат негізінде салықтық есептілікті тапсырмастан бұрын, кәсіпкерлердің қызметіне барып тексеру жүргізбей-ақ, талдауға мүмкіндік берілді. Комитетте чектер берілмеген бақылау-касса машиналарының орналасқан жері туралы ақпарат бар.

Осылайша, талдау барысында 17,4 мың шаштараздар мен сұлулық салондарының ішінде 16 мыңға жуығы өз қызметін әлі қалпына келтірмегені немесе онлайн БKM қолданбағандығы анықталды. Одан бөлек, ауысым соңында бір немесе екі чекті шығару сияқты фактілер де анықталды. Бақылау-касса машиналарын пайдаланбау және чектер бермеу - бұл кәсіпкерлік кірісті жасыру арқылы салық заңнамасын және тұтынушылар құқығын бұзу болып табылады.

Жақын арада Комитет жыл сайынғы «Чекті талап ет - жүлде ұтып ал!» акциясын бастайды, онда жіберілген чектері үшін акцияға қатысушылар ұялы телефонының теңгеріміне бірден ақша алуына мүмкіндігі бар. Егер чек берілмесе, акцияға қатысушылар мобильді қосымша арқылы тиісті шағымды жібере алады, егер шағым расталса, ұялы телефонның теңгеріміне кепілдендірілген ақшаны ала алады.

Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді әрбір сатып алу кезінде чектерді талап ете отырып, азаматтық белсенділік танытуға шақырады.

Әрбір берілген чек - бюджетке қосымша түсім. 

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі


Учёт Касса - Месяц обслуживания в подарок!